Бөж тақырыбы: Мұхаммед пайғамбар өмір жолы Қабылдаған: Аға оқ. Бейсенов А. Орындаған: жхм-111 Бейсенбай С. Жоспар


Пайғамбардың сапарға дайындалуы және құрылған тордан құтылуы



бет3/3
Дата27.11.2023
өлшемі52,95 Kb.
#129808
1   2   3
Пайғамбардың сапарға дайындалуы және құрылған тордан құтылуы

Расулуллаһ Әбубәкiрдiң үйiнен қас қарая оралды. Құрайштың екi жiгiтi оның үйiнiң жанына келiп, ұйықтайтын мезгiлдi күтiп отырды. Бұл екi жiгiттiң өзiн өлтiруге келгенiн бiлген Пайғамбарымыз: “Әбутәлiптiң баласы менiң төсегiме жатып ұйықта”, – дедi. Сөйттi де өзi сыртқа шықты. Аллаһ Та`ала қара ниеттi жiгiттердiң көздерiн көлегейлеп, Пайғамбарымыздың үйден шығып кеткенiн байқатпады. Қарақшылар жұрттың бәрi ұйықтады-ау дегенде, Расулуллаһтың үйiне баса-көктеп кiрдi де, төсектiң жамылғышын ашып қалды. Осы кезде олардың көздерi атыздай болып, бiр-бiрiне бақырайып қарап қалды. Өйткенi төсекте олар iздеген Расулуллаһ емес, Әбутәлiп ұлы Әли жатыр едi.

  1. Пайғамбардың Құбаға жетуі.

Мұхаммедтiң, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, келе жатқан хабарын естiген Иасриб жұрты күнде жол қарап, асыға күттi. Қаланың шыға берiс аузына жиналып, күнқызғанша күтiп отыратын болды. Пайғамбарымыз шы-жыған ыстыққа қарамай сапар шегiп, Иасрибқа екi шақырымдай жердегi Құбаға келiп жеттi. Бұл кезде дұшпандардың зұлым ниетiнен қауiптенiп, оларды ансарлардан (иасрибтықтар) құрылған бiр топ қарулы жасақ күтiп жүргенедi.Расулуллаһты бiрiншi болып солар қарсы алды. Құбада Пайғам-барымыз Ауфұлы Әмiрдiң үйiне қонақ болды. Мұнда он күндей тұрақтады. Бұл кезде мұсылмандар салған мешiт дайын болып қалған едi, халық мұны Құба мешiтi деп атады. Бұл Исламдағы тұңғыш салынған мешiт едi.

  1. Пайдаланған әдебиет

  1. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

  2. Ислам. Энцеклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна Ltd.». «ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет