. “Авестада” Заратуштра сиынған Ахура Мазда құдайға табынуға қарсы шыққан Қазақстан мен Орт. Азияның көшпелі тайпаларының бәрі “турлар” деп аталған. Кейбір зерттеушілер “тур” халқын грек деректемелері бойынша кеінгі массагеттермен, яғни сақ тайпасымен байланыстырады. Ресей шығыстанушысы В.И. Абаевтың пікірінше, сақтардың басым көпшілігі Заратуштрашылдықты қабылдамаған.Алайда олардың бір бөлігі Заратуштра ілімін қабылдап, оны алтайлықтар арасына таратты. Кейін бұл ілім бір құдайға сиынудың бастауы болған тәңіршілдік сенімге негіз болып қаланған.

Зороастризмнің тарихи төрт кезеңі
Абаев зороастризм тарихын 3 кезеңге бөледі:
ежелгі Заратуштрашылдық;
Ахемен әулеті империясы кезіндегі Заратуштрашылдық;
Сасани әулеті империясы кезіндегі Заратуштрашылдық
дуализм
Заратуштра дініңде екі құдай бар. Ахурамазда немесе Ормузд жақсылық пен тәртіпті белгілесе және Анхра Маю немесе Ариман жамандықты білдіреді, аңыз бойынша қос құдайдын күресі тоқтамайды.
Зороастризмді және оның киелі кітабы - Авестаны зерттеуге жетелейтін көптеген себептердің бірі - оның ежелгі шығыстың және адамзаттың мәдени құндылықтарының ішінде алатын ерекше орны. Зороастризм мәселері 18-ғасырлар-ақ еуропа ғалымдарының назарын аударған еді. Олардың ішінде Х. Бартоломэнің, Дж. Дамстетердің, А. Дюперроның, Э. Уэсттің, М. Хаугтың есімдерін атап өткен жөн. Бұл ғалымдар зороастризм мен Авестаны зерттеуді ғылыми жолға қойды. Айта кетуді қажет ететін бір мәселе зороастризм мен Авестаны тарихи-филологиялық, лингвистикалық тұрғыдан зерттеу басым болды.