Иіс сезу мүшелері:
Иіс сезу мүшелері – адамның және жануарлардың иіс қабылдайтын органы.
Иіс сезу мүшелері иіс сезу шұңқыршасын жауып жатқан иіс сезу
клеткаларынан тұрады. Омыртқасыз жануарларда иіс сезу мүшелері
эктодермадан дамиды және олардың әр жерінде жеке не топтанған клетка
түрінде болады. Омыртқалы жануарлар мен адамдарда мұрын қуысының (иіс
сезу шұңқыршасының) кеңейіп, тереңдеуіне байланысты иіс сезу мүшелері
одан әрі жетіле түседі. Кейбір жануарлардың иіс сезу мүшелері болмайды
(аносоматиктер). Оларға дельфиндер жатады. Адамдарда иіс сезу мүшелері
мұрын
қуысының жоғарғы бөлімінде, яғни жоғарғы мұрын
қалқаны мен
мұрын қалқасының жоғасыр бөлігінде орналасқан. Заттардың иісі
ауамен бірге
мұрын
қуысына еніп, иіс сезу мүшелерінің иіс сезетін, жүйке клеткаларынан
түзілген рецепторларда қабылданады. Бұл клеткалардың ортасындағы
өсінділері бассүйектің тор сүйегі арқылы миға өтетін 15 – 20 иіс сезу
жүйкелерін құрайды. Мидың ілгек деп аталатын бөлігінде иіс сезу
мүшелерінің (анализаторының) орталығы орналасқан. Осы орталықта әр түрлі
иістер саналы түрде қабылданады.
Рецепторлы жасушалар:
Адам денесінің әрбір бөлігінде рецепторлардың бірнеше түрі бар.
Мысалы, ауыз қуысында дәм сезу рецепторларынан басқа ыстық, суық
және ауыруды сезу рецепторлары да орналасқан. Сондықтан кәдімгі
жағдайда бізде жеке сезімдер емес, сезімдердің тұтас үйлесімі пайда
болады.
Анализаторлар да бір-бірінен оқшау емес, тығыз өзара әрекетте
қызмет етеді. Жеке анализаторлардан жүйке жолдары мидың қатаң түрде
белгілі бір орталығына бағытталады. Мысалы, шүйде аймағында - көру
анализаторының жоғары бөлімі, ал самай
аймағында - есту, төбе
аймағында тері бөлімі орналасады.