Қорытынды
:
Демек, тіл мен тарих тамырлас.
Тілі жоқ халықтың ұлты да жоқ болатыны
дау тудырмайтын ақиқат. Қазіргі таңдағы
қазақ қоғамындағы ұлттық
бірліктің дамуын қамтамасыз ететін рухани байлық пен материалдық
өндірісті бейнелейтін негізгі құрал – мемлекеттік тіл екенін сезіну
тіл зерттеу
мәселесіне бұрынғыдан басқаша қарауымызды қажет етеді.
Рухани
құндылығымыз ретінде түркілік тамырымыздан тарап,
қанымызда қалған
қазақы қасиеттеріміз, дін исламмен долайласқан дәстүрлік дағдыларымыз
бен тіліміз — тіршілігіміздің тынысы әрі тілге тұтарлық тұғырымыз болмақ.
Енді
осы тұғырымызды тұмандатпай, тұмшаламай, тұнығымызды
лайламауымыз лазым. Сол лазымдардың ішіндегі «лауазымы биігі» тіл десек
теріс болмас.
Әрбір елдің күші, байлық-бақыты
экономикалық даму
денгейімен ғана емес, сонымен бірге мәдени, рухани өрісімен айқындалады.
Ал мәдени өре, рухани талғам деген халықтың
ақыл-ойының көрінісі тілге
тікелей тәуелді екені белгілі. Тіл халықтың жаны, сәні,
тұтастай кескін-
келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі.
Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз- қазақ тілі.
Қазақстан Республикасының негізгі халықтың
тілі болып табылатын
мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу,
оның тарихын білу-біздің
әрқайсымыздың асыл парызымыз.