Өзін - өзі тану - мақсаттар қою және оларға жетуге ұмтылу, өз әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндігі.
Оптимизм - қиын жағдайларда да үміт пен оң көзқарасты сақтау қабілеті.
Бақыт / әл - ауқат - өзін, басқаларды және жалпы өмірді қанағаттандыру қабілеті.
Тұлғаның эмоционалдық дамуы субъектінің іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы қоршаған адамдармен қарым-қатынасының сипатына, мінез-құлық ережелерін меңгеруіне байланысты. Кеп жағдайда эмоция мен сезім синоним ретінде қолданылады. Сезім - тұлға қасиеті, ал эмоция сезімнің көріну үрдісі деп қарастырылады. Сезімнің негізгі көзі адамның іс-әрекеттері. Адамның сезімдері бағыты, тереңдігі, тұрақтылығы және әсерлілігі жағынан әртүрлі болып келеді. Эмоция қалпындағы сезімдерді бастан кешіру азды-көпті байқалатын сыртқы көріністермен (бет-әлпет кейпі, т.б.) қатар жүреді. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттіліктеріне сәйкес келу-келмеуіне байланысты пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім деп атайды.
Эмоциялық интеллектіңізді дамыту үшін өзін-өзі қабылдау және өзін- өзі басқару дағдыларын дамыту қажет.
Эмоциялық сана - сезім - адамның эмоциясы мен мотивациясын дұрыс түсіну, әлсіз және күшті жақтарын бағалау, мақсаттар мен өмірлік құндылықтарды анықтау қабілеті. Мысалы: адамдар жоғары эмоциялық санасымен өзінің ішкі сезімдеріне және өз сезімдерінің өзінің психологиялық жағдайы және жұмыс көрсеткіштеріне құлақ асады. Эмоционалдық сана -сезімі дамыған адамдар жиі әділ және өз сезімдері туралы ашық айтуға қабілетті және өз идеалына сенетін болады. Өз сезімдерін жақсы білетін адамдар көбінесе көшбасшы бола алады, өйткені олар өз сезімдеріне сенім артып, қиын шешімдер қабылдай алады.
Өзін - өзі басқару - эмоциялық интеллекттің екінші негізгі компоненті. Бұл кез - келген жағдайда өзіңізді бақылап, эмоционалдық тепе - теңдікті сақтауға үйретеді, қорқыныш, ашу - ыза немесе аландаушылық ойлаудың анықтығына кедергі келтірмейді және соққыларға жол бермейді.