Бөж пәні: Мәдениеттану Тобы



бет6/6
Дата11.12.2023
өлшемі102,3 Kb.
#137529
1   2   3   4   5   6
6.Қорытынды
Осы орайда мәдениеттің әр саласындагы өзгерістерді бір елден бір елге жайдан-жай көшіре салуға болмайтындығын ескере кеткен жөн. Оған дәлел ретінде басқа елдерді қойғанда, қазақ халқының кеңес дөуіріндегі мәдениетінің тағдырын айтсақ та жеткілікті сияқты. Мәдениеттің, не өмірдің белгілі бір саласының элементін механикалық көшіре салу ешбір нәтиже бермейді. Сөзіміз дөлелді болу үшін нақты мысал келтірейік. Жапонияда өнімнің сапалылығы жолындағы күреске жұмысшыларды кеңінен тарту мақсатында арнайы «сапа үйірмелері» ұйымдастырылды. Ерекше атап өтетін жайт, бұл қозғалыс жапон халқының мәдени-психологиялық құндылықтарына негізделген болатын, өйткені жапондықтар екі моральдық-құндылықтар-ризашылық парызы мен адалдық парызының рухьшда бала кезінен-ақ тәрбиеленген. Ӏс-әрекеттің осындай ұлттық-мәдени стериотиптің ықпалымен жапондық жұмысшы өз күшіне сенеді, бос уақытын да аямайды. 70-і жылдары дөл осындай «сапа үйірмелері» АҚШ-та пайда бола бастады. Бірнеше жылдардан соң бұлар 230 американ компанияларында өз жұмыстарын жүргізе бастады. Бірақ, өкінішке орай, олардың 8 ғана жоғары дәрежеге жетіп, қалғандары айтарлықтай табысқа ие бола алмай қалды. Осы бір шағын мысалдың өзі-ақ жоғарыда айтылған ойымызды айқындай түссе керек. Американдықтардың индивидуализмі мен кәсіпкерлік рухының тамыры сол елдің өткен тарихында, оның күрделі этникалық және географиялық құрылымында жатыр. Еңбек сүйгіш неміс халқы мен оның экономикалық жетістіктерін неміс мемлекетінің тарихын білмей тұрып, ол халықтың өзіндік ұлттық қасиеттерін ескермей еш уақытта түсінуге болмайды. Мысалы, Қытай мәдениетіне оптимистік дүниетаным, өмір мен өлімге табиғи тұрғыдан қарау тән. Адамдар жер бетінде тіршілік етеді, ондағы тірілер мен өлілер өзара тығыз байланыста. Бүл барлығы үшін ортақ дүние, ортақ тылсым. Бұл — философиялық даналық. Қытай халқының салт-дәстүрлерінде, наным-сенімдерінде кеңінен көрініс тапқан Еуропалықтарды таң қалдырған қатты ауруға шалдыққан адамға сыйға табыт тарту дәстүрі — ауырған адамға құрмет көрсету мен оған деген шынайы сезім белгісі болып табылады, өйткені өліп бара жатқан адам алые сапарға шығып бара жатқан жолаушымен пара-пар. Еуропалық мәдениеттегі батыл қадамдармен қайта жаңғыртушылар, түбегейлі өзгерістер бір жағынан прогресті тығырыққа тіреді. XX ғасырдың ұлы ойшылы А. Швейцер технократтық мәдениеттен бас тартып, дамудың ең жоғарғы сатысына көшу қажеттігі туралы ойға келді. XX ғасырдың дүбірлі оғиғалары, қантөгіс қырғиқабақ соғыстар, экологиялық апаттар және т.б. негізінде ғылым «технократизм мен технократтық ғылым» — мәдениетті идеялардың құрбандығына, рухани жөне сезімдік ақыл-ой қысымына, жалпы мәдениеттің тоқырауына өкелді деген қортындыға келді. Ұлы ойшыл жаңа жалпы адамзаттық мәдениеттің тағдыры үшін «өмірді қастерлеу» принципін ұсынды. Бұл принцип — мәдениетті дамытудың үлгісінен жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген мүлде жаңаша даму бағытына көшуге меңзейді. Ал бұл жол ізгілік жолы, адамдарды жарқын болашаққа апарар даналық жолы.
7.Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8

  2. (Драч Г.В. Культурология. — Ростов-н/Д., 1995. — С. 308)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет