Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.
сөз дұрыстығы (Сөз дұрыстығы ұғымы. Сөздің, грамматикалық тұлғалардың, сөйлемнің орынды жұмсалуы. Сөздің рөлі. Ұғымды, заттарды, құбылыстарды бейнелеп айту тəсілдері); сөз байлығы (Сөз оралымдығының бір шарты – сөз байлығы. Сөз қайталаудың сөз сапасына кері əсері. Сөз байлығы ұғымына енетін лексика – фразеологиялық, морфологиялық, синтаксистік жүйелер. Сөз байлығының стиль түрлерімен байланысы. Лексикологиялық сөздіктер арқылы сөз байлығын болжау мүмкіндігі); сөз тазалығы (Тіл мəдениетінің маңызды сапасы – тіл тазалығы. Тілдердегі сөз алмасу құбылысы. Сөз тазалығына жат элементтер. Əдеби тіл мен диалектизмнің арақатынасы. Тілдегі бейəдеби элементтер, олардың көркем əдебиетте қолданылуы. «Қыстырынды сөздердің» тілдік қарым – қатынасқа əсері); сөз қысқалығы мен нұсқалығы (Сөйлемнің есім баяндауышқа аяқталуы – сөз жинақылығының белгісі. Аз сөзге көп мағына сыйдыру – шеберлік. Сөйлеу тіліндегі ықшамдылық, үнемділік. Сөздің қысқалығы мен нұсқалығына қойылатын талаптар); сөз дəлдігі(Сөйлеудегі дəлдік ұғымы. Сөзді мағынасына лайық қолдану - сөз дəлдігінің талабы. Тілдегі паронимдер. «Зат» - «сөз» қатынастары.Мағыналас сөздерді талғап жұмсау – сөз сапасын арттыратын шарттың бірі.
Тіл білімінде тілді жүйелік қасиеті бар құбылыс, барлық элементтері бір-бірімен байланысты, өз ара бағыныштыбір тұтас құбылыс деп қарау тілдің табиғатын, бүтін мен оны құрастырушы бөлшектердің арақатысын атап айтқанда, бүтіннің оны құрастырушы бөлшектерге тәуелділігін,керсінше, бөлшектердің бүтінге тәуелділігін айқындауға мүмкіндік береді. Тілдің жүйсін тілдік жеке құбылыстардың өз ара байланысы тұрғысынан, бүтіннің өз ішіндегі жеке құбылыстарды бағындыруы, билеуі тұрғысынан зерттеу айрықша мәнге ие болады. Жүйесіз нәрсені жадыңда сақтау қиын. Егер тілде жүйе болмаса, егер ол бір-бірімен байланыссыз, ретке келтірілмеген, ұйымдаспаған, бөлшектері бүтінге бірікпеген, бытыраңқы элементтер күйінде болса , онда тіл адамның жадында да (санасында) сақталмаған болар еді, қатынас құралы, пікір алусыдың құралы болып қызмет етуге де жарамас еді. Тілде жүйелік қасиет бар. Сондықтан да оның жүйесі сол тілде сөйлейтін адамның жадында жатталып, сақталып қалады. Тілдің жүйелік қасиеті оны меңгере білуге және қатынас құралы, пікір алысудың құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Тілде жүйелік қасиет болғандықтан да, біз басқа бір шет тілді оқып үйрене аламыз. Шет тілді оқып үйрену және оны меңгеру, сайып келгенде, оның фонетикалық жүйесін және грамматикалық жүйесін оқып үйрену және меңгеру болып шығады.