Бөж тақырыбы: Н. А. Назарбаевтың Болашаққа бағдар мақаласы аясында қазіргі мәдениеттегі гносеологиялық талдау негізінде салыстырмалы кестесін жасау Орындаған Тулегенова Айша Тобы пмно-21к тексерген Жәкежан С



бет2/6
Дата07.12.2022
өлшемі30,31 Kb.
#55717
1   2   3   4   5   6
Бәсекелестiкке қабiлеттiк - бірнеше деңгейде қарастырылатын экономикалық категория: тауардың (қызметтің) бәсекелестікке қабілеттілігі; тауар өндірушінің (немесе фирманың) бәсекеге қабілеттілігі; салалық бәсекеге қабілеттік; елдердің бәсекеге қабілеттілігі. Бұл деңгейлердің арасында тығыз іштей және сырттай тәуелділік бар: елдік және салалық бәсекеге қабілеттілік діттеп келгенде нақтылы тауар өндірушінің бәсекеге қабілетті тауар шығаруына байланысты. Тауардың бәсекеге қабілеттілігінің астарында оның ішкі және сыртқы нарықта табысын анықтайтын тауардың тұтынушылық, бағалық, сапалық сипаты жатыр. Тауардың бәсекеге қабілеттілігі тек соған ұқсас тауарлармен салыстыруда ғана анықталады. Тауарлық бәсекеге қабілеттілігі әртүрлі факторларга байланысты анықталады. Олардың арасында өнімдердің бағасы мен сапасына әсер ететін өндіріс шығындары, еңбектің өнімділігі мен қарқындылығы аса маңызды болып табылады. Жаһанданушы әлемде әлемдік бәсекеге қабілеттілікте алдыңғы орынға өнімнің баға факторы емес, тауар сапасы, жаңалығы, ғылымилығы, зияткерлігі шығып отыр. Сондықтан да әлемнің көптеген елдері өз тауарларының бәсекеге қабілеттігін инновациялар, жоғары технологиялық өнімдердің есебінен арттырып отыр. Ондай өнімдерді ғылыми-техникалық әлеуетті дамытпай шығару мүмкін емес. Оны бағалау үшін инновацияға кеткен шығынның көрсеткіші қолданылады. Бұл көрсеткіш елдің инновациялық қызметке қабілеттілігін, ғылыми техникалық қамтуға шыққан шығынмен қоса дизайнға, маркетингке жұмсалған қаржы, ғылыми саладағылардың саны, елдің ішінде және шетелдерде алынған патенттер саны, зияткерлік құқықтың қорғалу дәрежесі, білім саласының қаншалықты дамығандығын есепке алады. 
2. Прагматизм;
Президент Назарбаев бұл туралы өзінің мақаласында жақсы түсіндіреді. «Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Президенттің пікірінше, нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі. Өкінішке қарай, бізде кез-келген адам өзін прагматик деп атай алмайды. Несиені қалай төлейтінімізді білмей, мақсатсыз алу, қымбат көлік міну немесе дүркіретіп тойын жасауға құмармыз. Ал шын мәнісінде, не тұрақты жұмысымыз, не бизнес, не нақты өмірлік жоспар жоқ – бұл жағдай таныс па?
Бұл бізді ұятқа қалдыратын мәселе ғана емес, біздің дамуымызды тежейтін негізгі мәселе. Нақты прагматикалық әдістердің болмауы барлық деңгейде байқалады емес пе? Бізде өндіріске немесе заманауи инфрақұрылымның дамуына емес, керісінше ешкімге керексіз, пайдасыз дүниелерге ақша жұмсағанды тәуір көретіндер бар. Прагматизмнің жетіспеушілігі, нақты есептеу мен барлық жағдайларды жоспарлау арқылы жеке адамдар да, тұтас алғанда да ұлт көздеген мақсаттарына жете алмайды.
Нәтиже – үмітсіздік, қарыздар мен ресурстардың бекерге жұмсалуы. Ал негізі бәрін басқаша жасауға да болар еді... «Ұлт немесе жеке адам нақты бір межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең іске аспақ түгілі, елді құрдымға бастайтын популистік идеологиялар пайда болады. Өкінішке қарай, тарихта тұтас ұлттардың ешқашан орындалмайтын елес идеологияларға шырмалып, ақыры су түбіне кеткені туралы мысалдар аз емес», - дейді Мемлекет басшысы. Президент радикалды идеологиялардың ғасыры өткендігін және барлық адамдарға жоспардан тыс күтпеген қауіп төндіргендігін атап өтті. Біздің елімізге нақты жоспарлар мен бәсекеге қабілеттілік қажет. «Адамның да, тұтас ұлттың да нақты мақсатқа жетуін көздейтін осындай бағдарлар ғана дамудың көгіне темірқазық бола алады», - деп түйіндеді Нұрсұлтан Назарбаев. Ең бастысы, олар елдің мүмкіндіктері мен шама-шарқын мұқият ескеруге тиіс. Яғни, реализм мен прагматизм ғана таяу онжылдықтардың ұраны болуға жарайды».
Шынымен де, бұл жайлы ойлау, әсіресе бір күндік өмірімен ғана өмір сүретін адам үшін пайдалы болар еді. Сенің жетістігің- сенің қолыңда, бірақ оған жету үшін «мимен жұмыс жасау керек». Қарапайым ғана шындық жеке адам мен тұтастай мемлекет үшін де маңызды болмақ...
Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.
Оның екі қыры бар.
Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту.
Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.
Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгіле­рі­нің қандай қатері болуы мүмкін?
Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгі­сін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ре­тінде қарастыруда болып отыр. Алайда, өмірдің өзі бұл пайымның түбірімен қате екенін көрсетіп берді. Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда.
Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй­лері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана.
Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мей­лін­ше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді.
Мысалы, жершілдікті алайық. Әрине, туған жердің тарихын білген және оны мақтан еткен дұрыс. Бірақ, одан да маңыздырақ мәселені – өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте болмайды.
Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қос­қан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап баға­ланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз. Бұл жүйе жең ұшынан жалғасқан тамыр-таныстықты көтермейді.
Осының бәрін егжей-тегжейлі айтып отыр­ғандағы мақсатым – бойымыздағы жақсы мен жаманды санамалап, теру емес. Мен қазақ­стан­дық­­тардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын.
Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды.
Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет