Қорытынды
Қорыта айтқанда, сөз етіп отырған дәуірлердегі әдебиет үлгілерінің тілін құрылымдық қабаттарға қарай толық сипаттау мүмкін емес. Әсіресе олардың фонетикалық күй-қалпын беруге мүлде болмайды. Бұл үлгілердің хатқа түспей , ауызша сақталып, бізге ауызша жеткендігі “кінәлі”. Бұлардың тілінің грамматикалық құрылысын да дәл сол үлгілер туған кездегі күйінде суреттеу қиын,олар да азды-көпті өзгеріске ұшыраған.Тілдің құрылымдық бөліктерінің ішінде өзгеріске көп ұшырайтыны да, көненің көзін көбірек сақтайтыны да лексика саласы. Жоғарыда көрсетілгендей,XV-XVI ғасырларда жасап өткен қалам иелері ноғайлы-қазақ жұрттарына ортақ болғандықтан,мұнда ноғайылылық тілдік элементтер едәуір ұшырасатындығы. Олар лексика саласынан да, грамматика саласынан да орын алған.
Шалкиіз, Доспамбет, Шобандарда кездесетін соңратын, соқта, асмар ету - сымарыш ету, бажа, балаңқы, сықтау, мажар, аббар,көшу, мамық тосату, жәміші, шемшірлік, шал сақалың, нарты, дестір, кілең, бұз,жалар, ителу сияқты сөздер, қазақ тілінен гөрі ноғайлылар тіліне жуық дүниеліктер. Ал грамматика, фонетика салаларынан бұз, бұзмай, дұшман, менім, атлы, жүрерлер, кешу, кешмек, бізім тәрізді тұлғаларды көруге болады.
Тілдік талдаулар үшін,тіл тарихын білу үшін “қазақыламай” сол “ноғайлық” қалпында оқу-міндетті шарт. Бір топқа жататын, бір-біріне өте жақын қазақ пен ноғай тілдерінің ортақ тұстары мен айырым тұстарын, ауыз-түйістерін танытатын фактілер болса, екіншіден, сол фактілер көрсететін үлгілердің де ортақтығын дәлелдей түсетін материалдар екендігіне көзіміз жетеді.
Дегенмен осы айтылғандарды ескере отырғанның өзінде авторсыз ортақ туынды деп қарауға болатын дидактикалық өлең-толғаулардан бастап, иелері күмәнсыз және дидактикадан өзге мотивте жырланған үлгілердің тілдік-стильдік ерекшеліктері бар екенін көрсетуге болады. Ол, ерекшеліктер бір жағынан, ауызекі сөйлеу тілінен жоғары көтеріліп, белгілі бір дәстүрлікті, жүйелілікті танытатын болса, екінші жағынан соңғы дәуірлердегі поэзияның тілінен де ажыратылатындығын байқатады.
Достарыңызбен бөлісу: |