17. Спецификацияны орындау тәртібі.
Негігі емес топтық құжаттар спецификацияда бірлік құжаттар тәрізді жазылады. Сондайақ барлық орындалуларға таралатын берілген спецификацияда қарастырылған құжаттар тұрақты, ал қалған қажаттар айнымалы берілгендер ретінде жазылады.
Топтық және базалық негізгі құжаттармен рәсімделінген бұйымның құраушы бөліктерінің спецификациясын жазу барысында орындалудың белгіленуі көрсетіледі. Топтық спецификацияны дайындау барысында кейінгі ендірілетін тұрақты және айнымалы берілгендер үшін қосымша жолдарды қалдыруға болады.Әзірлеушінің көзқарасы бойынша топтық спецификацияны келесі варианттардың біріндей етіпорындауларына болады.
А варианты:
Тұрақты берілгендерден кейін әрбір орындаулар үшін айнымалы берілгендермен жеке бөлім ендіріледі. Мұндай спецификацияны ГОСТ 2.108 сәйкес (1және 1а формалары) өзіндік ерекшеліктерді ескере отырып орындайды.
Б варианты:
Барлық берілгендер тұрақты және айнымалыға бөлінбей спецификацияға жазылады, бірақ әрбір орындалулар үшін формада жеке баған болуы керек.
В варианты:
Тұрақты берілгендерді жазғаннан кейін, спецификацияның келесі бетінде айнымалы мәндер жазылады, бірақ әрбір орындалулар үшін формада жеке баған болуы керек.
Г варианты:
Тұрақты берілгендерді жазғаннан кейін, спецификацияның келесі бетінде әрбір айнымалы берілгендер үшін құжаттар, әрбір айнымалы құраушы бөлмдерімен жазылады, мұндада әрбір орындалулар үшін формада жеке баған болуы керек.
Негізгі емес мәтіндік құжаттарды орындау барысында бірлік құжаттарға орнатылған стандарт талаптарын сақтау керек.
Ережелер бойынша топтық текстік құжаттарды орындауда А варианты бойынша бірлік құжаттар үшін орнатылған кез-келген топтық құжатты орындауға болады.
Б варианты бойынта тек келесі жұмыстар орындалады:
спецификацияның топтық тізбесі және сілтемелік құжаттартың топтық тізтесі;
сатып алынған бұйымдардың топтық тізбесі, мұнда сатып алынған бұйымдардың (комплектіге кіретін бұйымдарды ескергендегі) далпы саны көрсетіледі.
В варианты бойынта тек келесі жұмыстар орындалады:
спецификацияның топтық тізбесі және сілтемелік құжаттартың топтық тізтесі;
сатып алынған бұйымдардың топтық тізбесі.
Г варианты бойынша кез-келген топтық құжатты орындауға болады.
Топтық мәтіндік құжаттарды Б және Г варианттары бойынша орындау барысында қажеттілікке қарай мәтін алдында айнымалы литерді (литер), бұйымды орындаудың шартты атауын (код) көрсетуге болады.
Топтық және базалық мәтіндік құжаттарды орындау барысында бірлік құжаттарға орнатылған стандарт талаптарын сақтау керек.
Топтық мәтіндік құжаттарда айнымалы берілгендерді сәйкес бөлімнің таралуы бойынша кесте түрінде топтастыруға болады.
Құжат мәтінінде айнымалы берілгендер туралы сілтемелік жазбалар болады.
Орындалулардың суреттері мен кестелерін топтық сызбалар үшін орнатылған ережелер бойынша жүргізеді.
Топтық паспорттарды, формулятларды даярлау барысында келесілерге рұхсат етіледі:
бұйымды дайындау барысындағы айнымалы берілгендерді жазу үшін құжаттардың бланкілерін толтыруда бос жолдарды, алаңдарды қалдыруға болады;
айнымалы берілгендердің кестесін толтыруда орындаулар үшін белгілеулерді бос қалдыруға болады, оған бұйынды дайындауға сәйкес белгі қойылады.
Бұйым констукциясы бойынша құжаттардың жіберілуінде орынсыздығы анықталған жағдайда топтағы бұрын шығарылған құжаттарды түрлендіру қажет. Құжаттарды түрлендіру барысында жана орындалуға қатысы бар бұрынғы жіберілген құжаттардың телнұсқасын максималді пайдалану қажет. Мұндай жағдайда бірқатар берілгендер қажетті өзгертулер енгізуге тиісті айнымалы берілгендер болып табылады.
Жана берілгендер бойынша қажетті өзгертулерді ГОСТ 2.503 талаптарына сәйкес жүргізеді.
Құжаттарды түрлендіру барысында олардың белгіленуі құжаттарды қайта дайындау және басқа форматта жаңадан басын шығану немесе жаңа бет санымен шығару болсын, барлық жағдайдада өзгеріссіз қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |