1.Сана ұғымына анықтама Сана (ағылш. mind) – өзіне қатысты кез келген нәрсеге бағытталып, оны қайта бейнелей алатын, өз-өзіне айқын менталды феномендерді (mental phenomena) әйгілейтін түрлі қабілеттер кешені. Бұл қабілеттерге ойлау, қиял, жады, ерік және сезім қатарлылар жатады. Олар түйсіну, ауырсыну тәжірибесі, сенім, аңсар, ниет және эмоция секілді түрлі рухани феномендерді әйгілейді. Менталды феномендердің түрлі қабаттағы өзара байланысты әртүрлі классификациялары ұсынылды. Әдетте олар сезімдік, болжамдық, ниеттенулік (intentional), ар-намыстық және кездейсоқ болуына орай түрлі топтарға жіктеледі. Сана дәстүрлі мәдениеттерде ерекше субстанция ретінде түсіндірілді, дегенмен қазіргі заман перспективасы көбінесе сананы адам мен жоғары деңгейлі жануарларға тән ішкі қасиет және қабілет ретінде қарастырады. Сана проблемасындағы өзекті сауал ретінде "адамнан басқа болмыстың санасы бар ма?" және "дене мен сананың байланысы қалай болады?" қатарлыларды айтуға болады. Ал, оларға берілген адами анықтама адам таңдауына үлкен әсер етеді. Сана, немесе діл әдетте адам денесіне, материяға, немесе физикалық затқа салыстқарамалы айтылады. Бұл салыстырмалықтың табиғаты, әсіресе сана мен ми арасындағы байланыс мәселесі - тарихтағы әйгілі пікірталас түйіні болған сана-дене проблемасы деп аталады. Дәстүрлі көзқарастар негізінен зердені бейфизикалық деп санайтын дуализмге, немесе идеализмге көбірек негізделеді. Заманауи көзқарастар көбінесе физикализмге, немесе функционализмге негізделеді, олар бойынша сана мимен қарайлас нәрсе, немесе сананы нейрондар белсенділігі секілді физикалыққұбылыстарға редукциялауға болады. Дегенмен дуализм мен идеализмнің жақтаушылары әлі де көп.Келесі бір сұрақ, қандай түрдегі болмыс санаға қабілетті екеніне қатысты. Мысалы, сана тек адамға ғана тән бе? Кейбір, немесе барлық жануарларда, немесе барша тіршілік түрлерінде тегіс сана бола ма? Сана мүлде қатаң түрде анықталатын сипаттама ма? Сана кейбір адам жасаған машиналардың да қасиеті ме? тб.
Әртүрлі мәдени және діни дәстүрлер зерденің әртүрлі тұжырымдамаларын жиі пайдаланады, әрі түрлі қатысты сұрақтарға әртүрлі жауап береді. Кейбіреулер Сананы тек адамдарға ғана тән қасиет деп санаса, басқалары оны жансыз заттарға, хайуанаттарға және киелі күштерге де ортақ қасиет деп санайды (мысалы, панпсихизм және анимизм). Өте ежелгі жазылған болжамдардың кейбіреулері, мысалы, Зороастр, Будда, Платон, Аристотель және өзге де ежелгі Грек, үнді, кейінірек Шығыстық және ортағасыр Еуропа философтары ілімдерінде сананы көбінесе жан, немесе рухпен бірдей етіп сипаттап, өлімнен кейінгі өмірге де, космологиялық және табиғи тәртіпке де қатысты теориялармен байланыстырады.