Халық құндылығы атадан балғга мирас болып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп, дамып, сана төрінде сақталып қалуы бүгінде қазақ халық әдебиетінін арқасы. Көшпелі қазақ елінің ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі де осы қазақ халық әдебиеті. Бұл орайда, баға жетпес байлық, құнды да құнарлы дерек көзі - халық әдебиеті. Халық әдебиеті - барша ұлттың мәдениетінің кайнар бұлағы, халық тарихының дәстурлі дүниетанымының жинақталған алтын қоры. Халықтың рухани айнасы, сонымен қатар, ол өткеннің елесі ғана емес, бүгінгінің сәулесі, халық тұрмысында өмір сүріп мәнгі жанданған мұра десек қателеспейміз. Ұлы дариядай шалқыған, құнарлы қазақ халық әдебиетінің жанрлық құрамы да аса күрделі, керікті әлем. Халық әдебиеті арқылы ұлттарымыз жоғалмай кейінгіге мирас болып келе жаткан салт дәстурдің де жемісі зор. Соның ішінде халықтың кереген кезі мен киелі сөзі біте қайнасқан ұлттық салт-дәстүр ұрып, жырлары өзінше арнайы сала құрайды. Халқымыздың ежелден желісі узілмей келе жаткан көне дәстүрі мен әдет- ғұрыптары рухани, мәдени қымбат та құнды қазыналарымыздың бірі. Онда халықтың сан ғасырлық өмірі, тәжірибесі мен зердесі, адамзаттың даму жолындағы күресі, жеңісі, ізденісі мен таным түсінігі жинақталған. Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл демекші, салт-дәстүрлерден этностың мінез-құлқы, өнегесі, даналығы, шешендік ақыл-ойының ұшкырлығын көреміз. Бір сөзбен айтқанда салт-дәстур - халықтың рухани мәдениетінің дінгегі, тілінің тірегі. Салт-дәстүрдің барынша байлығы, бағалылығы ұлттық құндылықта.
Пайдаланылған әдебиеттер: Ә.Қоңыратбаев Қазақ фольклорының тарихы. Алматы: Ана тілі, 1991.