І. Халық валюта қатынастары және валюта жүйесі. Валюталық қатынастар мен валюта жүйесінің
Халықаралық валюта қатынастары — дегеніміз дүние-жүзілік шаруашылықта орын алатын валюталық іс әрекеттермен кезінде қалыптасатын және ұлттық шаруашылықтар қызметі нәтижелерінің өзара айырбасын жүзеге асатын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері векселдік және айырбастау әрекеттері түрінде ежелгі Греция мен Римде орын алғандығы тарихтан белгілі. Валюталық қатынастар дамуының келесі кезеңі ортағасырлық Лион Антвериен қалаларындағы «вексельдік жәрменкелер» болып табылады. Капиталистік өндіріс әдістері қалыптаса бастаған кезеңдерінде халықаралық есептеу жүйесі банктер арқылы дами бастады. Халықыралық валюта қатынастары өркендеуі өндіргіш күштерін қарқынды өсуімен дүние жүзілік рыноктың қалыптасуы мен халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен шаруашылық байланыстарының интернационалдану және жихандануымен сипатталады. Халықаралық валюта қатынастар халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына жалпылама түрде өзінің онды әсерін тигізеді. Халықаралық экономикалық қатынастар материалдық өндіріс арасында тікелей және кері байланыстар қалыптасқан. Олардың абективті негізгі халықаралық тауарлар, капиталдар, қызмет көрсетулер айырбасын туындататын қоғамдық ұдайы өндіріс процесі болып табылады. Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономикалық дамуын ақ саяси себептерден тәуелді, сондай — ақ халықаралық қатынастарға тән әріптестік және қайшылық сияқты екі үрдестер арақатынасына да тығыз байланысты болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда соның ішінде валюталық байланыстар да бар саясат пен экономика дипломатия мен коммерция өнеркәсіп өндірісі мен сауда араласып жататындықтан валюталық қатынастар ұлттық өндірісімен мен сауда араласып жататындықтан валюталық қатынастар ұлттық және дүниежүзілік шаруашылықта ерекше орын алады. Дүниежүзілік рыноктың капиталдар айналымы процесіне қосылуы ақша капиталы бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетелдік валютаға және шетелдік валютаға және шетелдік валютаның ұлттық ақшаға айналып жатқанын көрсетеді мұның өзі халықаралық есептеулерде валюталық, кредиттік және қаржылық операцияларда орын алып жатады.
Валюталық қатынастар удайы өндіріске қатысты екіншілей болғанымен бұл қатнастардың салыстырмалы дербестігі бар және олар удайы өндіріске қарама қарсы әсер етеді шаруашылықтың интернационалдануы жағдайларында ұдайы өндіріске қарама — қарсы әсер етеді. Шаруашылықтың интернационалдану жағдайларында ұдайы өндірісінің сыртқы факторлардан дүниежүзілік өндірістің динамикасынан шетелдік ғылым мен техника деңгейінен халықаралық сауданың дамуынан, шетелдік капиталдардың келуінен тәуелділігінің күшейе түседі. Халықаралық валюта қатынастары ұймдастыру және реттеу формасы. ¥лттық дүниежүзілік халықаралық валюталық жүйелер ажыратылады. Халықаралық валюта қатынастары шаруашылық байланыстарының интернациалдануы негізінде бірте-бірте белгілі бір формаларды иемдене бастады. Нәтижесінде валюта жүйе қалыптасты. Валюталық жүйе дегеніміз- ұлттық заңнамамен немесе мемлекет аралық келісіммен бекітілген валюталық қатнастарды ұйымдастыру және реттеу формасы.
Ұлттық, дүниежүзілік, халықаралық валюталық жүйелер ажыратылады. Дүниежүзілік валюта жүйесінің ғаламдық шаруашылықтағы мақсаттары және қызметі мен реттелуі механизмдерінің ерекшеліктері бола тұра оның өзі ұлттық валюта жүйелерімен тығыз байланыста болады. Бұл байланыс сыртқы экономикалық әрекеттерге қызмет көрсететін елдердің валюталық саясатын мемлекетаралық реттеу мен үйлестіру аясында көрініс табады. Ұлттық және дүниежүзілік валюта жүйелерінің өзара байланысы олардың ұқсастығын көрсетпейді себебі олардың мақсаттары мен міндеттері, қызметі мен реттелуі жекелеген елдердің экономикасына және дүниежүзілік шаруашылыққа әсері әртүрлі.
¥лттық валюта жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:
Ұлттық валюта;
Ұлттық валютаның айырбасталу, аударылу(конвертациялау)мүмкіндіктері;
Ұлттық валютаның паритеті (құны)
Ұлттық валюта курсының (бағанының) режимі;
Валюталық шектеулердің бары немесе жоғы валюталық бақылау;
Ел валютасының халықаралық өтімділігін ұлттың реттеу;
Халықаралық кредиттік құралдар айналымын пайдалануы ережесі;
Елдің халықаралық есептеулер ережелері
Ұлттық валюталық рынок пен алтын рыногының режимі (тәртібі);
Елдің валюталық қатынастарын басқарушы және реттеуші ұлттық органдар;
Ал дүниежүзілік валюта жүйесінің негізгі элементтері болып төменде көрсетілгендер саналады;
Резервтік валюталар халықаралық есептеуге арналған валюталық бірліктер.
Валюталардың өзара айырбасталу шартары;
Валюталық шектеулерді мемлекетаралық реттеу;
Халықаралық есептеулердің негізгі факторларын үйлестіру;
Мемлекетаралық валюталық реттеуді жүзеге асырушы халықаралық ұйымдар
Ұлттық валюта жүйесінің негізін осы мемлекеттің заңымен бекітілген ұлттық валюта — ақша бірлігін құрайды. Халықаралық экономикалық қатынастарда пайдаланылатын ақшалар валюта болып есептеледі. Халықаралық есептеулерде әдетте шетелдік валюта басқа елдердің ақша бөлігі пайдаланылады. Шетелдік валютадағы кез келген төлем құралы — девиз түсінігі анықтауышысы болып табылады.
Шетелдік валюта валюталық рыноктардағы сатып алу — сату объектісі болып табылады, халықаралық есептеулерді пайдаланылады, банктік есепшоттарда сақталады, бірақ осы мемлекет аумағында заңды төлем құралды бола алмайды. Кез келген елді күшті инфляция мен дағдарысты жағдай орыналғанда ұлттық валютасы одан гөрі тұрақты шетелдік валюта ығыстырады. Қазіргі кезде мұндай валютаға доллар жатады. Еуроодоқ елдерінің ортақ валютасы еуро да соңғы уақыттарда доллармен тайталаса алу мүмкіндіктердің көрсетіп бағуда. «Валюта» категориясы ұлттық және дүниежүзілік шаруашылықтың өзара әрекеті мен байланысын қамтамасыз етеді.
Дүниежүзілік ақша деп халықаралық экономикалық, саяси, мәдени қатынастарға қызмет көрсететін ақшаларды атайды. Дүниежүзілік ақшалардың қызметтерінің формалалары ұлттық ақшалар түрін өткен алтын ақшалардан кредиттік ақшаларға дейінгі жолда қайталайды. Нәтижесінде XX ғасырдың валюта жүйесі бір немесе бірнеше ұлттық валютаға негізделеді.
Айырбасталу мүмкіндігі бар ұлттық валютаның ерекше категориясына резервтік валюта жатады. Резервтік валюта халықаралық төлем және резервтік қаражат қызметін басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағам рөлін атқарады сондай — ақ дүниежүзілік валюта жүйесіне қатысушы елдердің валюталары бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция үшін қолданылатын құрал болып табылады. Қазіргі кезде резервтік валюта ретінде АҚШ-тың доллары еуроодақтың еуросы пайдаланып отыр.
Резервтік валюта мәртебесі оны шығарушы елге мынадай артықшылықтар береді; төлем, балансын тапшылығын ұлттық валюта есебінен жабу мүмкіндігі дүниежүзілік рыныктағы бәсекелік күресте ұлттық экспотерлердің позициясын нығайту. Сонымен қатар ұлттық валютаны резервтік валюта рөлін жоғарлату сол елдің экономикасына белгілі бір міндеттер жүктейді Олар; осы валютаның салыстырмалы тұрақтылығын қамтамасыз ету девальвацияға бармау сондай — ақ валюталық және сауда шектеулерін алып тастау.
Валюта жүйесінің келесі элементі оның шетель валютасына айырбасталу дәрежесі еркін айырбастайтын валюталық шектеулерден сақталған жартылай айырбасталатын валюталар бар екендігі белгілі. Валюталық шектеулерден бар немесе жоқ болуы да валюта жүйесін элементтерінің біріне жатады. Валюталық құндылықтарымен операцияларды шектеуде халықаралық валюта қоры арқылы мемлекетаралық реттеу объектісі болып саналады. Халықаралық валюта өтімділігін реттеу валюта жүйесінің тағы да бір элементі болып саналады және оның өзі халықаралық шектеулерді қажетті төлем қаражаттармен қамтамасыз ету қызметін атқарады. Халықаралық валюта өтімділігінің көрсеткіші ретінде әдетте ресми алтын — валюта резервтері сомасының бір жылдық тауар импорты сомасына қатынасы қолданылады. Валюталық рынокжәне алтын рыногы режимі ұлттық және халықаралық реттеу объектісі болып табылады. Валюта жүйесініңең маңызды элементіне институционалдық элементжатады. Бұған елдер валюталық қатынастарды ұлттық басқару мен реттеу органдары (ұлттық банк, қаржы және экономика министрліктері, кейбір елдерде валюталық бақылау жатады. Ұлттық валюталық заңнама ұлттық және шетелдік валютамен операцияларды реттейді (иемдену, әкелу және әкету, сатып алу-сату құқықтары). Халықаралық валюталық реттеуді халықаралық валюта қоры жүзеге асырады, ал Еуропада бұл мәселелермен Еуропа орталық банкі шұғылданады. Аталған институттар Халықаралық валюта-кредиттік және қаржылық қатынастарды қаупсіз, дағдарыссыз дамыту режимін талдау жасап, оның тұрақтылығын қамтамасыз етуге болады. Валюталық гегемония орталықтары-валюта сферасындағы үстемдіктер елдер дамуының біркелкі болмауының кезендік ауысуларға тап болып тұратын жағдайы бар. Мысалы, бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін валюталық үстемдік ¥лыбританияның қолында болды. Дүниежүзілік соғыс нәтижесінде қаржылық орталық Еуропадан АҚШ-қа қарап аусты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірден-бір үстем валюта ролін доллар атқарып кетті.
XX ғасырдың 70-90 жылдары валюталық үстемдіктің үш бірдей орталығы қалыптасып үлгерді. Олар: Батыс Еуропа, АҚШ және Жапония. Мұның өзі доллардың монополиялық тұғырын едәуір шайқалтқан еді.