Бөж тақырыбы: Сана философиясы Қабылдаған: Досалиев т орындаған: Мұханбетияр н тобы: ФҚӘ-111 Түркістан-2022 Жоспар



бет3/4
Дата16.10.2022
өлшемі43,5 Kb.
#43516
1   2   3   4
Байланысты:
Сана философиясы

2.Менталды қабілеттер
Кең мағынада айтқанда, менталды қабілеттер - бұл сананың түрлі функциялары, яғни сана не "істей" алатыны.
Ойлану (ағылш. Thought) - бұл адамдардың өз қажетсінуіне, қызығуына, нысанасына, уәдесіне, жоспарына, мақсатына, аңсарына сай дүниедегі нәрселерді олардың маңызы бойынша тануы, әйгілеуі және түсіндіруі сынды менталды белсенділігі. Ойлану негізінен ырықсыз түрде басталуы және жалғасуы мүмкін; ол табиғи, автоматты, ауыспалы, еркін сипатта болады; онда қою эмоциялық ерекшелік болады. Ойлану мәлім идеялар мен деректердің символды, немесе семиотикалы мәні мен мағынасына сай жүріседі, сөйтіп біз ұғым қалыптастырамыз, түрлі мәселені шешуге автоматты әзірленеміз, логикалық пайымдау жасауға, шешім шығаруға дейін дамимыз. Ойлау (ағылш. thinking) адамдағы танымдық (когнитивті) "жоғары" қызмет ретінде сипатталады, әдетте таным психологиясының маңызды бір саласы осы ойлау процесін анализдеумен айналысады. Ойлануға салыстырғанда Ойлау мақсатты, арнайы, белсенді түрде жүреді, сұрақтармен жұмыс жасайды, ойлау процессі меңгеріледі, басқарылады, бағытталады, реттеледі, түзетіліп, жетілдіріліп отырады. Ойлау әсіресе құрал жасау және қолдану, себеп пен салдарды жыға тану, маңызды белгілерді аңғару, тәжірибе-қимылдың өзгеше контекстін ұғыну мен айқындау, мағыналы түрде дүние-өмір мәселелеріне жауап беру қабілеттерімізбен тығыз сәйкескен болады.
Жады (ағылш. Memory) - бұл білімді, ақпаратты, немесе тәжірибені сақтау, салу, және кейіннен қайта еске түсіру қабілеті. Жады философия дәстүрінде тұрақты тақырып болғанымен, ХІХ ғ-дың соңы мен ХХ ғ-дың басында Таным психологиясы парадигмаларында жадыны зерттеу арнайы пән ретінде тыңнан көрініс тапты. Соңғы онжылдықта ол Таным нейроғылымы деп аталатын жаңа ғылым саласының маңызды түйініне айналып, таным психологиясы мен нейроғылымды байланыстырды.
Қиял (ағылш. Imagination) - бұл санада оятылған, немесе қоздатылған жаңа күй, әсерлі бейнелер, өзгеше идеялар мен квалиалар ағыны. Ол тіке пассив тәжірибе бойынша емес, еркін субъективті белсенділік бойынша табиғи қалыптасады. Бұл ұғым психологияда арнайы түрде объекттен сезілген әуелгі сезінулерді санада жаңғырту процесі ретінде қолданылған. Терминнің бұлай қолданылуы күнделік сөйлеу тіліндегі мағынаға қайшы болғандықтан, кейбір психологтар бұл процесті "бейнелеу" (imaging), "кескіндеу" (imagery), немесе қиялды "өсіруге" (productive) салыстырмалы қиялды "өрбіту" (reproductive) деп сипаттауды жөн санады. Қиялдағы нәрселер "сана көзімен" көрілген деп айтылады. Қиялдың көптеген практикалық функциялары арасында мына қабілеттерді атап көрсетуге болады: мүмкін болатын болашақты, немесе тарихты жобалау, нәрселерді өзгеше перспективамен "көру", нәрселерді сезіну тәсілін өзгерту, әсіресе аңысқа (respond) сай шешім шығару, немесе қиялдағыны нақтылау және өзгерту, тб.
Зерде (ағылш. Consciousness) әдетте субъективтілік, сезімталдық және адамның өзі мен қоршаған ортасы арасындағы байланысты сезіну қабілеті секілді қасиеттерді қамтитын сана аспектісі болып, ол әдетте мәлім сәттегі сананың арнайы түрдегі өз-өзіне айқындылығын, өз-өзін сезінген, түйсінген, аңғарған, ұғынған, түсінген күйін білдіреді. Бұл сана философиясы, психология, неврология және танымдық ғылымдардың түрлі зерттеулерінің маңызды тақырыбы. Кейбір философтар зердені субъективті тәжірибенің өзі болып табылатын феноменалды зердеге жатқызады, ол мидағы өңдеу жүйесінің ақпараттарына жалпы қолжетімділікті білдіреді. Феноменальды сананың көптеген тәжірибелік қасиеттері барр, олар квалиа деп аталады. Феноменалды зерде әдетте "бірдеңенің өзі туралы", немесе "бірдеңенің ерекшелігі туралы" зерде болып, ол сана философиясында интенционалдық (ниеттілік) деп аталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет