1.2 Валюта бағамы және оның қалыптасуына әсер етуші факторлар
Жоғарыда айтқанымыздай валюта жүйесінің маңызды элементінің бірі валюта бағамы болып табылады. Себебі, халықаралық экономикалық қатынастар дамуы әрбір елдің валюталары құнының арақатынасы өлшемін талап етеді. Валюта рыноктарының қызметі және алыпсатарлық операциялар туралы айтсақ онда қандай бір болмасын валютаның қалыптасқан бағамынан төмендеу үрдісі байқалса бұл ситуацияда фирмалар мен банктер сол валютаның алдын ала тұрақтылығы жоғары валютаға сатып жіберуге тырысады. Мұның өзі әлсіреген валюта пазициясын одан ары құлдыратады. Валюта рыноктары экономика мен саясаттағы өзгерістерге бағамдық арықатынастар тербелістеріне дерек үн қатып қосылады.Сонысымен олар валюта алып-сатарлығы мен «бос» ақшалар қозғалысына дем беріп мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Дүниежүзілік және ұлттық рыноктарында валютаға сенім деңгейін ел экономикасы жағдайы мен қалыптасқан саяси ахуал анықталады. Диллерлер экономикалық өсу қарқыны инфляция, валюталық сатып алу деңгейі, валютаға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы факторлармен қатар олардың динамикасы перспективасын да есептеп сарптап отырады. Кейбір уақыттарда тіпті сауда және төлем балансы туралы немесе сайлау нәтижелері жөніндегі ресми басылымдарды күтудің өзі валютаға деген сұраныс пен ұсынысқа және оның бағамына әсер етеді. Ұлттық валюта бағамының төмндеуі экспорттауға қолайлы себебі олар қымбаттап кеткен шетелдік валютаны арзандаған ұлттық валютаға айырбастаудан экспорттық сияқты табады сонымен қатар тауарларды орта әлемдік бағадан төмен бағадан өткізуден байып түседі, ал мемлекет материалдық шығындар тарта бастайды. Бұған қоса ұлттық валюта бағамының төмендеуі импорттық қымбаттарды мұның өзі елдегі бағалардың өсуіне ықпал етеді.Ұлттық валютаның бағамының жоғарлауы ішкі бағалары бәсекелік мүмкіндіктері кемітеді экспорттың тиімділігі азаяды, бұл болса экспорттық сомаларды қысқаратын қана қалмай жалпы қалмай жалпы ұлттық экономикаға зардабын тигізеді.
Валютаның бағамын реттеу туралы қазіргі теориялар
Валюта бағамын сипаттауға қатысты қазіргі батыстық теорияларға мынадай белгілер бар;
Құнның еңбек теориясық валюта бағамының құндылық негізін жаратылысын қабылдамау.
Айырбас концепциясын-өндірістік факторлардың әсерін төмендете қарастырып, айналым сферасы рөлін артық бағалау.
Ақшаның сандық және номиналистік теорияларын халықаралық тепе-теңділік концепциясымен жалғастыру.
Валюта бағамының нормативтік теориясы валюта бағамын экономиканы реттеуді қосымша құралы ретінде қарастырады. Олар мемлекет қадағалайтын икемді бағам режимын қолдайды. Бұл теория нормативті деп аталады, себебі теория авторының пікірінше,валю-та бағамынхалықаралық органдар бекіткен паритеттермен келісімдерге негіздеуші тиіс. Дж Мид, И.Миндели, Е.Берибаули сияқты оқымысты-экономистер валюталық бағамдар мемлекетаралық ұйымдар ұйғарған халықаралық паритетер негізінде тербелуі қажет деп есептейді.
Қалықтау бағамы теорияның көптеген идеялары іс тәжірибеде жүзеге аспай қалды, себебі төлем баланстарының автоматты тепе-теңдігін қамтамасыз ететін әмбебап теория әлі өмірге келе қойған жоқ. Сондықтан да шығар американдық маман Л.Дракерердің бізге құн теориясына негізделген шынайы экономикалық теория қажет деп жазып жүргені. Шекті пайдалылық концепциясына негізделген валюта бағамы теориясының әлсіздігінен болар соңғы уақыттарда кейбір батыс экономистері К.Маркстың еңбек қун теориясына қарай ойыса бастады. Олардың пікірінше маркстік еңбек құн теориясына қайта оралып оны қазіргі рыноктың экономикада жүзіп жатқан өзгерістерге орайластырып, жаңа оқылымын жүзеге асыру қажеттіліктері де айтылып қалып жүр.
ІІ. Халықаралық валюта қатынастары
Халықаралық валюталық құқықтың қалыптасуы және дамуы дүние жүзі мемлекеттерінің экономикалық ынтымақтастығының кеңейюі мен тереңдеуіне тікелей байланысты.
Халықаралық валюталық құқықтың маңызы мен мәні дүниежүзілік шаруашылығының қатынастары мейлінше күрделеніп олардың ұйымдық-құқықтық нысандары дамыған сайын арта түседі. Халықаралық валюталық құқықтың түсінігі қарастырмасан бұрын осы түсінік төңірегіндегі біраз мәселелерін анықтап алуға тура келеді. Бұл арада айтарымыз, біріншіден Қазақстан Распубликасында валюталық қатынастарды реттейтін құқықтың саласының және оның нормаларының жасап қолданушы институттардың негізін қалыптасып бола қойған жоқ. Бірқатар ғылымдар құқықтың бұл саласын халықаралық төлемдер мен не -сиелер құқығы т.с.с деп жалғастыра береді. Валюталық қатынастарға тартылған топтардың ерекшеліктері дүниежүзілік және ұлттың деңгейлерде орнықтырылған қағидалар мен ережелер айқындалады. Халықаралық валюта қатынастары субъектілерінің біріңғай еместігі олардың арасында бір-біріне мүлде ұқсамайтын валюталық қатынастар жүйесін туындатады. Ал мұның өзі аталған қатынастарды құқықты реттеу үшін қолданылатын әдістермен мемлекет сондай-ақ валюта кредиттік ұйымдар мемлекеттік банктер бір жағдайларда ұйымдастырушылық қызметтер атқаратын болса, екінші бір жағдайда нақты валюталық қатыстардың тікелей қатысушылары болып шығады. Халықаралық валюта қатынастары өрісінің ерекшеліктеріне едәуір мен беріп, онда жүріп жатқан норма шығармашылығына процесіне әсерін тигізетін басқа субъектілердің де әрекетін қарастыруды ұмытпаған жөн. Бұл арада әңгіме сол субъектілерінің өздерінің валюталық қатынастарға тікелей қатысуы мәселесі төңірегіндегі болып отыр. Әңгіме халықаралық банктер мен қорлар сиақты институционалдық құрылымды құру мен олардың атқаратын қызметін реттеу жөнінде іс-шаруалар кешенін жасау шеңберінде әрбісе керек. Айталық МВФ, МБРР алмақтық банктер мен даму қорлары сиақты құрылымдардың іс-қимыл тәртібін құқықтық регламенттеу біріншіден халықаралық банктер мен қорлардың заңдық мәртебесін анықтау, Құқықтық мүмкіндіктерінің көлемімен мазмұның анықтау, заңдық мәні мен негізгі шарттарын пайымдау аталған институттар мен оларға мүше мемлекеттердің міндеттеріне сәйкес өзара жауапкершіліктерің дәлел-деп көрсету арқылы жүргізіледі. Халықаралық валюта қатынастарына аталған банктер мен қорларды енгізу олардың заңдық болмасы бар халықаралық құқық субъектілері екендігін дәлелдейді. Сондықтан да белгілі бір жағдайларда банктер мен қорлар халықарлық — құқықтық қатынастарға белсенді түрде қатысады. Мысалы өздері орын тепкен елдері штаб пәтерлері жөнінде мүше емес елдермен ынтымақтастықты ұйымдастыруды және оның принциптерін орнықтырудың шарттары туралы, мүшелелері — мен бірлескен арнайы қорларды басқару жөнінде келісім шарттар жасайды. Дегенмен халықаралық банктермен қорлар қатысатын құқықтық қатынастардың көпшілігі азаматтық құқықтық қатынастар жиынтығы болып келеді.
Валюталы сфераға мемлекеттердің халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ азаматтық-құқықтық және басқа да субъектілердің қатысуы сфераны құқықтық регламенттейтін және сонымен қатар институционалдық механизмдері ерекшеліктерін де айқын көрсететін субъектілер екендігінің дәлелі болып табылады. Халықаралық валюта қатынастары регламенттеудің бұл ерекшеліктеуді аталған құқық қатынастары кешеннің құқықтың бір саласының шеңберіне (мысалы, халықаралық бұқаралық немесе халықаралық жеке құқық, адамзаттық-әкімшілік немесе қаржылық құқық сыймайтындығын көрсетеді. Мемлекеттердің өзара валюталық (валюталық кредиттік) ынтымақтастығын ұйымдастыру барысындағы іс-әрекеттерді басқа субъектілердің (Мысалы банктердің) валюталық-құқықтық қатынастарына тікелей әсер етеді. Басқа субъектілердің келісім шарты орындау деңгейі (дер кезінде орыңцай алмауы немесе тіпті орныдамай қоюі) мемлекетаралық құқық қатынастары кері әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |