Сананың мазмұны, яғни көкейдегі менталды мазмұндар сананың "ішінде" деп есептелетін, ментал процестер мен қабілеттер арқылы қалыптасқан және басқарылатын элементтер. Мысалы түрлі ойлар, түсініктер, естеліктер, ұғымдар, эмоциялар, сезінулер, түйсінулер және ниеттер - адамның өзіне айқын болу сипатымен менталды мазмұндар болып табылады. Менталды мазмұндарға қатысты философиялық теориялардан интернализм, экстернализм, репрезентизм және интенционалдық қатарлыларды атап көрсетуге болады.
Негізгі жіктелу менталды феномендерді олардың сезімдік, сапалық, болжамдық, ниеттік, саналылық Сана қабілеттері тудыратын менталды феномендер түрлі ерекшеліктер бойынша жіктеледі., ұғымдық, кездейсоқтық, немесе ақылдық болуына қарай анықтау. Кейбір менталды феномендер, мысалы, сезіну, немесе денелік аңғару әдетте сезімдік, яғни түйсікке (sense) негізделген. Бұл феномендер тәжірибешіл эмпириктерді айырықша қызықтырады, олар сыртқы әлем туралы біздің жалғыз білім көзіміз сол деп есептейді. Сезімдік әсерлерді қамтымайтын ойлау немесе сену секілді бейсезімдік құбылыстармен салыстырылады. Сезімдік күйлер сапалық күйлермен де тығыз байланысты болады, олар квалияға ие, яғни сезімдік күйде болу қандай болатыны субъективті елестетіледі.
Менталды күйлердің тағы бір маңызды жіктелісі - олардың саналылық немесе бейсаналық түрлерінде көрінеді. Көбінесе екі түрлі зерде күйі айқын ажыратылады: феноменді сана және қабылдау санасы. Феноменді сана нақты тәжірибені білдіреді. Жалпы көзқарас бойынша, кейбір сана күйлері, мысалы сезім, немесе ауырсыну секілді көңіл күйлер міндетті түрде феноменді санамен байланысты болады, ал басқалары, мысалы сену мен аңсар секілді көңіл күйлер феноменді сана болса да, болмаса да бола береді. Кейбір көзқарастар бойынша, саналы менталды көңіл күйлер негіздік болса, ал бейсаналы көңіл күйлер феноменальды санада туындаған жағдайда ғана менталды болып саналады.
Қорытынды Адам санасы, оның қоршаған ортамен байланыс ерекшелігіне қарай, «түзу сызықты» болып келмейді. Онда адамнан тыс және оған тәуелді адамның іс-әрекетінінің ерекшелігіне қарай, адамның адаммен, заттармен, табиғатпен қатынас байланыстары түйіскен және жекелеген әрекеттері бекітілген. Бұл қабілеттер әртүрлі үйлесімділікте – анық және жасырын - байланыстар байқалмайтын сана «орталығы»…... Бұл қабілеттіліктердің құрылуы сананың жетілгендігін, «жауапқа қабілеттілігін» ескертеді. Оның деградацияға ұшырауы сананың құлдырауына әкеледі. Әртүрлі уақыт кезеңдерінде адам санасы бір нәрсеге шоғырлана бекітілген. Оның белгілі бір затқа қатысты айқындалып көрінуін, «ашылуын», ол өзі анықтайды. Бұл – оның қалыпты жұмыс жағдайы. Сана жеке адамның затқа, формаға және кейінгісі адамның адаммен байланысы ретінде, әрекеттерде оларға тән қатынасты бекітеді. Жеке адамның басқа адамдармен, заттармен қарым –қатынас үдерісіндегі байланысы және оның арғы жағында жасырын жатқан құбылыстары сана арқылы енгізіледі. Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше объект. Ол адам өмірінің «мүшесі» ретінде қызмет атқарғанымен, бірақ оның өмірі, адам дене мүшесімен ғана шектеліп қалмайды, керісінше одан шығатын күштер оның сыртында, – адамзаттық қарым-қатынастар әлемінде, адамдар әрекеттерінің әдіс-тәсілдерінде, мәдени формалар мен әртүрлі табиғи күштерде көрініс табады.
Пайдаланылған әдебиеттер 1.Ақназаров Х. Философия тарихынан дәрістер курсы Алматы., 1997 ж 2.Бейсенов Қ. Философия тарихы. Алматы., 1992 ж
3.Философия А 2002 ж
4.Нурышеаа Г. Философия лекциялары курсы. Оқу құралы. Алматы. Зият Пресс 204 б