Бөж тақырыбы: Н. А. Назарбаевтың Болашаққа бағдар мақаласы аясында қазіргі мәдениеттегі гносеологиялық талдау негізінде салыстырмалы кестесін жасау Орындаған Тулегенова Айша Тобы пмно-21к тексерген Жәкежан С



бет5/6
Дата07.12.2022
өлшемі30,31 Kb.
#55717
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Философия бөж 6 шы

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бүгінгі замандастарымыздың түрлі салалардағы жетістіктерін дәріптеуді қамтамасыз етеді және жастарды адамгершілікке тәрбиелеудің жарқын үлгісі болады. Бұл тапсырмалар мемлекеттің және азаматтық қоғамның барлық идеологиялық жұмысының орта мерзімді перспективадағы негізі болады. Назарбаев айтқандай: «Болашақтың негізі, білім ордаларының аудиторияларында қаланады». «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асырып, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды оқытудың жаңа деңгейіне шығу мына мақсаттарға қол жеткізуді көздейді: – еліміздің барлық жоғарғы оқу орындарында гуманитарлық ғылым кафедраларын қайта құру; – гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік 100 кітапты қазақ тіліне аудару; – мемлекеттік емес Ұлттық аударма бюросын құру. Оқулықтарды қазақ тіліне аудару жобасының жиынтық әсері 2018-2019 жылдардан бастап еліміздегі жоғары оқу орындарының студенттері қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша әлемде үздік оқу үлгілері болып табылатын кітаптармен оқуды бастайды.
Суға басында отырған ел емес, аяқта қоныс еткен ел иелік етеді деп қорытындыласақ ұлттық идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз. Ең бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын.

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.
Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маң­дайалды университеттерінде оқытып, дайын­дадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жыл­дарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдар­ламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгей­дегі бірқатар университеттер ашылды, зият­керлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды.
Дегенмен, білімнің салтанаты жалпыға ор­тақ болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себеп­­тері бар. Технологиялық революцияның беталы­­сына қарасақ, таяу онжылдық уақыт­та қазір­гі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді.
Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген.
Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағ­дайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгер­туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.
Осыны бек түсінгендіктен, біз білімге бөлі­нетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлем­дегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санаты­на қосылып отырмыз.
Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. Адамзат ғасырлар бойы, жердің қалай пайда болғанын, өмірдің, дүниетанымның қайдан шыққанын зерттемек болып талпынған. Негізінен еш бір адамзат бұл сұраққа толығымен жауап бере алмаған, тіпті ұлы филостфтардын тек қана дәлелденбеген пікірлері мен теориялық ойлары ғана бар. Осы сұрақтың жауабына катысты философия тарихында үш негізгі түсінік бар, олар - "оптимизм", "скептизм", "агностизм".
Гносеологиялық оптимизм - бұл адамның танымдық қабілеттерінің шексіз мүмкіндіктерін талап ететін, адамның дүниені, объектілердің және өзін-өзі тануы үшін іргелі кедергілер жоқ деп сенетін бағыты деп айтуға болады.
Экологиялық қауіпсіздік мәселелері аясында эпистемологиялық оптимизмнің функциялары мен рөлі, оның қазіргі рационалды білімдегі орны қарастырылады. Эпистемологиялық оптимизмнің ғаламшардағы экологиялық тұрақтылық туралы заманауи ғылыми көріністі қалыптастыруға қалай әсер ететіндігі көрсетілген. Экологиялық тұрақтылық пен қауіпсіздіктің негізгі түсініктері келтірілген. Олар осы зерттеудің теориялық негізі ретінде қарастырылады. Жұмыстың мақсаты - планетаның экологиялық қауіпсіздігіне назар аудару. Экологиялық қауіпсіздік мәселелері қоғамға жаһандық апаттардан қорғанудың жолдарын жасауға мүмкіндік беретін ғылымды дамытудың жаңа, дәстүрлі емес әдістерін іздестіру міндетін қойды. Қазіргі әлемдік дағдарыс жағдайларын жаңаша түсінуге әкелетін іргелі және философиялық білім бірлігінің өзекті мәселесі зерттелуде. Іргелі және философиялық білімнің өзара келешегі қарастырылып, оның ғаламдық, оның ішінде дағдарысты, процестерді басқарудағы үлкен әлеуеті туралы қорытынды жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет