2.Қазақ тілінің дамуы
Қазақ халқының ұлт,оның халық тілінің ұлт болып қалыптасуы ХХ
ғасырда,негізінен Кеңес өкіметі жылдарымен деңгейлес келеді. XIX
ғасырдың екінші жартысында басталған қазақтың ұлт болу,тілінің ұлт болу
процесі ХХ ғасырда одан әрі дамып,жетілді.Ұлттық тілмен бірге әдеби тілде
қатар дамыды.1991жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының
мемлекеттік егемендігі туралы қабылданған декларация қазақ халқы
тарихындағы жаңа бет-бұрыс кезеңі болып табылады.Бұл кезеңде тіл туралы
Заң қабылданып,Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында қазақ
тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді.Осылайша ұлттық тілдің нығайып өріс
алуына,қоғамдық әлеуметтік өмірдің әр саласында оның қызметінің
кеңеюіне зор мүмкіншілік туды.Қазақтың халық тілінің ұлт тілі болып
қалыптасу кезеңдерінің өзіне тән ерекшеліктері бола тұра,түркі тілдері
дамуындағы негізгі шеңберінен шығып кетпеген,түркі тілдері арасындағы
бір-бірімен іліктестік,туыстық сатылай байланыс қашанда сақталып отырған.
3
Мемлекеттік мәртебесі.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғанына биыл 33 жыл
толады. 1989 жылы Тілдер туралы заң қабылданып, қазақ тіліне мемлекеттік
тіл мәртебесі берілгенде әлі тәуелсіздік алмаған едік. Сірескен саяси жүйенің
көбесін сөккендей болған сол күні қуанбаған қазақ қалмаған шығар. Тіл
азаттығы ұлт азаттығына ұласты. Екі жылдан соң тәуелсіздігімізді алдық.
Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге
мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің
2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі
Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін
болды. Тәуелсіздіктің рухын асқақтатқан тіл мәртебесін көтерудегі ауқымды
істің басы-қасында үнемі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың өзінің жүруі жұртты үнемі жарық үмітке жетелейді.
Президентіміз — «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы
болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді
салуымыз керек... Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтар
өкілдерінің ана тілінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы
жағдай тудыруымыз қажет» деп атап көрсеткен болатын. Сонымен қатар,
Елбасымыздың «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де,
ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тілінше қолданылуы үшін бәрін істеу
қажет» — деп қадап айтқан пікірі баршамыздың берік ұстанатын қағидамыз
болуға тиіс. Қазақстан Республикасының ХХІ ғасырдағы болашағы, шығар
биіктері саяси-экономикалық факторлармен қатар, оның мемлекеттік тілі —
қазақ тілінің де дамуына тікелей байланысты. Қазақ тілінің мемлекеттік
мәртебесі Ата Заңымызда анық айқындалған.
|