Мектепке дейінгі балалардың даму, өзгеру процесі Бала мектепке дейінгі даму процесі нәрестелік дағдарыс аяқталғаннан соң ,3-тен 6 жасқа дейінгі аралықты мектепке дейінгі кезен деп есептейді. Бұл кезде бала алғашкы кезеңмен салыстырғанда тез өсіп, салмағы тез артады. Жоғарғы жүйке жүйесінің дамуы да жоғарлайды, бойының өсуінде де өзгерістер байқалады. Мысалы, 5 жасында 6-7 см-ге артса, 6 жаста 7-8 см өссе, 7 жасын- да 10 см өседі. Бұл әр баланың даму процесі болып табылады.Баланың кеуде клеткасының өсуіне байланысты аяғы мен дене пропорциясы өзгереді. Сонымен қатар ойлау қабілеті артады. Бұлшық еттері дамиды, денесі кішкене кезеңмен салыстырғанда сымбатты бола бастайды. Қимыл қозғалысының дамуы бұлшық етінің дамуына үлкен әсерін тигізеді.
Сонымен қатар қан айналым жүйесінің жұмысында да өзгерістер байқалады. Жүрегінің көлемі 4 жасында 1 жаспен салыстырғаннан 4-5 есе артады.Баланың қан айналым жүесі кеңейіп осы дағдарыс кезінде организімінде ерекшеліктермен қатар өзгешеліктерді де байқауға болады. Сәбилік кезеңмен салыстырганда қан тамырларынын соғуы да жиілейді. 5-6 жаста қан тамырларының соғуы төмендейді, бірақ ересек адаммен салыстырғанда баланын қан тамырынын соғуы жиі болады. Себебі баланың дене көлемі кішкентай ,ал үлкен адамның ене көлемі үлкенірек сол себепті балалардың қан аналымы тез жүреді. 7 жасқа келгенде бас миының салмағы артады, яғни 3 жаста 1200 грамм болса, 7 жаста 1250 грамм болады.Денемен қатар ми да өзгерістерге ұшырап отырады.Бала қабылдауының ерекшелікері,қоғамдық тәжірибиелерд меңгеруі,қоршаған ортаны,адамгершілікті қабылап өз бетінше шешімдерді қабылдай алады.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау үдерісініің дамуы.
Мектепке дейінгі кезеңде қабылдау өзінің алғашқы аффективті сипатын жоя бастайды. Қабылдау мағыналы, мақсатқа бағытталған, талдаулы бола бастайды. Бақылау, қарау, ізденіс сияқты ерікті әрекеттер бөлінеді. Сөйлеу қабылдаудың дамуына маңызды ықпал етеді. Бала әртүрлі объектілер және олардың арасындағы қатынастардың сапаларын, белгілерін, жағдайларын белсенді түрде қолдана бастайды. Құбылыстар мен заттардың қасиеттерін айта отырып, ол өзіне сол қасиеттерді бөліп алады, заттарды атап, олардың басқалардын қандай айырмашылығы бар екенін бөліп,ажырата алады.Ойлаудың негізгі ойлау жолы – көрнекі әрекеттік ойлаудан көрнекі образдық және кезең соңында сөздік ойлауға ауысуы. Ойлаудың негізгі түрі – көрнекі образдық болып табылады, бұл Жан Пиаженінің терминологиясына сәйкес келеді. Мектепке дейінгі кезеңде бала образды ойлауда болады, себебі, ол әлі үлкендердің пайымдау логикасын меңгермеген. Бала ойы Л.Ф.Обухованың экспериментінде қарастырылады. Ж.Пиаже біздің балалар үшін кейбір сұрақтарды қайталайды.Білім алу балалар ойлауын дамытудың міндетті шарты болып табылады. Бұл білімнің бір сыпырасын балалар тікелей үлкендерден, ал өзгеулерін үлкендердің жетекшілігі және бағытталуы арқылы өз бақылаулары мен іс – әрекетінің тәжірибесінен алады. Білімі қорының біраз артуы әлі ойлаудың дамуын түсіндіре алмайды. Білімді игерудің өзі ойлаудың нәтижесі болып табылатын ойлау міндеттерін шешетін іс екендігінде. Егер бала өз іс – әрекетінің жеместі болуына әсер еткен жағдайларды, үлкендер көрсеткен тәжірибелерді және өз ой үлесін ажырата білмейінше үлкеннің түсіңдіруін де ұқпайды, өз тәжірибесінен де ешбір сабақ ала алмайды. Игерілген жаңа білім ойлаудың одан әрмең дамуына әсер етеді, баланың ойлау іс – әрекеттерінің жаңа міндеттерін шешуге пайдаланылады.