Бөж тақырыбы: Ерте балалық шақтағы сөйлеудің қалыптасуы. Пассивті және активті сөйлеу Қабылдаған: Нұрынбетова Салтанат Орындаған: Смайл Алтынай Тобы: ФҚӘ-312 Түркістан 2023 Жоспар


Ерте балалық шақтағы баланың сөйлеуінің дамуы



бет2/4
Дата17.10.2023
өлшемі98,26 Kb.
#116935
1   2   3   4
Ерте балалық шақтағы баланың сөйлеуінің дамуы
Заттық іс-әрекеттен алынып, жинақталған әсерлер баланың тілін дамытудың негізі болады. Сөздің артында ақиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда ғана, сол сөзді игеру жемісті болады. Сөйлеуді игеру нәрестелік шақтан басталған қарым қатынас қажеттілігінің әрі қарай дамуына байланысты жүзегег асады. Сөздік қарым-қатынас баладан қатынасу қабілетін талап еткен жағдайда, яғни үлкендер оны түсінікті сөйлеп, өз ойын айқын сөздермен құра білуге көндірген жағдайда пайда бола бастайды. Егер үлкендер баланың әрбір тілегін қағып алып отырса, онда оның тілінің дамуына ешқандай түрткі болмай қалады. Ерте сәбилік шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал (сензитивті) кезең болып табылады: нақ осы кезде сөйлеуді игеру тиімді өтеді. Егер бала осы кезде қандай да бір себептермен тілді дамыту қажетті жағдайлардан айырылып қалса, онда кейін жіберілегн қателіктердің орнын толтыру өте қиын болады. Сондықтан екі-үш жаста баланың тілін дамыту мен қарқынды шұғылдану қажет.Үлкендермен бірлескен іс-әрекет үстінде бала ерте сәбилік шақта-ақ айтылған сөздер мен олардың ар жағында тұрған ақиқат болмыстың арасындағы байланыстарды аңғара бастайды. Сөздерді олар белгілейтін заттар мен іс-әркеттерге апарып жатқызу бірден бола қоймайды. Үлкендердің сөзі мен іс-әрекеттерінің арақатынасын белгшілеу қабілеті де ұзақ дамып, оның өмірінің бірінші жылында қалыптаса бастайды. Үш жасқа қарай сәбидің, үлкендердің сөзін түсінуі спалық жағынан өзгереді. Бала бұл мезгілде жекелеген сөздерді ғана түсініп, үлкендердің нұсқауы бойынша заттық әрекеттер жасауға ғана қабілетті болып қоймайды. Сәби үлкендердің тікелей өзіне бағытталмаған кез келген сөздерін қызыға тыңдай бастайды. Үлкен адам мен баланың тікелей қарым-қатынас жасау ситуациясынан тысқары хабарларды тыңдау мен түсіну маңызды жетістік болып саналады. Ол сөйлеуді баланың тікелей тәжірибесінің өресі жетпейтін болмысты танудың негізгі құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік жасайды. Ерте сәбилік балалық шақ – балалық белсенді сөйлеуінің қалыптасу кезеңі. Бір жарым жасқа дейінгі бала 30-40 тан 100-ге дейінсөз үйренеді және оларды өте сирек қолданады. Ол тым мүдіріп сөйлейді.Тілді меңгерудегі елеулі өзгкріс шамамен бір жарым жаста жүзеге асады. Сәби бастамашыл болады. Ол заттардың аттарын атап отыруды үздіксіз талап ете бастайды. Сөйлеудің даму қарқыны арта түседі.Екі жастың аяғында бала 300ге дейін ал үш жастың соңында 1500 дейін сөздер қолданылады. Тілді дамыту ана тілінің дыбыстық жағы мен граматикалыққұрылысын игеруді көздейді. Егер алғашында бала сөйлеуді сөздің ырықты мелодиялық құрылымын қағып алу жолмен қабылдайтын болса, екінші жылдың соңына қарай онда ана тілінің барлық дыбыстарын фонетикалық қабылдкау қалыптасады. Оның негізінде белсенді сөздікті және сөзді дұрыс айтуды игеру жүзеге асады.Граматикалыққұрылысты игерудің өз даму кезінде болады.Бұл кезең бір мен екі жасқа дейін- түбірлі сөздерден құралатын кезеңі. Бұл кезеңде бір буынды және екі буынды сөйлемдер ажыратылады.баланың сөйлеуі ересек адамның сөйлеуіне аз ұқсайды, ол көбіне үлендер пайдаланбайтын сөздерді пайдаланады. Тілдік қарым-қатынас практикасында бұл стреотип түсіп қалады да, дұрыс септік жалғаулар пайда болады. Ана тілдің граматикалық формаларын меңгеру баланың тілді сезінуін дамытады. Ерте сәбилік шақта бала ана тілін меңгеру жағынан оның синтаксистік құрылымдарын граматикалық формаларын және дыбыстарды игере отырып, орасаң зор жұмыс атқарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет