Бөж тақырыбы: Постнаталды кезеңдегі қанның өндірілуі



бет1/6
Дата18.02.2023
өлшемі0,61 Mb.
#69035
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жақсылық Сұлтан гистология бөж2

«Астана медицина университеті» КеАҚ «Гистология және цитология»кафедрасы


БӨЖ
Тақырыбы:Постнаталды кезеңдегі қанның өндірілуі
О р ы н д а ғ а н : Жақсылық Сұлтан
Т о п : 101
Ф а к у л ь т е т : Педиатрия
Т е к с е р г е н : Б отагөз Кассенкановна
Астана 2022ж

ЖОСПАР:


постнаталдық гемоцитопоэз туралы түсінік
постнаталдық гемоцитопоэздің
түрлері миелоидты тін
қанның дің жасушалары лимфоидты тін
даму стадиялары эритроцитопоэз гранулоцитопоэз трамбоцитопоэз мноцитопоэз

Постнаталдық гемоцитопоэз


Нәресте дүниеге келгеннен кейінгі қанның формалық элементтерінің түзілу процестерін постнаталдық гемоцитопоэз деп атайды.
Адамның 70 жыл өмірінде:
1. 275 кг лимфоциттер
2. 460 кг эритроциттер
3. 5400 кг гранулоциттер
4. 40 кг тромбоциттер түзіледі екен.

Постнаталдық гемопоэз

  • МИЕЛОИДТЫ
  • Сүйектің қызыл кемігінде
  • Миелопоэз Гранулоцит, тромбоцит,
  • эритроциттер
  • ЛИМФОИДТЫ
  • Лимфоидты тінде Т- және В- эффекторлар қалыптасуына
  • әкелетін Т- және В- лимфоциттердің
  • пролиферациясы мен дифференциялануы. лимфопоэз

МИЕЛОИДТЫ


Миелоидты тін ретикулярлы тіннен және оның торларында орналасқан қанның дамушы формалық элементтері гемопоэздік жасушалардан тұрады. Миелоидты тінді зерттеу үшін аспирация арқылы жалпақ сүйектерден алынған қызыл кеміктің гистологиялық кесінділерін және жағындыларын жасайды.
Ретикулярлы тіннің жасушалары мен талшықтары миелоидты тіннің бүкіл көлемін қамтитын, үш өлшемді торды құрайды. Тіректік функциясы гуморалдық факторларды секреттейді.
Гемопоэздік жасушалар үш өлшемді тордың тұзақтарында орналасады, және олардың әрқайсысында бір дефферонның жасушаларын бірге топтастырып, гемопоэздік аралшықтар құрайды.Олардың барлығы қанның дің жасушаларынан (ҚДЖ) дамиды.Миелоидты тін - ҚДЖ-ларының негізгі қоныстанатын орны және пайда болу көзі. Сондықтан сүйектің қызыл кемігі қан түзілудің орталық ағзасы деп саналады және лейкозды емдеу кезінде трансплантат қондырым ретінде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет