Бөж тақырыбы: Қайта Өрлеу Өнеріндегі гуманистік құндылықтар. Орындаған



бет3/3
Дата14.12.2022
өлшемі41,48 Kb.
#57394
1   2   3
Байланысты:
философия 2-бөж

Қайта өрлеу дәуірі мәдениеті

Қайта өрлеу мәдениеті антикалық өнер мұраларының үлгісіне байланысты болды. Бірақ ол көнені қайталау емес еді, өнер уақыт талабына сай мазмұны жағынан байи түсті, жаңа стильдер қалыптасты. Қайта өрлеу дәуірі туғызған қайраткерлер білімді, шын мәнінде сегіз қырлы, бір сырлы адамдар болды. Олар әлемді зерттеуден жалықпады. Бұл дәуір суретшілері анатомия, математика, философиямен тереңдей шұғылданды. Сондықтан да ренессанс шеберлері көркемдік мәні терең реалистік өнер үлгілерін, болашақ ұрпақтарға тарту етті.


XV—XVI ғасырлардағы Италиямәдениет қайраткерлері мен гуманистері өз дәуірлеріндегі өнердің өрлеуін аса жоғары бағалады. Антикалық мәдениет үлгілерінен соң, ұзақ уақыт бойы Батыс Еуропа елдерінде тағылық, кертартпа заман үстем болып келді. Олар гүлдену, өркендеу дәуірі енді ғана басталды деп есептеді. Италияда басталған бұл өнер, әдебиет, мәдениет, ғылым саласындағы бетбұрыс бірте-бірте Англия, Германия, Франция, Испания, Голландия, Финляндия және тағы басқа көптеген елдерге тарады. Қайта өрлеу дәуірі немесе ренессанс, марксизм классиктерінің айтуы бойынша, өнер, мәдениет, ғылым тарихындағы ұлы жасампаз бетбұрыс болды.
Үш ғасырдан астам уақыт ішінде Италияда, басқа да көптеген Батыс Еуропа елдерінде көркем өнердің барлық дерлік салаларында бұрын-сонды болып көрмеген гүлдену басталды.

Ренессанс мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері оның дәуірлеріне тікелей байланысты болып келеді, өйткені бұл өзгерістер заман ағымына, дәуір тынысына тікелей тәуелді болғаны ақиқат. Қайта жаңғыру мәдениеті төрт кезеңге бөлінеді. Жоғарыда көрсетілген белгілер енді ғана біліне бастаған кезең «проторенессанс» (қайта жаңғыру қарсаңы) деп аталады. Екі ғасырға созылған бұл тарихи кезеңнің әр ғасыры (XIII ғасыр дученто, XIV ғасыр — треченто деп аталады) тамаша дарынды адамдарды өнер сахнасына шығарды. Ренессанс қарсаңындағы кезең орта ғасырмен, романдық, готикалық дәстүрлермен тығыз байланысты болды. Бұл кезең екіге бөлінеді: Джотто ди Бондоне өліміне дейін және кейін (1337). Маңызды ашылулар, атақты шеберлердің өмірі мен жұмысы бірінші кезеңге тән. Екінші кезең Италияны жайлаған оба кеселімен байланысты. Барлық ашылулар түйсіктік деңгейде жасалынды. XIII ғасырдың аяғында Флоренцияда авторы Арнольфо ди Камбио болған басты құрылыс - Санта Мария дель Фьоре соборы бой көтереді, артынан оның жұмысын Джотто жалғастырады.1530-1620 жылдардың мәдениеті мен өнерінің көрінісі сан алуан. Британ энциклопедиясында «Қайта өрлеу тұтас тарихи кезең ретінде 1527 жылы Римнің құлауымен бірге аяқталды» деп жазылған. Батыс Еуропада ренессанстық идеологияның қырлы тасы ретінде антиканың идеалдарын «тірілту» және адам тәнін асқақтату сияқты дүниелерге қауіппен қараған контрреформация үстемдік етті. Дүниетанымдық қарама-қайшылықтар және жалпы дағдарыс Флоренцияда жалған түстер мен сызықтардың «жүйкелік» өнері – маньеризмнің пайда болуына алып келді. Венецияның суретшілік дәстүрінің дамуының өзіндік түйсігі болды. Венецияда 1570 жылдардың аяғына дейін Флоренция мен Рим өнерінің дағдарысы шығармашылығына әсер етпеген Тициан мен Палладио жұмыс жасады. [4]



Осындай ұлы мәдени бастамалардың жаршысы болған Италия елінде, алғаш рет католиктік реакция басталды, гуманистік қозғалыстың өкілдері шіркеу тарапынан қуғынға ұшырады. XVI ғасыр 40-жылдары инквизиция басталды. Еркін ой иелерін қудалап, айыптау мақсатында IV-ші Павлдың бастамасымен тыйым салынған кітаптардың тізімі жасалды. Бұл тізімге христиан дінінің қағидаларына қайшы келетін, адамдардың сана-сезіміне әсер ететін шығармалар енді. Оның қатарына Джованни Боккаччо сияқты Италияның ұлы гуманистерінің шығармалары да жатқызылды. Тиым салынған кітаптар отқа жағылды. Католиктік шіркеумен ымыраға келмей, өз идеяларын табанды түрде қорғап, халық арасына кеңінен насихаттаушы еркін ой иелерін қудалап-жазалау сол қоғамға тән құбылыс болды. Папа өкіметіне, шіркеуге қарсы шыққан көптеген ғалымдар, ойшылдар, өнер адамдары инквизиция құрбандығына шалынды. Мысалы, 1600 жылы Римде, «Гүлдер алаңында», «О бесконечности Вселенной и мирах» атты атақты шығарманың авторы ұлы Джордано Бруно отқа өртелді. Мұндай сындарлы кезеңде көптеген ақындар, суретшілер, сәулетшілер және т.б. гуманизм идеяларынан бас тартып, Қайта жаңғыру дәуірінің ұлы қайраткерлерінің «Үлгісін» ғана қабылдауға мәжбүр болды. Осындай «маньеризм» стиліндегі өнер адамдарының қатарына атақты суретшілер Понтормо (1494— 1557 жылдары), Бронзино (1503—1572 жылдары) және мүсінші Челлини (1500— 1573 жылдары) және т.б. жатты. Бірақ көптеген суретшілер сурет өнері саласындағы реалистік дәстүрді одан әрі жалғастыра берді. Олардың қатарына Веронезе (1528—1588 жылдары), Тинторетто (1518—1594 жылдары), Караваджо (1573—1610 жылдары) ағайынды Караччилер және т.б. қосылды. Олардың кейбірінің, атап айтқанда Караваджоның шығармашылығы Франция, Испания, Голландия елдеріндегі сурет өнерінің дамуына өз әсерін тигізді. Әрине, әр елдің жаңғыру мәдениетінің қалыптасуы мен дамуының ұлттық ерекшеліктерінің болғандығы даусыз.
Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетінің негізгі ерекшеліктері – шынайылық, гуманистік дүниетаным, көне мәдени мұраларға ден қою, оны қайта «көркейту». Қайта өрлеу адамдарына шіркеулік мораль, феодалдық қатынастар, орта ғасырлық дәстүрлер тарлық ете бастады. Олар өздерін қоршаған табиғат дүниесін басқаша көретін болды, оны пайымдап бағалауы, эстетикалық талғамы, шындық пен өткенге деген көзқарасы өзгерді.
Тез өзгеріп тұрған дүниеде барлығы да «құдайдың еркімен» болды дегенге сенім азая берді. Адамның күші мен қабілетіне деген сенім қайта жанданды. Жаңа мәдениеттің қайраткерлері көңілдерін ең алдымен адамға және оның ісіне аударды. Сондықтан оларды гуманистер (латынша – «гуманус» – адамгершіл) деп атады. Бұл жаңа дүниетанымның қалыптасуына әртүрлі мамандықтағы, әртүрлі әлеуметтік дәрежедегі адамдар – сол дәуірдегі қала интеллигенциясы (зиялы адамдар, қауым) – ақындар, философтар, суретшілер, мүсіншілер үлес қосты. Гуманистер озық ойдың еркін дамуына кедергі жасайтын орта ғасырлық моральға сүйенген дәстүрлер мен догмалық ережелерді өлтіре сынады: ғылыми зерттеу еркіндігіне жол ашылды.
Діннің шаттық өмірден бас тарту керек деген қағидасы дүниеге нақты назар аударумен, табиғатты зерттеумен алмасты. Ғалымдар бақылау жасап, тәжірибелер жүргізіп, табиғат құбылыстарын анықтауға, олардың себептерін түсінуге тырысты. Соның нәтижесінде шынайы ғылым, әдебиет пен өнер туды. Қайта өрлеу дәуірі гуманистік рух (адамгершілік), табиғат пен адамды зерттеуге негізделген мінез-құлық және сұлулық нормаларын тапты. Гуманистік рух ұлттық дәстүрді ілгері дамытып, тарихи жаңа жағдайларға сай жаңаша түсіндірді. Гуманистер өмірдің мақсаты мен жоғары бақыт құдайға құлшылық етуде немесе әскери ерлік жасауда емес, адам мүддесі үшін еңбектенуде деп білді. Гуманистерді жан-жақты дамыған адамдар, рухы да, денесі де, ақыл-ойы да, сезімі де тамаша адамдар қызықтырды.
Гуманистер феодалдық тәртіпті сынай отырып, оны түгелімен жоққа шығарған жоқ. Олар билеуші тапты білімдендіру жолымен өмір сүріп тұрған құрылысты «жөндеуді» армандады; халық олардан өз тұрмысын жақсартуды күтуі керек.
Бұл мәдени төңкерістің барысыңда Қайта жаңғыру даналарының басты назарында Платон сияқты көне заман ойшылдарының ілімдерінің болды. А.Ф. Лосев осы орайда тамаша ғылыми тұжырым жасап, бұл жағдайды неоплатонизммен байланыстырды. Оның пікірінше, Қайта жаңғыру дәуірінің өкілдері мәдениетті орта ғасырлық догматтан тазартты, оны қайта қарау арқылы қайта жаңғыртып, жаңа мазмұн берді. Ол мәдениет тарихындағы неоплатонизмнің үш түрін атап көрсетті. Олардың біріншісі — көне замандық — космологиялық, екіншісі — орта ғасырлық — теологиялық, үшіншісі — жаңғырған — антроцентристік неоплатонизм.
Қайта жаңғыру дәуірі — мәдениет пен өнер және ғылым тарихындағы ұлы бетбұрыс кезең болды. Үш ғасырдан астам уақыт ішінде Еуропаның көптеген елдерінде бұрын-соңды болып көрмеген гүлдену, мәдени қозғалыс басталды. Дін өктемдігінен, оның құрсауынан босанудың арқасында өмірдің сан-саласын тұтас көрсететін, адамды рухани жағынан толық қанағаттандыратын шығармалар өмірге келді. Бұл дәуірде адамның бұл дүниедегі алатын орны жан-жақты көрсетілді. Ренессанс мәдениетінің негізінде жаңа заманда еуропалық адам қазіргі өркениетке қарай шешуші қадам жасады. Орта ғасырлар мәдениетінің мән-мағынасын сәулет өнері көрсететін болса, Қайта жаңғыру дәуірінде живопистік туындылар (суреттер) басым болды. Жарық дүниенің құпия сырларын танып-білуде адамның сезімдерінен артық не бар, ендеше бұл қағиданы ескере отырып, жаңғыртушылар «адам көзіне» пара-пар келетін бұл дүниеде еш нәрсе жоқ деп есептеді.Сондықтан да Қайта жаңғыру дәуірінде өнер салаларының ішінде сурет салу және т.б. ұдайы даму үстінде болды. Шындығында да, дүниені танып-білумен қатар оны шынайы жеткізе білуде суретшілердің мүмкіндіктері мол, олай болса олардың дүниетанымдық мақсаттарды шешудегі белсенділігінің сыры да осында болса керек.

Пайдаланылған әдебиеттер :


  • Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-33-998-811.

  • Ожегов С. И. Словарь русского языка. – Москва,1986. 588 с.


  • 12.Философский энциклопедический словарь. – Москва,1983. 576 с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет