Бөж пәні: «Тәуелсіздік дәуір әдебиеті» Тақырыбы:«Қазіргі прозадағы постмодернизм



Дата20.10.2023
өлшемі137,05 Kb.
#119837
Байланысты:
ПрозаДокумент Microsoft Word


Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Филология факультеті

БӨЖ


Пәні: «Тәуелсіздік дәуір әдебиеті»
Тақырыбы:« Қазіргі прозадағы постмодернизм»

Орындаған: Мерей Асылханова ФҚӘ-012
Оқытушы: Досбол Ислам

Қазіргі прозадағы постмодернизм
ХХІ ғасырдағы қазақстан әдебиеті рухани жаңғыру дәуірін бастан өткеруде. Қоғамның рухани әлеміне ықпал еткен саяси, экономикалық, әлеуметтік өзгерістер нәтижесінде ұлт өмірінде елеулі өзгерістер орын алды. Ширек ғасырда өмірге, әдеби-мәдени құндылықтарға деген көзқарастар түбегейлі өзгеріп, заманауи ұлттық парадигма қалыптасып үлгерді. Қоршаған орта туралы түсінік те жаңарды. Осылайша, тәуелсіздік алғаннан кейінгі орын алған тарихи-әлеуметтік өзгерістер жазушылардың дүниетанымына әсер етіп, замандастың көркем образы арқылы бейнелене бастады. Кеңестік кезеңдегі саяси идеологиялық қыспақ келмеске кетіп, тәуелсіздікке дейінгі реалистік, романтикалық сипаттағы әдебиет модернизм және постмодернизм философиясымен түрленіп, көркемдік кеңістігін кеңейтті.
Ұлттық сөз өнері өрісінде ширек ғасырға жуық көрініс тауып, көркем-әдеби бағыт ретінде танылған постмодернизм қазақ прозасына көптеген тың тәсілдік, түрлік, мазмұндық, стильдік және құрылымдық өзгерістер алып келді. Қоғам, сана өзгерген тұста әдебиет те, оларға қойылар талап та, оны таныту шаралары да жаңартылуы заңдылық. Отандық әдебиетте постмодернистік дүние қабылдау Д.Амантай, А.Жақсылықов, Д.Нақыпов, Т.Әсемқұлов, Ж.Қорғасбек, Ә.Байбол, М.Қосын т.б. авторлардың шығармашылығында көрініс тапты. Аталған авторлардың шығармалары қазіргі әлемдік тарихи-мәдени үдерістегі жаңа үрдістер (тенденциялар) мен бағыттар мәнмәтінінде жиі талқыланады. Көркем әдебиеттегі постмодернизмнің көрінісі, әдебиеттанушылардың жіті назарын аударып отырған тақырып.
Гуманитарлық саладағы ғалымдар тарапынан осы тақырып төңірегіндегі қызу пікірталас әлі толастаған жоқ. Осы орайда итальяндық семиотик және постструктуралист Умберто Эко «әрбір көркемдік дәуірдің өз постмодернизмі бар» десе, ал американдық әдебиеттанушы Ихаб Хасан постмодернизмнің 11 қасиетін анықтап берген: белгісіздік, фрагменттілік, ережелерден бас тарту, «Меннің» жоғалуы, ирреализм, ирония, гибридтену, карнавалдылық, құрастырмалылық, ойын, т.б. Әдебиетші ғалым Д.Затонский болса «Постмодернизм в историческом интерьере (Вопросы литературы. 1996, № 3) деген мақаласында: «...Все эти признаки я бы назвал демонтирующими. Кроме того, объединяет их еще и некая активная несамостоятельность. Ведь ни ирония, ни самоирония, ни пародия, ни самопародия не распологают к созданию. И еще менее располагает к нему готовность все ставить под сомнение и в то же время способность подрожать всему сомнительному», – деп, осы аталған сипаттардың бәрін шығарманың көркемдік тұтастығын жоюшылар ретінде қатты сынға алады. «Сондықтан да болар постмодернистік туынды шынында да белгілі бір ойын ретінде қабылданады», – деп тұжырым жасайды әдебиетші ғалым А.Ісімақова «Бүгінгі постмодернизм» атты мақаласында («Қазақ әдебиеттануы». – А., «Елтаным» баспасы, 2015. – 267-б.). Осыған байланысты тәуелсіздік тұсында өріс алған постмодернистік шығармаларды бейклассикалық ғылым өкілдері енгізген талдау жүйесімен теориялық тұрғыдан зерттеу қазіргі ғылымның өзекті мәселелерінің бірі.
Әлемдік және қазақ әдебиеті мәнмәтінінде кеңінен зерттеліп жүрген постмодернизмнің поэтикасы, ондағы көркем категориялардың қызметі мен олардың мазмұндық, түрлік, стильдік, құрылымдық ерекшеліктері шетелдік қана емес, отандық зерттеушілер тарапынан да кеңінен зерттеліп келеді. Отандық әдебиеттануда бұл мәселе Л.В. Сафронованың еңбектерінде арнайы қарастырылған. Оның «Автор и герой в постмодернисткой прозе» деген тақырыпта қорғалған докторлық диссертациясында қазіргі постмодернистік прозадағы автор мен кейіпкер категориялары ғылыми мәселе ретінде қарастырылған. «Постмодерниская литература и современное литературоведение Казахстана» (Учебное пособие. Алматы; КазНПУ им Абая, 2006. – 96 с.) деген оқулығында зерттеуші Х.Әдібаевтың «Созвездие близнецов», А.Жақсылықовтың «Другой океан» романдарын орыс қаламгерлерінің шығармаларымен салыстыра отырып, қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыттар мен ағымдарды, көркемдік құбылыстарды сараптайды. Сондай-ақ осы тақырыпқа А.К. Ишанова «Типология литературной игры. От барокко до постмодернизма» атты монографиясында, Г.А. Шарипова «Интертекстуальное пространство литературы» (Диалоги русской литературы ХІХ-начала ХХ вв. и казахской литературы ХХ в.)», А.А. Джундубаева «Нарративные стратегии в постмодернистской прозе» атты диссертациялық жұмыстарында арнайы тоқталады. Ал, постмодернизм поэтикасындағы көркемдік тұтастық мәселелері мен ирониялық таным категорияларын қазақ әдебиеті мысалында қарастыру, постмодернизмді және оның қаламгерлер шығармашылығында көрініс беру формаларын зерделеу осы зерттеудің маңыздылығын білдіреді.
Жаңа тенденциялардың көрінісі қазіргі прозалық шығармалардың құрылымдық және мазмұндық деңгейінде байқалатындығына А.Жақсылықов, Т.Әсемқұлов, Д.Амантай, Ж.Қорғасбек, Д.Нақыпов, А.Байбол, М.Қосын т.б. туындылары дәлел бола алады. Зерттеушілер тарапынан қазіргі қазақ жазушыларының романдары, повестері, әңгімелеріндегі аса ерекше формалар аталып өтіліп, отандық әдебиеттануда бұл шығармалардағы мазмұндық, түрлік жаңашылдықтары әрдайым түрлі сыни пікірлер тудырып отыратын. Зерттеуде жоғарыда келтірілген жаңашылдықтар постмодернистік мәтіндердегі симулякр, метапроза, ирония, интертекстуалдылық мәселелері А.Жақсылықов, Д.Амантай, Т.Әсемқұлов, Д.Нақыпов, Ж.Қорғасбек, М.Қосын, Ә.Байболдардың шығармаларындағы автордың «Меніне» күмәнмен қарау, автордан мәтінді жоғары қою (Р.Барт «Смерть автора», М.Фуко «Что такое автор»), аласапыран (хаос) дүниеден мән-мағына іздеуден бас тарту және мән-мағына іздеуге пародия жасау, шығарманы ойын түрінде беру сынды пішіндік, құрылымдық жаңашылдықтар, яғни әр қаламгердің өзіндік өрнегі постмодернизмнің басты тұжырымдарымен үндесе, ұштастырыла қарастырылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Зерттеу нысаны болып отырған тәуелсіздік кезеңдегі постмодернистік прозаның поэтикасына тікелей қатысты категориялардың, көркемдік-эстетикалық құндылықтардың, постмодернизмдегі шығармашылық еркіндік пен әлемдік әдебиеттегі тәжірибелердің қазақ прозасында көрініс табуы, қазақстандық авторлардың жазудың жаңа құралдарын, амал-тәсілдерін, қалыптарын (формаларын), ерекше көркемдік жүйелерді меңгеруіне ықпал етуі зерттеу бағытының да жаңа деңгейге көтерілуін және зерттеудің жаңа әдістемелік базасын қалыптастыруын талап етуі зерттеу тақырыбының өзектілігін танытады. Диссертациялық жұмыста соңғы кездері баспасөз бетінде көп айтылып жүрген қазақ әдебиетіндегі тартысты мәселе ғылыми теориялық тұрғыдан қорытындылау негізінде зерттеледі. Ширек ғасырды қамтитын тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің көркемдік ахуалы мен жас авторлар туындылары жаңаша көзқарас тұрғысынан талданады. Бұл тақырып қазақстандық орыс тілді зерттеушілер тарапынан біршама қарастырылған да болатын. Жұмыстың басты құндылығы ретінде отандық әдебиеттануда
ХХІ ғасырдағы плюралистік таным мен постмодернистік мәдениет мәселелері қазіргі қазақ қаламгерлерінің шығармалары негізінде терең зерттеуге нысан болып отырғандығын айтуға болады. Бұған қоса, постмодернизмге тән көркемдік категориялар арқылы еліміздің ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы мәдениетінде елеулі орны бар авторлардың прозасына ғылыми-теориялық зерттеулер жасалады. Қазіргі әдеби үдерістегі жаңашылдақтар анықталады. Мазмұндық, құрылымдық өзгерістер әлемдік әдеби тәжірибелермен салыстырыла отырып, нақты мәтіндермен дәлелденіп, ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы әдебиет дамуындағы негізгі бағыт-бағдарлар айқындалады. Зерттеу нысаны ретінде А.Жақсылықовтың «Ант ұрғандардың түстері» («Сны окаянных»), Д.Нақыповтың «От орны» («Круг пепла»), Д.Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романдары, Т.Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы» повесі, Ж.Қорғасбектің «Жаконданың жанары» және «Өлмейтін құс», Ә.Байболдың «Ормандағы жиын», М.Қосынның «Төстіктің қателігі», «Буве аралы», «Нерд» әңгімелері таңдалып алынды. Зерттеу пәні ретінде қазіргі қазақ прозасында көрініс тапқан постмодернизмнің көркемдік категориялары алынды.
Зерттеу жұмысының мақсаты – қазіргі қазақ прозасында постмодернизмнің көрініс беру ерекшелігін зерттеп, оның отандық әдебиетке ықпалын анықтау. Диссертация жұмысының мақсатына жету үшін мынандай міндеттер қойылды: - тәуелсіздік жылдардағы қазақ прозасында жаңашыл бағытбағдарымен танылған постмодернист-жазушылардың (Д.Амантай, Д.Нақыпов, Ж.Қорғасбек, А.Жақсылықов, Т.Әсемқұлов, М.Қосын, Ә.Байболдардың) шығармаларындағы мазмұндық, құрылымдық, стильдік ізденістеріне терең, жан-жақты талдау жасау; - Батыс Еуропа әдебиетіндегі постмодернизм бағыты өкілдерінің шығармаларындағы жаңалықтар мен саналы түрде жүргізілген әдеби сынақтардың қазақ қаламгерлерінің шығармаларына жасаған ықпалын олардың прозаларын салғастыра талдау арқылы зерттеу; - қазіргі постмодернистік прозадағы интертекст пен симулякрдің пайдаланылу тәжірибелеріне талдау жасай отырып, поэтикалық табиғатын анықтау және саралау; - мәтін тұтастығына жасалған ирония немесе қайта құрылымдаудың (деконструкция) түрлерін анықтап, метапрозаның өзіндік ерекшеліктерін айқындау мақсатында қазақ қаламгерлері шығармашылығын салыстыра зерттеу; - постмодернистік мәтіндерде ақиқатты, тұжырымдамаларды және идеялық-эстетикалық жүйелерді, моральдық-этикалық құндылықтарды ирониялық тұрғыда қабылдаудың жүзеге асырылу ерекшеліктерін анықтау; - ХХІ ғасырдағы постмодернизмнің көркемдік-эстетикалық құндылықтар жүйесіндегі қазақ прозасының орны мен рөлін анықтау.
Постмодернизм бағытының қазақ әдебиетіндегі көрінісін, поэтикалық элементтерінің қолдану ерекшеліктерін зерттеу барысында тарихи-салыстырмалылық әдісі, интертекстуалдылық, құрылымдық, семиотикалық, герменевтикалық талдау әдістері ғылыми басшылыққа алынды. Диссертациялық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері ретінде Аристотель, Платон сынды антикалық философтар мен М.О. Әуезов, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, З.Ахметов, З.Қабдолов, А.Н. Веселовский, М.М. Бахтин, В.Е. Хализев, В.И. Тюпа, Д.М.Сегал, Ф.Лиотар, И.Ильин, В.Н. Курицын, Д.Затонский, М.Н. Липовецкий, У.Эко, Ю.Кристева, Р.Барт, А.Н. Безруков, Н.Пьеге-Гро, Ж.Бодрийар, Ж.Делез, Н.Б. Маньковская, И.С. Скоропанова, П.Во, Д.Фоккема, Б.Қ. Майтанов, Л.В. Сафронова, А.С. Ісімақова, Г.Ж. Пірәлі, В.Савельева, А.Б. Темірболат, Т.У. Есембеков, А.Кемпинский, А.Грицанов, В.П. Руднев т.б. сынды белгілі ғалымдардың еңбектеріне сүйендік.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы ретінде қазіргі қазақ қаламгерлері прозасына постмодернизм философиясы мен эстетикасы тұрғысынан тұңғыш рет терең әрі кешенді талдау жасалатындығын атай аламыз. Зерттеуде Д.Амантай, Т.Әсемқұлов, М.Қосын, Ә.Байбол, Ж.Қорғасбек шығармашылықтарындағы көркемдік шеберліктің жаңа қырларын, сондай-ақ олардың дара-авторлық қолтаңбаларын анықтауға, рухани ізденістері мен шығармашылық тәжірибелерінің сырына қанығуға жол ашатын интертекст пен симулякр қызметінің өзіндік ерекшеліктері анықталады. Постмодернистік мәтіндерде ақиқатты, тұжырымдамаларды және идеялық-эстетикалық жүйелерді, моральдық-этикалық құндылықтарды ирониялық тұрғыда қабылдаудың ерекшеліктері А.Жақсылықов, Д.Нақыпов, Д.Амантай шығармалары негізінде алғаш рет зерттеліп, жүйеленді. Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы.
Зерттеу жұмысының нәтижелері қазіргі қазақ әдебиетін және оның даму заңдылықтары мен үрдістерін, постмодернизм мәселелері мен олардың отандық әдебиеттегі көрінісін зерттеуде дәйекші дереккөз бола алады. Сонымен қатар орта, арнайы, жоғары мектептерде, жоғарғы оқу орындарында өтілетін «Қазіргі қазақ әдебиеті», «Әдебиет теориясы», «Әдебиет поэтикасы» сияқты арнаулы курстар мен семинарларда оқу материалы ретінде пайдалануға болады. Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар. Зерттеу нәтижесінде мынадай тұжырымдарды қорғауға ұсынамыз: - постмодернизм – танымға қарай өзгермелі эстетикалық, философиялық ғылыми-теориялық тұжырымдамалардың жиынтығынан тұратын бағыт; - әлемдік әдеби үдерістің бір бөлшегі ретінде қазіргі қазақ прозасындағы постмодернизм мәдениеттер тоғысында орын алған құбылыстарды көркем әдебиетте плюралистік сана арқылы қайта пайымдауға негізделген тенденциялық сипатқа ие; - қазіргі қазақ прозасындағы постмодернизм Батыс Еуропа, АҚШ, Ресей авторлары прозасынан өзіндік сипаттарымен ерекшеленеді. Қазақстанда саяси жүйенің ауысып, демократиялық қоғамның құрылуына байланысты прозадағы постмодернизм әлеуметтік-мәдени, идеологиялық, моральдық қайшылықтарға бағытталып, формалық жағынан тәжірибеге негізделді; - қазақ прозасындағы постмодернизм формалық ізденістерге негізделетіндіктен, көп жағдайда жазушылар шығармаларында авторлық позициядан бас тарта алмаған; - қазіргі отандық прозадағы көркемдік тұтастықтың бұзылуына себепші интертекст, симулякр сынды постмодернизм категориялары оқырманмен ойын мақсатында пайдаланылып, «автордың өлімі», бинарлық оппозицияға қарсылық тұжырымдамаларымен ұштастырыла қолданылған. Мұндағы интертекст автор-мәтін-оқырман үштігіне құрылған; - қазақ жазушыларының шығармаларында постмодернизм мәтін тұтастығына (деконструкция), үлкен идеяларға, иерархияға, этикаға, моральдық құндылықтарға негізделген классикалық шығарманың мақсаты мен мазмұнына жасалған ирония арқылы көрініс тапты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет