Бөж тақырыбы: Үйлену салты өлеңдері



бет2/3
Дата17.10.2023
өлшемі44,42 Kb.
#117388
1   2   3
Байланысты:
ауыз адеб Бегалиқызы Аружан

Негізгі бөлім

Үйлену салты бойынша кең еңбектермен байытқан, белсенді жұмыс жасап, мол еңбек сіңірген адамдар қатарына В.Радлов, В.П.Аникин сияқты орыс оқымыстылары мен Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, М.Әуезов сияқты қазақ зиялыларының есімдерін атап айтқан жөн. Егемендіктің лебі есіп, көне мұраға деген көзқарас түзелгеннен бергі кезеңде бұл мәселелер қайта жандануына себеп болды. Халық салт-дәстурі мен әдет-ғұрпын қайта тірілтіп, ұлттық келбетімізді түзеуге белсенді ат салысуға ден қойған. Қай халықты алсақ та, оның ертеден келе жатқан әдет – салты, ырым – кәдесі бар. Соның бірі – қыз ұзату, келін түсіру, жастарды үйлендіруге байланысты туған. Мұндай салт қазақта да бар және ол әріден келе жатыр. Қазақ халқы ерте кезде тұрмыс – тіршілігінде орын алған салтының қайсысын да болса да ойын – сауық етіп өткізуге тырысқан. Оның бәрін өзінің ән – күйімен, өлең – жырымен есте қалдырған. Мұны үйлену салты жайынан да көруге болады. Бала ер жетіп, қыз балиғатқа толған шақта әрбір ата-ана «ұлын ұяға, қызын қияға қондыруы» парыз.
Ә.Қоңыратбаев: Отбасының тағдырына, жас буынның өсіп жетілуіне байланысты туған жырларды „үйлену жырлары“ деді де, олардың өзін:



  1. Тойбастар




  1. Жар-жар




  1. Сыңсыма




  1. Қоштасу




  1. Жұбату




  1. Беташар деп бөліп қарастырады.

Ұзатылатын қыздың тойында айтылатын өлеңнің ұсақ бір түрін той бастар деп атайды. Мұның өлеңін шығарушы, әдетте ақындар болған. Бірақ, той сайын той бастар өлеңін ақындар ғана айта беруі шарт емес. Кейде, ондай той ішінде ақындар болмауы да мүмкін. Сондықтан, әуелде ақындар шығарған, кейіннен елге тараған, жұрт жаттап алған той бастар өлеңін сөзге ебі бар, жылпос жігіттер де айтып жүрген.


Той бастардың негізгі мақсаты – ұзатылатын қызына той жасап отырған үйге “құтты болсын” айту, жақсы тілек білдіру, тойға жиналған адамдарды көңілдендіру. Сонымен қатар, күйеуге бара жатқан, ел – жұртын, ата – анасын, туған – туыстарын тастап кетуді қимай, қиналып отырған қызға демеу беру, көңілін аулау, “ата – ананың жолы осы” деп көрсету. Осы мақсаттан туған той бастар өлеңінің бір үлгісі мынадай болып келеді ;

Бағылан серке, марқасқа қой бастайды,


Қой алдында жануар ойқастайды.


Құтты тойға кез болған жолды жігіт,


Бұрынғының жолымен той бастайды.


Құнан қойын шайлатып сойдырған үй,


Табақ – табақ ет беріп тойдырған үй,


Сәтті күні сәрсенбі той қылыпсыз,


Құтты болсын, тойыңыз, той қылған үй.


Немесе :

Белгілі бұл қазаққа тілдің желі,

Той қылдың жұрт жиналған мерекелі.


Сәрсенбі сәтті күні той қылыпсыз,


Тойыңыз тойға ұлассын берекелі. –


Той бастар өлеңін осылай басталатын үлгілерінің қайсысын алсақ та, мазмұны жағынан бір – біріне ұқсас келеді. “Сәрсенбінің сәтті күні той жасаған” адамға “құтты болсын” айтудан басталған той бастар өлеңдері өз кезіндегі әдет – ғұрып, салт бойынша, әңгімені ұзатылатын қыз жағына қарай да ауыстырады. Қызға да айтары: “ата – ананың жолы осы”, соған көн, көңіліңе қайғы алмай аттан деу. Той бастар өлеңдерінің бәрінде кездесетін және мадақтап, мақтау түрінде айтылатын негізгі идея осылай болып отырады. Мұнымен қатар, той бастар өлеңдерінің кейбіреулерінде той иесінің сән – салтанатын, ойын – сауығын, байлық – бақытын жер-көкке сыйғызбай мақтаушылық, ол адамды бүкіл ел – жұртты жарылқаушы есебінде көрсетушілік те кездеседі. Мұндай дәріптеулер, асыра мақтаулар байлардың тілегінен туған. Сондықтан оларды той бастар өлеңінің халыққа жат түрі деп білу керек.


Той бастаушының екінші бір міндеті – “жаршылық” қызметін атқару. Мұны той бастар өлеңін айтушымен қатар, кейде, арнаулы “жаршылар” да айтқан. Олар “жарандар – ау, жарандар, құлағыңды бері сал…” деп тойдың тәртібін, ендігі жерде қандай ойын – сауық, қызықтар болатындығын, той иесінің немесе басқалардың жариялайтын қандай сөздері барлығын хабарлап отырған. Той бастардың өлеңдері төрт жолды, он бір буынды, тілі халыққа түсінікті, біреуден біреудің жаттап алып айтып жүруіне әрі жеңіл, әрі ыңғайлы болып келеді.
Той бастардан кейін, ұзатылатын қыздың тойында айтылатын өлеңнің екінші бір түрі – жар – жар. Сөзді тойға келген ақындар, болмаса “жар — жардың” жұртқа мәлім, жаттап алынған өлеңін білетін жігіттер бастайды. Айтыстың басты тақырыбы, мазмұны ұзатылғалы отырған,, жарына қосылатын қыз туралы, оның жаңа жерге, жат жұртқа бара жатқандығы жайында болып келеді. Мұнымен қатар, қыздың көңілін аулай отырып, оның жаңа жерде жақсы тұрмыс құруы, балалы – шағалы, ауқатты болуы туралы сөз қозғалады, жақсы тілек айтылады. Бәрінен де қымбатты қыздың жары екендігі баса айтылып, өлеңнің әрбір жолы “жар — жар” деп қайырылады, “жар” деген сөз қыздың құлағына құйыла береді. Әрқашан да “жар — жарды” бастаушы жігіт болады. Ол өзінің сөзін ұзатылғалы отырған қыздлың көңілін аулаудан, секемді болмаудан бастайды. Жар-жарды қыздар жағы, жігіттер жағы немесе қыз алушы мен қыз ұзатушы құдалар жағы болып екіге бөлініп айтысады.
Жігіттер немесе қыз алушы жақ:
Алып келген базардан қара насар, жар-жар-ау,
Қара мақпал сәукеле бетің басар, жар-жар-ау,
Мұнда әкем қалды деп, қам жемеңіз, жар-жар-ау,
Жақсы болса, қайын атаң орнын басар, жар-жар-ау,–
десе, қыздар немесе қыз ұзатушы жақ:
Есік алды қара су майдан болсын, жар-жар-ау,
Ақ жүзімді көргендей айнам болсын, жар-жар-ау.
Қайын атасы бар дейді осы қазақ, жар-жар-ау,
Айналайын әкемдей қайдан болсын, жар-жар-ау, –деп жауап береді.
Жар-жар осылайша екі жақтың ата-ана, аға-жеңге, апа-қарындас, аға-іні, т. б. туыстарын салыстыру арқылы бауырмалдықты, қайырымдылықты, мейірімділікті сипаттау үлгісімен жалғаса береді. Жар-жар өлеңдері тек ұзатылған қыздың тойында ғана айтылып қойған жоқ, сонымен бірге ол жастардың бас қосқан ойын-сауық кештеріндеде қолданылған және өзінің әніде болған. Мұндай жағдайда бас қосқан жастар, “жар-жардың” өлең-әнін, әзіл-оспағын көңіл көтеру, махаббат сырын шерту, ойнап-күлісу үшін пайдаланған.
Жар-жардың өлең құрылысы жеті-сегіз буынды жыр, кейде он бір буынды қара өлең негізінде келеді. Мұнда жұртқа белгілі, қалыптасқан ұйқастар, траферетке айналған, көпшіліктің жаттап алып бірден-бірге таратып айтуына ыңғайлы сөздер көп ұшырасады. Өлеңі әзіл-оспақ, жеңіл қалжың түрінде де кездесіп отырады.

Ұзатылатын қыздың тойында жасалған ойын-сауықтың біразы аяқталған кезде, қыздың аттанар шағы жеткен шақта сыңсу айтылады. Бұл – ұзатылатын қыздың аттанар алдында ел-жұртымен, ағайын-туыс, құрдасымен, туып-өскен жерімен, жастық-балалық өмірімен қоштасу ретінде айтылатын өлеңі. Мұнда ұзатылатын қыз өзінің құрбы-құрдас, жолдастарымен ауыл-үйді аралай жүріп, белгілі әнге сала сыңсуын айтады. (Сыңсудың өлеңдерін ақындар немесе қыздардың өздері шығарған болады.) Ұзатылып бара жатқан қыз сыңсу өлеңдері арқылы жұртқа естірте өзінің мұңын, қайғы-қасіретін шағады. “Мен еліме өкпелі” деп басталатын сыңсу өлеңінде;


Заманым өтті басымнан,


Дәуренім кетті басымнан.
Бұл не деген іс болды,
Көңілінен кеткен құс болдым.
Бұлғақтап жүрген заманым,
Қандайда жерге тұс болдым.
Ата-анам еді дәулетім,
Мен жұртыма жаума едім,
Жат-жұрттық болып кеткен соң,
Кетер-ау бастан сәулетім.
Айналайын, ел-жұртым,
Не болар менің заманым!
Дәуренім менің өткен соң,
Бұралқы иттей кеткен соң,
Естіле жүрер дейсізбе,
Не болып жүрген хабарым... деп, ұзатылып бара жатқан қыз көңіл шерін толғайды. Бұд зар қаншама ащы, аянышты болғанмен де, ескі әдет-ғұрып, әділетсіз заңға сүйенген заманда, әйел мұңы ескерілмеген, аяққа басылған. Солай бола тұрса да, сыңсу өлеңдері ерте кездегі әйелдердің хал – жайын суреттейтін ескілік жол – жобаға қарғыс айтқан, қарсылық білдірген шығармалар болып табылады.

Тілеулі, құтты тойыңда,


Көп жылауды қойыңыз…
Жыламай құлақ салыңыз.
Бұл сөзіме наныңыз,
Мен айтамын өсиет –
Тыңдап ұғып алыңыз.
Мұнан көшіп кетіңіз,
Шын еліңе жетесің,
Тең құрбың шықса алдыңнан.
Ойын – күлкі етерсің.
Құрбы келсе, күлгейсің,
Әдеппенен жүргейсің,
Салмақпенен сөз сөйлей,
Жақсы жауап бергейсің, - деп күледі де, бұдан ары қарай ақыл — өсиет созыла береді. Онда айтатыны: үй ішін, ата – анаңмен, ағайын арасымен тату – тәтті, әдепті, үлкенді сыйла, салдыр — сылақ болма, мал – мүлкіңді шашпа, тазалық сақта, оқыс мінез көрсетпе, өтірік өсек айтпа, жарлыларға көз – қиығыңды салып жүр, сараң болма! Белгілі дәстүрге айналған жұбату, ақыл — өсиеттерде айтылатын негізгі әңгімелер осы тәрізді болып келеді. Әрине, бұл өлеңдердің халықтық сипаты барлығын, халықтың мінез – құлық жайындағы ойын, көзқарасын білдіретіндігін жоққа шығаруға болмайды. Ұзатылып бара жатқан қызға “жақсы бол” деп ақыл айту, өмір соқпағын көрсету болашағында не істеу керектігін түсіндіру – халық ұғымына қиғаш келмейді. Бұдан, әрине, жұбату өлеңдерінің қайшылығы жоқ деген ұғым тумайды. Ескі әдет – ғұрыпты, “ата – ана жолын” ақтауға тырысуы, әйелдердің әлеуметтік дәрежесмі ерлер мен бірдей емес деп көрсетуі жұбату өлеңдерінің халық қабылдамайтын, халықтың көзқарасына, ой – тілегін қарама – қарсы келетін ұғымдар болып табылады. Мұндай жат ұғымдарды үстем таптың қоспасы деп түсіне керек.

Жаңа түскен келіншектің тойында айтылатын өлеңнің бір түрін бет ашар деп айтады. Бұл өлеңнің мақсаты – жас келіншекті жаңа ағайын – жұртына, қайын ата мен қайын енесіне жаңа қауымға таныстыру, кімнің қандай екендігін айту; мұнымен қатар, жаңағы ағайын – жұртқа жас келіншек жайын түсіндіру, жатсынбай баурап ал, ол осы қауымның бір мүшесі болды деп көрсету. Осындай екі жақты бір – бірімен таныстыруды бет ашар деп атаған. Мұның өзіне арнап шығарылған өлеңі болған. Ол өлеңді, той үстінде көбінесе, ақындар айтқан.Ертедегі салт бойынша, бұл өлеңді айту реті былай: жас келіншектің түсетіне үйіне жұрт жиналады. Олардың үстіне келіншекті енгізгенде жеңіл желекпен бүркеп әкеледі. Ш. Уәлихановтың (жоғарыда аталған еңбегінде) айтуына қарағанда, жас келін үйдің босағасын алғаш рет аттап енгенде, отқа май құйып ырым жасайды. “Мұндай ырым ертедегі шамандық дәуірінен қалған, ол кездегі адамдардың отты жарылқаушы күш есебінде туған”-дейді Ш.Уалиханов. Жаңағындай ырымдары жасалу үстінде жаршы – ақын бет ашардың өлеңін айтуға кіріседі. “Келін, келін, келіп тұр” деп бастайды да жианалған жұртқа келінді таныстырады, келін атынан сәлем береді. Сәлем соңында, келіннің айтайын деген сөзі деп әркімге арнаулы тілек білдіреді ; көрімдікке, еншіге деп мал сұрайды.


Нар берсеңіз, мая бер,


Үстіне кілем жая бер…


Жылқы берсең – биеден,


Кем болмасын түйеден…


Сиыр берсең, қызылдан,


Шұбалаң құйрық ұзыннан….


Қой берсең, үлкене ағынан,


Егіз болсын қозысы,


Болмасын жылқы дағынан…- деп, түйеден бастан ешкі – лаққа дейін төрт түлікті атап шығады. Сөз арасында жаршы – ақын төрт түліктің қайсысында қандай қасиет барлығын да, қайсысына келіннің көңілі толатындығын да әзілмен ескертіп қояды.


Беташардың екінші бөлімі «Айт келін» деп басталып, жаңа түскен келінге тәрбие берумақсаты көзделеді. Онда отбасы мүшелерін сыйлау, құрметтеу, еңбекке бейімділік, үй шаруасына икемділік, т. б. тәлім-тәрбие, өнеге айтылады.
1980 жылы шыккан Ш. Уалихановтың “Таңдамалы жинағында” қазақтың отбасылық ғұрып фольклоры оның ішінде үйлену салтына байланысты ырым-наным сенімдерге кеңірек тоқталып кетеді. Бұл кітапта “Қазақтардағы шамандықтың қалдығы” деген тарауында, от үйдің киесі, сондықтанда жаңа түскен келін үлкен үйдің отына тағзым етуге (сәлем етуге) тиіс. Бұл салт жаңа түскен келіннің отқа тағзым етуі моңғолдарда неке қию үрдісінде жасалады. Салт бойынша қалындыктың жанындағы әйелдер қолдарын отқа қыздырып, қалындықтың бетін сипайды - деп ғалым өзінің зерттеу еңбегінде қазақ қызының болашақтағы қазақ келініне айналар кездегі жасалатын кәделерге кенірек тоқтала кеткен.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет