Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика басқару және құқық факультеті
«Әлеуметтану» пәні бойынша БӨЖ
Тақырыбы: Әлеуметтану теорияларына кіріспе
Орындаған: Рахимжанов Джамшит Қабылдаған: Юсупов Қуаныш Тобы: қаржы ЭҚЖ-111 Түркістан 2022
Жоспар КІРІСПЕ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Әлеуметтанулық теория. Макро-микро деңгейлер.
2. Әлеуметтік тәжірибиедегі себеп-салдарлық байланыстар. Жеке мектептер мен бағыттардың дамуы. (О.Конт, Э.Дюркгейм, Г. Спенсер,).
3. Құрылымдық функциолизм, Қақтығыс теориялары. Символдық интеракционизм.
4. Рөлдік теориялар.
ҚОРЫТЫНДЫ Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе «Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады.
Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін XIX ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты. Жалпы бұл теориялар өзінің теоретикалық-әдістемелік мағынасы бойынша бір-біріне қайшы келді, бірақ әлеуметтанудың ғылым ретінде тарихи қалыптасуына әр теориялардың ролі айрықша келеді. Яғни, әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Ендігі жерде біз әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің орындарының бір-бірімен алмастырып алудан сақ болуымыз керек. Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, олардың айырмашылығы бар. Соған тоқталып өтейік.