Бөж пәні: Мәдениеттану Тобы


Ағартушылық ғасырының мәдениеті (XVIII ғасыр)



бет2/6
Дата11.12.2023
өлшемі102,3 Kb.
#137529
1   2   3   4   5   6
2.Ағартушылық ғасырының мәдениеті (XVIII ғасыр)
XVIII ғасырдағы Еуропалық мәдениет — XVII ғасырдағы мәдениетінің заңды жалғасы болумен қатар, өзінің түрі, мазмұны және мәні жағынан ерекше мәдениет. XVII ғасыр рационализмнің қалыптасу кезеңі болса, ал XVIII ғасыр Ағартушылық ғасырына айналды. Бұл дәуірдің ұлы ағартушы — гуманистері: Вольтер мен Руссо (Франция), Гете мен Шиллер (Германия), Юм (Англия), Ломоносов пен Радищев (Ресей) және т.б. адамзат баласының теңдігін батыл қолдап, құлдық пен деспотизмге қарсы бітіспес күреске шақырды. Қоғамдық сананың жаңа сатыға көтерілуі, протестанизм идеяларының кеңінен таралуы, жаратылыстану ғылымдарының қарқынды дамуы, ғылымға бұрын-соңды болып көрмеген қызығушылықтың пайда болуы және т.б. — осылардың бәрі де жаңа ғасырға тән белгілер еді. XVIII ғасыр құдайға, қоғамға, мемлекетке, тіпті адамның өзіне деген көзқарастар өзгеріп, жаңа арнаға түсті.
XVIII ғасырдағы Франция мемлекеті Еуропаның рухани өмірінің негізгі ошағына айналды. Француз халқының философиясында, әдебиетінде, өнерінде және т.б. жаңа леп, соны бағытгар аңғарыла бастады. Осы уақытқа дейін ездерін Францияның қарсыласымыз деп есептеп келген Испания, Германия, Польша, Ресей, кіші Англия сияқты өркениетгі елдер француз мәдениетін мойындауға мәжбүр болды. Қоғамдық өмірдің қарама-қайшылықтары шиеленіскен Францияда «ағартушылық идеологиясы» 1789—1793 жылдары ұлы француз революциясының, ал одан кейін бүкіл Еуропаны жайлаған реформаторлық қозғалыстың теориялық және рухани алғышарттарына айналды. Шындығын айтсақ, бүгінгі заманның ең өркениетті елдерінің бірі Америка Құрама Штаттары да «ағартушылық идеяларының» негізінде қалыптасып, іргелі мемлекетке айналды.
Франциядағы саяси революция, АҚШ-тағы тәуелсіздік жолындағы күрес және Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі Реформация кезеңінен басталып, ұзаққа созылған жалпы Еуропалық дамудың тарихи қорытындысын шығарды. Ол қорытынды — қоғамның жаңа түрі — «өнеркәсіп өркениетінің» қалыптасуы болды. Бұл кезеңде феодалдық қоғам мен шаруашылықтың натуралдық жүйесі ғана емес, сол қоғамға лайықталып қалыптасқан қоғамдық сана да күйзеліске ұшырады. Моральдық кризис қоғамдағы білімді адамдарды да қамтыды. Қоғамда өз орнын таба алмаушылар санының көбеюіне, халықтың қараңғылығы мен сауатсыздығына, халықтың қайыршылығы мен құқықсыздығына, қала люпендерінің азғындауына қарсы тұрар күш — мәдениет болды. Ол қоғамда жасампаздық пен шығармашылық рөл атқарды. Ал мәдениеттің өркендеп дамуы қоғамдық-саяси және әлеуметтік өзгерістерге тікелей байланысты болды. Өндіріс саласында, қоғамның базистік құрылымында мануфактурадан күрделі технологияға көшу, шикізаттың жаңа түрлері мен энергия көздерін игеру және т.б. шаралар жүзеге асырылды. Ғылым саласында, бұрын механика-математика сияқты ғылым салалары үстемдік еткен болса, енді оның қатарына физика, география, биология және т.б. ғылымдар қосылды. Ендігі жерде табиғатта, қоғамда болып жатқан түбегейлі өзгерістер ғалымдар назарынан тыс қалмады. Қоғамдық ғылымдар саласында, әсіресе философия ерекше белсенділік танытты. Философтар қоғамдық өмірге сын көзбен қарап, терең философиялық пайымдаулар жасады. Олардың сынының негізгі объектісі — қоғамдық (мемлекеттік) құрылыс және сол құрылыстың идеологиясы — дін болды. Әлеуметтік қайшылықтар бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде шиеленісіп, таптық қайшылықтар асқынған Францияда дінді (католиктік) сынау радикалдық, атеистік тұрғыдан жүргізілді. ГольЙоганн Себастиан Бахтың пікірінше, дін — барып тұрған өтірік пен сандырақ, сондықтан дінді жоймайынша феодалдардың деспотизмінен құтылып, зорлық-зомбылықты жою мүмкін емес. Ағылшын философы Юм мен неміс философы Канттың көзқарастары мұндай рационализмнен алшақ болғандығына қарамастан, олар да феодалдық идеологияны қатал сынға алды. Олар қоғамдық мораль мен адам тұлғасы діннен тәуелсіз болу керек деп жариялады.
Революция отаны Францияда да Ағартушылық идеялары біртектес болған жоқ, олар реформизмнен (XVIII ғасырдың бірінші жартысы) бастап, ашық революциялық қимылдарға (XVIII ғасырдың 60— 80 жылдарында) дейін нағыз эволюцияны басынан кешірді. Еғер ағартушылардың аға буынының өкілдері — Монтескье мен Вольтер конституциялық-монархиялық құрылыс орныққан көршілес Англияның үлгісімен феодалдық ағымды біртіндеп буржуазия- ландыру идеясын ұсынса, феодалдық құрылысқа жан-тәнімен қарсы келесі ұрпақтың өкілдері — Д. Дидро (1713—1784). К. Гельвеций (1715-1771), П. ГольЙоганн Себастиан Бах (1723-1789) басқаша көңіл-күйде болды. Олар помещиктік меншік пен сословиелік артықшылықтарды мүлде жойып, деспоттық өкіметті құлатуға шақырды.
XVIII ғасырдың ортасына қарай Еуропаның ірі мемлекеттерінде король өкіметі феодалдық үстемдікке қарсы күресте «үшінші сословиены» өзінің одақтасы деп санамады, ал оның есесіне король өкіметі шіркеумен және дворяндармен ынтымақтастығын одан әрі нығайтып, оларды осы бір тарихи кезеңде өзіне одақтас етті. Ескі қоғамның барлық саяси күштері бұрынғы алауыздықтарын уақытша болса да ұмытып, халық толқуларына күресте бірігіп күш көрсетті. Өз халқына қарсы бітіспес соғыс жариялаған абсолютті режимнің тағылық әрекеттері мәдениет саласына да ойысты. Қоғамға жат пиғылда жазылды деп танылған еңбектер отқа жағылды, ал ол еңбектердің авторлары түрмеге қамалды. Бірақ еркіндік пен бостандық рухына қарсы небір сұрқия шаралар қолданылса да, ол өз шарасынан төгіліп жатты. Өйткені, заманның рухы, оның тынысы мәдениет пен өнердің барлық салаларында да кеңінен көрініс тапты. Йоганн Себастиан Бах, Гете, Моцарт, Свифт және т.б. дарын иелері сол бір қилы заманда туындаған творчестволық шабыт иелері болды. Олар өз замандастарымен де, болашақ ұрпақтың өкілдерімен де «Мәңгілік өнер» тілімен тілдесті, олардың шығармаларының халық жүрегінен терең орын тапқаны соншалық, бұл ұлы туындыларды өнердегі қалыптасқан «стильдер» қатарына жатқызуға болмайтын сияқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет