1) Кіріспе
2) Негізгі бөлім
2.1) Көмірсулардың жіктелуі
2.2) Көмірсулар жасушаның құрылымдық, функционалдық компоненттері
2.3) Көмірсулар алмасуының негізгі сатылары
2.4) Көмірсулардың АІЖ қорытылуы мен сіңірілуі
2.5) Аэробты, анаэробты гликолиз, биологиялық маңызы
3) Қорытынды
4) Пайдаланылған әдебиеттер
І Кіріспе
Көмірсулар деп молекуласы көбінесе химиялық элементтерден – көміртек, сутек және оттегінен тұратын органикалық қоспаларды айтады. Көмірсулар деп аталуы, олардың алғашқы зерттелген өкілдері /С6Н12О6/ су мен көміртек атомынан құралған тәрізді. Жалпы формуласы : Сn/H2 O/n. Тарихы аты сол уақыттардан бері сақталып отыр.
Көмірсулар
Көмірсулардың негізгі функциясы:
Энергия. Олар ағзада энергияның негізгі көзі болып табылады, өйткені көмірсулардың негізгі функциясы тотығу нәтижесінде көп адамның энергетикалық қажеттіліктерін жартысынан көбін қанағаттандырды. Көмірсулар бір грамм тотыққанда 16,9 кДж шығарды.
Қоректік. Гликоген мен крахмал қоректік заттардың сақтау нысаны болып табылады.
Құрылымдық. Целлюлоза және кейбір басқа да полисахарид қосылыстар өсімдіктерде берік қаңқасы қалыптастырады. Олар сондай-ақ, жасушаның биомембранасын құрайды.
Қорғаныш.Бұл көмірсулар гепарин болып, маңызды биологиялық қасиеттері бар, атап айтқанда - қанның ұюын болдырмайды.
2.1 Көмірсулардың жіктелуі
Химиялық кұрамы және күрделілігіне қарай көмірсулар 3 класка бөлінеді.
моносахаридтер
олигосахаридтер
полисахаридтер
Моносахаридтер
Моносахаридтер – құрамында карбонилді тобы бар, көп атомды спирттердің туындылары. Карбонил тобының орналасуына қарай моносахаридтерді альдозалар мен кетозаларға бөледі.
Альдозалар құрамында функционалды альдегидтік топ – НС=О, кетозалар құрамында >C=O кетондық топ бар. Моносахаридтердің аталуы құрамындағы көміртек атомдарының санына байланысты, мысалы, альдотриозалар, кетотриозалар, альдогексозалар, кетогексозалар. Моносахаридтерді құрылысы бойынша қарапайым көмірсуларға жатқызуға болады, себебі олар күрделілермен салыстырғанда қорытылу кезінде гидролизденбейді. Адам тағамында (жемістер, бал, шырын) моносахаридтердің аздаған мөлшері бар, негізінен глюкоза мен фруктоза.