«Көктерек орта мектеп –бақшасы» кмм педагогикалық кеңестің хаттамасы №1



бет1/5
Дата21.12.2023
өлшемі28,09 Kb.
#142342
түріСабақ
  1   2   3   4   5

«Көктерек орта мектеп –бақшасы» КММ
Педагогикалық кеңестің хаттамасы №1

КҮН ТӘРТІБІ:


1.Өткен 2021-2022 оқу жылының оқу тәрбие жұмысына талдау және 2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру, талдау


2. Оқу жоспарын бекіту
3. Мұғалімдерге оқу жүктемесінің берілуі және бекітілуі.Сабақ кестесінің бекітілуі
4. Әр түрлі мәселе
ТЫҢДАЛДЫ:
Педагогикалық кеңестің бірінші мәселесі бойынша мектеп директоры Барлыханова Найля Амирхамзановна сөз сөйледі.
Мектеп Білім беру мен тәрбие үрдісінде инновациялық қызметті енгізу арқылы білім сапасын арттыру тақырыптары аясында жұмыс жасап келеді. Осы тақырыпта оқу- тәрбие жоспары жасалынып, бекітілд. Жоспарда оқу - тәрбие жұысының әр бөлімі қамтылды. Жиналыстар өз уақытында өтіліп, хаттамалар жазылып, нақты қаулылар қабылданды.
Мектеп ұжымы 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасы Оқуағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 тамызда № 29031 болып тіркелген жалпыға бірдей мемлекеттік стандартты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығын басшылықққа ала отырып, жұмыс жасайды 10-11 сынып жаратылыстану – математика бағытында білім алады.
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2022-2023 оқу жылындағы ерекшеліктері: Білім алушылардың оқу жүктемесін азайту, 1-сыныптарға «Әліппе» және «Ана тілі» пәндері оқытылады, «Шетел тілі» және «Орыс тілі» пәндері оқытылмайды, «Көркем еңбек» пәні екі пәнге бөлінді: «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндерін енгізу. Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру. Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізуді жетілдіру. Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныпта – 35 оқу аптасын, 2-11 сыныптарда 36 оқу аптасын, Оқу мерзімін 31 мамырға дейін ұзарту. Міндетті формативті бағалау.Сабақ ұзақтығы – 45 минут. Бірінші сыныптардың оқу сабақтарының режимі: қыркүйекте – күніне 35 минуттан үш сабақ, қазан айынан бастап Санитариялық қағидаларға сәйкес көз шынықтыру жаттығулары мен гимнастикаларын жасай отырып 45 минуттан өткізіледі 5-сыныптан 11-сыныптар аралығында «Жаһандық құзыреттіліктер» таңдау курсын немесе басқа курстарды енгізу.Мектептердің таңдауы бойынша «Музыка» оқу бағдарламасының шеңберінде оқыту қазақ тілінде жүргізілетін 6-сыныпта домбыра тартуды үйрету. Оқытудың әртүрлі форматтарына (дәстүрлі, аралас, қашықтан) мектептердің дайындығын қамтамасыз ету.Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды бағалау.Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға оқу бағдарламаларын бейімдеу.Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға тиімді психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. 2022-2023 оқу жылында мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (Қазақстан Республикасы Білім беру министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы) сәйкес білім беру ұйымдарында сыныпты екі топқа бөлу Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес 24 және одан да көп білім алушы болғанда: 1) «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптардағы; 2) шетел тілдері; 3) көркем еңбек; 4) информатика екіге бөлініп оқытылады. Жазғы мектеп орта білім беру ұйымдарының базасында ата-аналардың /заңды өкілдердің өтініші бойынша барлық тілек білдірген білім алушылар үшін, тегін ұйымдастырылады және Жазғы мектепте оқыту 1-8, 10-сыныптардың білім алушылары үшін ұйымдастырылады.
«Жаһандық құзыреттіліктер» курсы бойынша оқу жүктемесінің көлемі (5-8 сыныптарда аптасына 0,5 сағат, жылына -18 сағат, 9 сыныпта аптасына 1 сағат, жылына – 36 сағат «Жаhандық құзыреттіліктер» оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
- 10-11-сыныптарда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» жатады.
Әдістемелік нұсқау хатта барлық пәндердің жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау сағат сандары көрсетілген.

Екінші мәселе бойынша оқу ісінің меңгерушісі Садвакасова Нурсулу Сериковна сөз алды:


Мектептің білім беру бағыты - жаратылыстану-математика.Мектеп алды даярлық сыныбы «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығы. Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі балаларды патриоттық рухта, өз жеріне деген сүйіспеншілікке, өзінің кіші Отанына деген адалдыққа, табиғатқа, жануарларға ұқыпты қарауға тәрбиелеу болып табылады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының міндеттерін іске асыру мақсатында мектеп жасына дейінгі балаларда ұлттық салт-дәстүрлер мен жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының жобаларын ескере отырып, атааналардың жауапкершілігін арттыру және тәрбие процесіне белсенді тарту бойынша жұмыс жалғастырылады. Баланы жақсылық жасауға баулитын, рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейтін негізгі орта-отбасы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балаларда 4К моделі бойынша негізгі құзыреттерді қалыптастыру «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық» және «Әлеумет» білім беру салаларында жүзеге асырылатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет