Глюкоза – альдогексоза. Ол ашық және циклді түрінде кездеседі. Термодинамикалық жағдайда тұрақты глюкозаның циклді түрі оның химиялық қасиеттерін анықтайды. Барлық гексозалардағыдай глюкозада төрт ассиметриялық көміртекті атомы бар, олар стереоизомерлердің түзілуіне мүмкіндік береді. 16 стереоизомер түзілуі мүмкін, ең маңыздылары D- және L-глюкоза.
Фруктоза – кетогексоза. Глюкоза сияқты, фруктозада альфа және бета анамерлер түзіп, екі циклді формада кездеседі.
Моносахаридтердің реакциялары
Олигосахаридтер
Олигосахаридтер – құрамында гликозидтік байланыспен байланысқан моносахаридтердің бірнеше қалдықтары болады.
Дисахаридтер – бос түрінде кездесетін, яғни басқа қосылыстармен байланыспаған, ең кең тараған олигомерлі көмірсулар. Химиялық табиғаты бойынша дисахаридтер құрамында альфа және бета гликозидтік байланыспен байланысқан екі моносахариді бар, гликозидтер. Тағам құрамында негізінен сахароза, лактоза, мальтоза кездеседі.
Полисахаридтер
Полисахаридтер арасындағы құрылыстық айырмашылықтар:
Моносахаридтер қалдықтарының құрылысына байланысты полисахаридтерді гомополисахаридтерге және гетерополисахаридтерге бөледі.
Полисахаридтердің атқаратын қызметіне байланысты үш түрге бөледі:
Энергетикалық қызмет атқаратын резервті полисахаридтер;
Құрылыстық полисахаридтер жасушалар мен ағзаларға механикалық тұрақтылық береді;
Жасуша аралық матрикстің құрамына кіретін полисахаридтер ұлпалардың түзілуіне, жасушалардың пролиферациясына , дифференцировкасына қатысады; Жасуша аралық матрикстің полисахаридтері суда ериді және гидратталған.
Полисахаридтер
Крахмал – тағамның ең маңызды көмірсулық компоненті. Бұл өсімдіктердің резервті полисахариді жоғары мөлшерде астық тұқымдастарының дәндерінде және сабақтарында, түйнектерінде болады. Крахмал – глюкоза қалдықтарынан тұратын тармақталған полисахарид, гомогликан. Суда ерімейді. Крахмал амилоза мен амилопектиннен тұрады. Амилоза тармақталмаған полисахарид, құрамындағы 200-300 глюкоза қалдықтары альфа-1,4-гликозидтік байланыстармен байланысқан. Глюкоза қалдығының альфа конфигурациясына байланысты полисахарид тізбегінің конформациясы ширатылған. Бұл крахмал ерітіндісне йод қосқанда көк түстің пайда болуына мүмкіндік береді. Амилопектиннің құрылысы тармақталған. Тармақтау орнында глюкоза қалдықтары альфа- 1,6 –гликозидтік байланыстармен байланысқан. Молекулалық массасы 10_5-10_8 Д.