Негізгі бөлім 1.Швеция мемлекеті Швеция, ресми атауы — Швеция Патшалығы — Eуропада орналасқан ел. Скандинавия елдерінің бірі. Швеция Корольдігі — Солтүстік Еуропадағы Скандинавия түбегінің шығысы мен оңтүстігін алып жатқан мемлекет. Cолтүстік-батысында Норвегиямен, солтүстік-шығысында Финляндиямен шектеседі. Оңтүстік-шығысын Балтық теңізі, ал оңтүстік-батысын Эресунн бұғазы (Швецияны Даниядан бөліп тұр) мен Каттегат, Скагеррак бұғаздарының сулары шайып жатыр.
Швецияның лендерге бөлінуі Швецияның иелігіне сондай-ақ Балтық теңізіндегі Готланд пен Эланд аралдары мен бірнеше ұсақ аралдар да кіреді. Аумағы 44 9964 км2. Халқы 10,1 млн. Швецияның ұлттық құрамы негізінен бір текті. Халқының 91%-ын шведтер құрайды. Сонымен бірге финндер, саамдар, норвегтер, даттықтар тұрады. Ресми тілі — швед тілі. Дінге сенушілердің көпшілігі — лютеран шіркеуінің өкілдері, католиктер, мұсылмандар мен иудей дініндегілер де бар. Астанасы — Стокгольм қаласы. Ірі қалалары: Стокгольм, Гетеборг, Кальмар, Упсала, Мальме, Хельсингборг. Әкімшілік-аумақтық жағынан 21 ленге бөлінеді. Швеция тарихи-географиялық жағынан үшке: Геталанд, Свеаланд, Норландқа бөлінеді. Швеция — конституциялық монархия. Мемлекет басшысы — король. Жоғарғы заң шығарушы органы — бір палаталы парламент — риксдаг. Жоғарғы атқарушы органы — үкімет. Ұлттық мейрамы — швед туының Күні, 6 маусым. Ақша бірлігі — швед кронасы. БҰҰ-ның, Солтүстік кеңестің, Еуропа кеңесінің мүшесі.
2.Табиғаты Географиялық жағдайы Швеция Еуропаның Атлант мұхиты бойы аймағында, қоңыржай белдеудің солтүстік бөлігінде орналасқан. Жағалаулары негізінен онша биік емес, жартасты болып келеді. Ботния шығанағының солтүстік және оңтүстік-батыс шеттері аласа, аккумулятивті, құмдауытты жағалаулар. Оңтүстігінде, Сконе түбегінде абразивті жағалаулар басым. Солтүстік және батыс аудандарын альпілік рельеф, жоталар мен тауішілік ойыс телімдері қыраттармен үйлесіп келетін Скандинавия таулары алып жатыр. Оңтүстігінде Скандинавия тауларынан Ботния шығанағына қарай аласаратын Норланд қыраты орналасқан. Қырат терең бөлшектенген, өзен және көл аңғарлары бар. Оңтүстікке қарай Орта швед ойпаты орналасқан, мұнда көлдер көп. Мұздық рельеф формалары кең таралған. Елдің оңтүстігінде жазықтардың радиалдық жүйесімен жекелеген қырқалар мен массивтерге бөлшектенген Смоланд жоталары жатыр. Швеция Шығыс Еуропа платформасының Балтық қалқанының шегінде орналасқан.
Пайдалы қазбалар Швецияның жер қойнауы металға бай болғанымен минералдық отынға кедей. Металл кентастары кен орындары магмалық және метаморфтық жыныстардың мол қорымен байланысқан. Шөгінді жыныстардың шектеулігіне байланысты таскөмірдің, мұнай мен табиғи газдың кен орындары жоққа тән. Темір кен орындары кентас қорларының мөлшері жөнінен дүние жүзіндегі ең бай кен орындарының қатарына атады. Темір қорларының 80%-дан астамы шоғырланған негізгі аудан поляр шеңберінің арғы жағында, Лапландияда орналасқан. Түсті металдардың негізгі кен орындары Норланд үстіртінде. Бұл құрамында мыс, мырыш, қорғасын, алтын, күміс, сұр колчедан, күшәла бар кешенді сульфид кентастарының Булиден Кристинеберг аудандағы кен орны, қорғасын (Лайсвалль) мен мыс (Аитик) кен орындары.