Бөж тақырыбы: Ерте балалық шақтағы сөйлеудің қалыптасуы. Пассивті және активті сөйлеу Қабылдаған: Нұрынбетова Салтанат Орындаған: Смайл Алтынай Тобы: ФҚӘ-312 Түркістан 2023 Жоспар



бет4/4
Дата17.10.2023
өлшемі98,26 Kb.
#116935
1   2   3   4
Қорытынды
Ерте сәбилік шақтың басында бала айналасындағы заттардың қасиеттерін қабылдап, олардың арасындағы қарапайым байланыстарды аңғарып, оларды пайдалана бастайды. Бұл заттық іс-әрекетті, ойынның қарапайым формаларын , сурет салу мен сөйлеуді игеруге байланысты бұдан арғы ақыл-ой дамуының алғы шартарын жасайды. Ерте сәбилік шақтағы ақыл-ой дамуының негізін балада қалыптасып жатқан қабылдау мен ойлау әрекеттерінің жаңа түрлері құрастырады. Қабылдау заттық іс-әрекетте қалыптасатын арақатынастық іс-әрекеттер есебінен дамиды. Бала заттарды олардың формаларына, көлеміне, түсіне сәйкес іріктеген кезде, оның сыртқы бағдарлау әрекеттері қалыптасады. Сыртқы бағдарлау әрекеттерін табысты игеру баланың, атап айтқанда, қандай заттармен шұғылдануына тәуелді болады. Бұл жастағы балаларға деген ойыншықтардың көпшілігі олардың құрылыстарының өзінде бөлшектерін бір-бірімен салыстырып өлшеу қажеттігін туғызатындай етіп (матрешкалар, қорапшалар, мозаикалар т.б.) жасалынған. Мұндай ойыншықтарды автодидактикалық, яғни өзін өзі үйретуші ойыншықтар деп атайды. Сыртқы бағдарлау әрекеттерінің көмегімен заттардың қасиеттерін салыстырудан, арақатынастарын белгілеуден бала енді оларды көз арқылы табуға ауысады. Қабылдау іс-әрекетінің жаңа типі қалыптасады. Көзбен қабылдаумен қатар ерте сәбилік шақта естіп қабылдау да дамиды. Әсіресе фонематикалық есту өте тез дамиды. Әдеттегідей екі жастың соңында балалар ана тілінің барлық дыбыстарын қабылдайтын болады. Дегенмен, фонематикалық естудің жетілуі кейінгі жылдарда жүріп өтеді. Баланың ойлауының дамуы, біріншіден, баланың өз іс-әрекетіне (ойлау негізіне, оның сезімдік тәжірибесіне) жататын, екіншіден, іс-әрекет тәсілдеріне үйрететін және заттардың жалпылама аттарын беріп отыратын үлкендердің ықпалына байланысты. Затпен практикалық әрекет жасау сәбиді көбіне нақтылы ситуцияда пайда болған міндеттерді шешуге алып келеді. Әрекет үстінде табиғи үйрену болып өтеді: заттарға әсер ете отырып, бала бір әрекеттердің жемісті, екіншілерінің нәтижесіз екендігін байқайды. Алғашқы іс-әрекет тәжірибесі кейінгіде көрініп отырады. Ойлау заттық міндетті шешу процесінде жүзеге асады және көрнекі ықпал ету сипатында болады. Ойлауды дамытуда жеке бастың практикалық тәжірибесі қанша маңызды болғанымен, баланың ойлауын дамытуда әлеуметтік орта ерекше әсер етеді. Л.С.Выготский бала өмірінің алғашқы күннен бастап оның мінез-құлқының сипатына әлеуметтік ситуация терең ықпал ететінін атап көрсеткен еді. өзінің ақыл-ойы шешімдерінде бала әрқашан үлкендерге қарап бағдар алады.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. М.Қ.Бапаева. Даму психологиясы. – Алматы, 2014.
2. Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова. Балалар психологиясы. – Алматы, 2012.
3. С.Н.Цейтлин. Язык и ребенок: Лингвистика детской речи. – Москва, 2000.
4. А.А. Леонтьев. Слово в речевой деятельности. –Москва

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет