16. Топтық және базалық құжаттардың жалпы сипаттамасы.
Конструкторлық құжаттар өзара айырмашылықтағы ортақ конструктивті белгілерге ие екі немесе одан коп (бөлшектер, жиынтық бiрлiктер, кешендер немесе комплекттер) туралы мәліметтерден құралуы керек.
Бұйымдардың ортақ конструктивтiк белгiлерi мыналар болып табылады:
а) әр түрлi параметрлердегі конструкцияның бiрлiгi (физикалық-механикалық, электр, магниттi, оптикалық тағы сол сияқтылар)
б ) әр түрлi параметрлердегі конструкцияның өлшемдері;
в) әр түрлi конфигурациядағы конструкцияның ұқсастығы.
Топтық құжатта тұрақты және айнымалы мәліметтер келтiруi керек.
Барлық бұйымдар үшiн тұрақты болатын мәлiметтер бiр құжатпен рәсiмделіп, бұл құжат таралатын барлық бұйымдарға нұсқаусыз енгізілуі керек.
Айнымалы мәлiметтер қандай бұйымға қатысы бар екендігі нұсқалынып құжатқа ендіріледі.
Топтық құжаттардың сипаттамасы болып бірнеше құжаттардың орнына бір топтық құжатты орындау мүмкіндігі табылады.
Бөлшектерге бiр топтық сызба немесе бiр топтық спецификация орындаған жағдайда бұйымдардың орындалуларымен бiрге дербес қолдану, жасау және әрбiр орындауды есепке алуды мүмкiндiгін қамтамасыз етуi керек.
Сонымен қатар бірнеше орындаулар үшін топтық құжат орнына қажеттілікке қарай бір базалық құжат дайындауға болады.
Базалық құжатта тек тұрақты мәліметтер келтіріледі. Базалық құжат бірнеше орындалулар үшін бір ғана базалық құжатты дайындау мүмкіндігімен сипатталынады.
ГОСТ 2.102 талаптары бойынша базалық және топтық құжаттар номенклатурасы келесідегідей шектелінген:
Базалық құжаттар мамандандырылған бұйымдарға орындалады.Бөлшектер үшін базалық құжатты орындау мүмкіндігі салалық стандарттарда орнатылады.
Егер біртектес бұйымдар тапсырыс шарты негізінде әртүрлі эксплуатациялық құжаттармен немесе әртүрлі қораптаумен дайындалса, онда мұндай бұйымдар бір орындалумен рәсімделінеді. Эксплуатациялық құжаттардың және қораптардың мүмкін варианттары негізгі құжат ретінде жазылады.
Егер ортақ конструктивті белгілерге бөлшектер саны шекті мәнен асып кететін болса орындауларды белгілеудің орнатылған тәртібімен бұйымды бірнеше топқа бөлуге болады және әрбір топ үшін өзіндік топтық, базалық негізгі құжаттар дайындалады.
Сызбалардың (сұлба) тағайындалуына сәйкес, оларға ендірілуі тиісті берілгендердің өзгеруі туралы барлық мәліметтер (кескін, өлшем, техникалық талаптар және т.б.) орындау кестесінде келтірілуі міндетті.
Сызбада масштабты сақтай отырып негізгі орындалу кескіні беріледі.негізгі орындалудағы кескіндер (түр, қима) саны және оларды жеңілдету дәрежесі негізгі орындалуға байланысты таңдалынады.
Топтық сұлбада негізгі орындалуға қатысты сұлбаларды толық көрсету керек.
Бір орындалуға қатысты кескіндерді өзіндік сурет ретінде қарастырып орналастыруға болады. Әрбір суретке сызба (сұлба) шегінде реттік номер беріледі. Басқада орындаулардағы қозғалмалы кескіндердің бар болу жағдайында негізгі орындалуга бірінші реттік номерді беруге болады. Ондағы қозғалмалы кескіндер үшін біріншіге сілтеме беріледі.
Әрбір сурет айнымалы берілгендеріне, сонымен қатар айнымалы өлшемдеріне байланысты бірнеше орындалулар бойынша дайындалуы мүмкін. Негізгі орындалу кескінінде айнымалы элементтерді корсетуге болады, егерде мұндай элементтердің қажеттілігі орындау кестесінде қарастырылса.
Суреттерді номерлеуде реттік номерді орындалу кескініне емес, айнымалы элементтердің кескіндерінің варианттарына беруге болады. Бұл жағдайда негізгі орындалу кескініне номер берілмейді және оған сілтеме жасалынбайды.
Негізгі орындалу кескіндерінде айнымалы элементтер немесе элементтер тобын жіңішке тұтас сызықпен көрсетеді және әріптермен белгілейді.
Тұрақты өлшемдері және басқа тұрақты берілгендерді (беттердің кедір бұдырлылығы және т.б.) негізгі орындалу кескіндерінде көрсету керек, егер мұндай түсіндірулерге ешқандай қажеттілік болмаса, онда басқа кескіндерде бұл берілгендер қайталанбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |