Бөж тақырып. Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі стандарттарын енгізу


 Қауіпсіздік талаптарының көрнекі көрсетілуі



бет27/31
Дата09.05.2022
өлшемі79,92 Kb.
#33350
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
БӨЖ 1

26. Қауіпсіздік талаптарының көрнекі көрсетілуі.

 

Қауіпсіздік талаптары бұйымды дайындау, жөндеу, бақылау, сынау , тасымалдау бойынша технологиялық процесінің құжаттарында немесе технологиялық құжаттар комплектінде ескерілу керек.



Қауіпсіздік талаптары бұйымды дайындау немесе жөндеу бойынша техникалық тапсырманы әзірлеу барысында ескеріліп, саламен немесе кәсіпорынмен орнатылған тәртіпте қарастырылады.

Қауіпсіздік талаптары  ГОСТ 3.1102 бойынша келесі негізгі құжаттарда көрсетілуі қажет:

маршрутты карта (МК);

технологиялық процестің картасы (ТПК);

типтік (топтық) технологиялық процестің картасы (ТТПК);

операциялық карта (ОК);

типтік (топтық) операция картасы (ТОК);

операция тізбесі (ОТ);

эскиз картасы (ЭК);

технологиялық нұсқау (ТН);

жабдықтау тізбесі (ЖТ);

комплектілеу картасы (КК).

Құжаттарда қауіпсіздік талаптарының толық қамтылуын технологиялық процестің ерекшеліктерін ескере отырып құжатты әзірлеуші орнатады. Талаптарды орнатуда қауіпсіздік талаптары мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормалар, қауіпсіздік талаптарын қамтыған басқада нормативті–техникалық құжаттар негізге алынады.

Нақты қауіпсіздік талаптары технологиялық процестердегі қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жұмысшыларға әсеріне, өрт және жарылыстың пайда болу мүмкіндігіне, қолданылатын материалдар мен жабдықтарға байланысты орнатылады.

Технологиялық процестің қауіпсіздік талаптарын қамтыған құжаттарды әзірдеу, келісу, бекіту кәсіпорын немесе сала деңгейінде орнатылады.

Технологиялық құжаттар бекітілуге ГОСТ 3.1116-79 сәйкес қауіпсіздік талаптары бар болуға тексеруден өткеннен кейін ғана ұсынылады.

Қауіпсіздік талаптары МК, ТПК, ТТПК, ОК, ТОК, ОТ бойынша операция жазбасының алдында немесе әзірлеу барысында ТН беріледі.

Технологиялық нұсқауды әзірлеуде қауіпсіздік талаптары ТН беріледі, ал сәйкес құжаттарда бұл талаптар баяндалу орнына  ТН сілтеме жасалынады.

МК, ТПК, ТТПК, ОК, ТОК, ОТ, ЭК, ЖТ, КК бойынша қауіпсіздік талаптары кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқауларға,  санитарлық ережелер мен нормалар, қауіпсіздік талаптарын қамтыған басқада нормативті–техникалық құжаттар сілтемемен әзірленеді.

 Технологиялық нұсқауда толық және нақты қарастырылмаса МК, ТПК, ТТПК, ОК, ТОК, ОТ, ЭК, ЖТ, КК құжаттарында жеке қорғаныс құралдары (арнайы киімдер, көзілдіріктер және т.б.) немесе жеке қорғаныс құралдарының комплектлерініңбелгіленуі (номері), жұмыс орнындағы коллективті қорғаныс құралдары (желдеткіштер, қорғагыш экрандар және т.б.) көрсетіледі. 

Технологиялық құжаттарда тікелей жұмыс орнына қатысты емес коллективті қауіпсіздік мәселелері көрсетілмейді (жалпы цехтық жылу жүйесі, желдеиу жүйесі және т.б.).

Бұйымды дайындау немесе жөндеу бойынша технологиялық құжатқа техникалық тапсырманы әзірлеу барысында  «Қауіпсіздік талаптары» бөлімін қосу керек.

 «Қауіпсіздік талаптары» бөлімінде техникалық тапсырма негізінде әзірленетін технологиялық құжат бойынша орындалатын технологиялық процестегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін нақты талаптар келтіріледі немесе қауіпсіздік талаптары мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормалар, қауіпсіздік талаптарын қамтыған басқада нормативті–техникалық құжаттарға сілтеме беріледі.

МК, ТПК, ТТПК,  ОТ құжаттарында еңбекті қорғау нұсқауына сілтеме жасалынғанда нақты операцияны байланыстыру керек.

МК, ТПК, ТТПК,  ОТ құжаттарында еңбекті қорғау нұсқауына сілтеме жасалынғанда бір типті жабдықта бірдей шартпен орындалатын бір типті операциялар топтары үшін жалпы сілтеме жасауға болады.

Еңбекті қорғау нұсқауына жалпы сілтемені жасаудың нақты тәртібі кәсіпорын немесе сала деңгейінде орнатылады.

Технологиялық нұсқауда қауіпсіздік талаптары орындаларын жұмыстардың жазбасы алдында мәтін түрінде немесе сәйкесінше еңбекті қорғау нұсқауына сілтеме түрінде беріледі.

Технологиялық нұсқауда қауіпсіздік талаптары жеке бөлім түріндеде берілуі мүмкін.

Технологиялық нұсқауда жеке қорғаныс құралдары атаулары, белгіленулері (коды) берілген болса МК, ТПК, ТТПК,  ОТ, ОК құжаттарында аталынған қорғаныс құралдарының атауын көрсетпеуге болады.

Кәсіпорын немесе сала деңгейінде орнатылған тәртіппен жеке қорғаныс құралдары атаулары берілген жағдайда олардың белгіленулерін (коды) көрсетпеуге болады, немесе керісінше.

Жабдықтау тізбесінде (ЖТ) қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ететін технологиялық жабдықтың және қорғаныс құралдарының атауы, коды (белгіленуі) көрсетіледі.

 

27. Технологиялық құжаттарды нормабақылаудың мақсаты мен маңызы.



 

ГОСТ 3.1116-79 стандарты технологиялық құжаттаманың нормабақылаудың жүргізілуінің  тәртібін, мазмұнын орнатады.

ГОСТ 3.11002-81 сәйкес негізгі және қосалқы өндірісік  бұйымды барлық жасау сатыларындағы техникалық құжаттама нормабақыланады.

Технологиялық құжаттаманы нормабақылаудың негізгі мақсаты технологиялық процестердің  деңгейін жоғарлату, технологиялық құжаттаманың унификациялануын ұлғайту, өндіруге дайындық мерзімін қысқарту, шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту және өзіндік құнын төмендету.



Нормабақылау жүргізуінің негізгі міндеті:                      

-          нормативті – техникалық құжаттамада және стандарттарда орнатылған, жасалынып жатқан құжаттаманың нормасы мен талаптарын сақтау;

-          әрекеттегі стандарт жүйесінің талаптарына сәйкес құжаттардың дұрыс безендірілуін (аударма) қамтамасыз ету;

-          топтық және типтік технологиялық процестердің өндірісінде меңгерілген және бұрын жасалған процестердің типтендірілуін жоғарғы дәрежеге жеткізуі;

-          жабдық номенклатурасының шекті орнатуларының, материалдардың, жабдықтардың, прокат және профиль өлшемдерін рационалды қолдану.

Нормабақылаушының қолдану технологиялық құжаттама, техникалық құжаттама бөлігіне қабылданбайды, өндірісті дайындау үшін қолдануға және көбейтуге болмайды.



Нормабақылау мазмұны:

Құжаттардың түріне байланысты нормабақылау мазмұны төменде көрсетілген

 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет