Бөж тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдістерінің дамуы Қабылдаған: Ж.Қ. Дүйсенова Орындаған: Жарылхасын Аружан Тобы: фат-312б Түркістан 2023 Жоспары


Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ес үдерісінің ерекшелігі



бет4/8
Дата19.10.2023
өлшемі76,82 Kb.
#119274
1   2   3   4   5   6   7   8
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ес үдерісінің ерекшелігі.
Мектепке дейінгі кезеңде бала психикасының жоғары деңгейге көтерілуі жаңа әрекет түрлерінің бала психикасына әсер етуі және үлкендердің балаға қойылатын талап тілектерінің күрделенуіне тікелей байланысты.Мектепке дейіңгі кезеңдегі балада ес үдерісінің дамуы айқындалып, біршама күрделеңгендігі байқалады. 3-4 жастан бастап бала қоршаға ортамен жан – жақты танысып, ойын, қарапайым еңбек іс – әрекеттерімен шұғылдана бастайды. Осының нәтижесінде бала есте сақтаудың арнайы тәсілдерін пайдаланбай – ақ, іс – әрекеттің орындалуы барысында байқаусызда, материал бала есінде өздігінен ырықсыз түрде сақталып отырады.Мектеп жасына дейінгі кезең бала есінің ырықсыздығымен ерекшеленді. Мектепке дейінгі кезеңде сөз логикалық естің дамуы баяу жүзеге асады. Бұл кезде көрнекі бейнелік, эмоциалық сезімдік естің маңызы зор.Есте сақтауды үйретудің ең қарапайым тәсілі қайталату және баланың ерікті есте сақтауын дамыту үшін көргенін, естігенін өз сөзімен әңгімелеп айтып берудің өзі материалдың баланың есінде берік сақталуы үшін маңызы зор.Зинаида Михайловна Истомина 3-тен 7 жасқа дейінгілердің есінің дамуының 3 дәрежесін анықтаған.
I дәрежесіне тән сипат: бала еске сақтау мен еске түсіру үшін арнайы мақсат қоймайды.
II дәрежесінде: балада еске сақтау ешқандай арнайы тәсілдерді пайдаланбай – ақ жүзеге асады.
III дәрежесінде бала еске сақтап, қайта жаңғырту үшін арнайы әдіс – тәсілдерді пайдаланып, еске сақтау мақсатты түрде жүзеге асады.
Еске сақтаудың осы II және III дәрежесіне бала 6 жасқа келгенде жетеді. Бала 6 жасқа келгенде тек механиккалық есі емес, сөз логикалық есі жақсы дамығынын байқауға болады.Баланың сөз логикалық есінің жақсы дамығанын оның жақсы түсінген материалды есінде сақтап қайта жаңғыртуынан байқауға болады. Мысалы, 6 жастағы бала ертегі әңгіменің мазмұнын өз сөзімен қайталап айтқан кезде өзіне онша таныс емес «азамат» деген сөзді өзіне таныс күнделікті айтылып жүрген «ағай» деген сөзбен ауыстыра алады.Кейде олар ертегі әңгіменің мазмұның өзгертпей, өз логикасымен толықтырып, қосып,тек жүйесін ғана өзгертуі мүмкін.Баланың сөз логикалық есін дамытуда оқу әректімен шұғылдануының маңызы зор. Осы кезеңдегі сөз — логикалық естің жүзеге асуының өзі 3 кезеңнен өтеді:
-Практикалық; -Сөздікәрекеттік;
- Ақыл – ой әрекеті негізінде.
Ес үдерісінің нашар қалыптасуы іштен туа пайда болмайды, есте сақтаудың нашар болуы баланың ес үдерісіне күнделікті өміріне тәрбие үдерісінде дұрыс дамытуға тікелей байланысты.
Баланың ес үдерісін дамыту үшін бірнеше есте сақтау тәсілдерін білу керек. Мысалы:
1. Екі топтың балаларына көлемі бірдей мәтінді жаттап келіп, айтып беруге тапсырма берген кезде бір топқа еске сақтап, кейін қайта жаңғырту керектігі түсіндіріледі, ал екінші топтың баларына тек жаттап келіңдер дейді. Бір топтың еске сақтауы екіінші топқа қарағанда сапалы болады, өйткені еске сақтап қайта жаңғырту үшін мақсат қоюдың маңызы ерекше.
2. Бала материалдың мән – мағынасын жақсы түсінсе, есінде бәрін жасы сақтайды.
3. Бала еске сақтауға тиіс материалдарды көзімен көріп, қолымен ұстап тәжірибе жүзінде ұзақ, тікелей әрекет етсе, есіңде жақсы сақтайды, ал тез есте сақтаса тез ұмытады, әсіресі оқу әрекетін меңгерту кезінде баланың әртүрлі есінің типтік ерекшеліктерін ескеру керек.
В.С.Мухина бойынша мектепке дейінгі шақ есте сақтаумен еске түсіру қабілеттілігінің пәрменді дамуымен сипатталады. Адамдар, оқиғалар есте сақталатын кезең мектепке дейіңгі шақта анықталмаған мерзімге ығысады. Шындығында бізге сәбилік шақтағы оқиғалардан бірденеңі еске түсіру қиын немесе мүлде дерлік мүмкін болмаса, мектепке дейінгі балалық шақ көптеген әсерлі сәттерді есте қалдырады. Бұл әсіресе мектепке дейінгі ересектерге тән. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс – әрекет арқылы жүзеге асады, әрі іс – әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс – әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есіне сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет