2.2. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу ережелері және реттеу органдары Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу тәртібін 2001 жылғы 21 сәуірдегі ҚР ¥лттық Банкі бекіткен «Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесі» реттейді.
Қазақстан Республика аумағында резиденттер мен резидент еместер жүргізетін валюта операцияларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктік нормативті-құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда уәкілетті банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Резиденттер мен резидент еместер уәкілетті банктердегі банктік есепшоттық ¥лттық Банктің нормативті-құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен ашады, жүргізеді және жабады. Резидент және резидент емес валюта операцияларын жүзеге асы-рылған кезде, уәкілетті банкке Қазақстан Республикасынның валюта заңнамасына сәйкес ұсынылатын талап етілген құжаттарды беруге міндетті. Осы ережеде және ¥лттық Банктің басқа да нормативтік-құқықтық актілерінде көзддалген жағдайларды қоспағанда резидент және резидент емес мұндай құжаттарды бермесе, уәкілетті банк олардың төлемдерін немесе ақша аударымын жүзеге асыруға құқылы емес.
Резидент ¥лттық Банктің лицензиясын және тіркеу куәлігінің болуы талап етілетін валюта операциялар бойынша төлем жасаған немесе ақша аударған кезде, резидент уәкілетті банкке осындай лицензиясының және тіркеу куәлігінің тұпнұсқалары мен натариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті.Берілген құжаттар тексерілгеннен кейін олардың көшірмелері уәкілетті банкте қалады.ал тұпнұсқалары резидентке қайтарылады.
Резиденттер арасында операциялар бойынша барлық төлемдермен ақша аударымдары валюта операциялары валюта операцияларын жүргізу Ережесінде, ¥лттық Банктің басқа да нормативті-құқықтық актілерінде салық және кеден заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда. Қазақстан Республикасында ұлттық валютасымен ғана жүргізілуі тиіс. Уәкілетті банктер резиденттерінің және резидент еместердің валюталық операцияларды жүргізу жөнінде банктік қызметке арқылы траптардың келісуі арқылы ұлттық валютамен немесе шетел валютасымен алады. Резиденттер арасында жасалған шарттар бойынша, оның ішінде банктік қызмет көрсету көзделген шарттар бойынша тұрақсыздық ойынпұлдары (өсімпұлдары) ұлттық валютамен төленеді.
Төлем карточкаларын пайдалана отырып,валюта операцияларын жүргізу тәртібі осындай қатнастарды реттейтін Ұлттық Банктің нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді.
Валюталық реттеу қызметін жүзеге асыратыннегізгі орган — Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.Оның өзіндік.дара құқықтық дәрежесі бар және валюталық мәселелерді шешетін,сондай-ақ нормативтік актілерді талап жасайтын орган болуымен қатар, өзінің валюталық операцияларын жүзеге асырылатын жанама ретеу органы екендігімен органы екендігімен де анықталады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі біртұтас мемлекеттік саясатын үйлестірілетін және бақылайтын үйлестіретін және бақылайтын басты атқарушы орган. Министірлік өзінің қызметін атқаруда ҚР-сы конституциясы мен заңдарын Президент Жарлықтарын басшылыққа алады.
ҚР-сы ¥лттық банкі өз әрекеттерінде ҚР-сы Конституциясын Президкнттің заң күші бар «ҚР-дағы банктер және банк қызметі туралы «1995 жылдың 31 тамызындағы және Президенттің заң күші бар «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» 1995 жылдың 30 наурызындағы және 1997 жылдың 11 маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының «ҚР-ның банктік қызметтері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен қосымшалар кіргізу туралы» Заңын басшылыққа алады. Ұлттық банк өз міндеттеріне сәйкес барлық банктердің орындауы міндетті нормативтік-құқықтық актілер шығарады. ¥лттық банктің негізгі міндетіне ҚР-сы ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету ісі жатады. Валюталық реттеу саласында ¥лттық банк шетелдік валюталар мен құнды қағаздың ҚР-дағы айналым өрісі мен тәртібін белгілейді, сондай-ақ резиденттер мен резидент еместердің валюталық операцияларын жүргізудің ережелерін бекітеді. Ұлттық банк валюталық құндылықтарды алып кету тәртібі мен нормаларын орнықтырады, сондай-ақ қолма-қол ұлттық валютаны әкелу мен әкетуді және ұлттық валютадағы төлем құралдарының қозғалысын қадағалайды. Ұлттық банк банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүргізуші басқа банктер мен ұйымдарға лицензия беру тәртібін бекітіп,оны беруді ұйымдастырады. Валюталық заңцарды бұзғаны үшін банктерден берілген лицензияларды қайта шақырып алады. Ұлттық банк халықаралық есеп айырысуларды ұйымдастырады, шетелдермен валюта-қаржылық және кредит-есептесу қатынастарын жетілдіреді шетелден кредиттер келтіру мәселесінің шешімін ұсынады т.с.с. Ұлттық банктің маңызды қызметтерінің бірі — ұлттық валюта бағамын шетелдік валютаға қатысты реттеу қызметі. Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері қазақстандық теңгенің тұрақтылығының қамтамасыз етуі тиіс. 2003 жылдың қараша айында Қазақстанның ұлттық валюта енгізгеннен он бес жыл толды. Бұл жылдар егеменді Қазақстандық Ұлттық банкінің орталық банкі ретенде қалыптасу және даму жылдары болады.Оның мәні айтарлықтай өзгереді. ¥лттық банк Үкіметтен және Парламенттен тәуелсіз негізгі реттеуші бақылаушы органның міндетін күшейте түсті. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді.Қазақстан ¥лттық банкінің жоғары басқару органы- басқарма, оның құрамына төраға мен оның орынбасарларынан басқа Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің өкілдеріне кіреді. Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі деңгейден тұрады. ¥лттық банк банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейі болып табылады. Банк жүйесінің екінші деңгейіне негізінен комерциялық банктер жатады. 1993-94 жылдары инфляцияның жоғары деңгейде болған кезінде ¥лттық банк еркін айырбас бағамы режимін ұстанып және реттеу құралдарын жетілдіре отырып.қатаң ақша-кредит саясатын жүргізді. Осындай ақша-кредит және валюта саясаты ¥лттық банктің инфляция қарқынын және теңгенің құнсыздану қарқының төмендетіп оң нәтижелерге жетуіне мүмкіндік береді. ҚР-сының жеткілікті әкімшілік-аумақтық әкілетті және атқарушы органдарына арнайы экономикалық аумақтардың әкімшіліктеріне,сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдарға қандай бір нысанда болмасын шеттен зайымдар келтіруге тыйым салынған.
Мемлекеттік кредиттер қайтарымды және мақсатты негізде жүзеге асырылады. Кредиттік қаржылардың мақсатты тексереді. Мемлекеттік емес зайымдарды ҚР-сының резиденттері белгіленген шектеулер шенгінде дербес және қажетті көлемде алып пайдалана береді. Мемлекеттік емес сыртқы зайымдар ҚР-сының мемлекеттік кепілдігімен де келтірілуіне мүмкіндіктер бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері тиісті қаржылық жылға республикалық бюджет құрамында бекітілген лимит шегінде беріледі.
ҚР-сының мемлекеттік кепілдіктері Үкіметтің жыл сайын бекітетін экономиканың басым секторлары тізбесіне сәйкес қарастырылып береді. Кепілдік беру туралы келісім-шарт тараптар қол қойған күннен бастап өз күшіне кіреді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерінің барлығы да тіркеуден өтуі қажет.