Тілдік жүйе табиғи тілдің ішкі заңына лайық (үйлес), сөздік құрам мен грамматикалық құрылыстың тұрақты қарым-қатынасқа түскен элементтерінің бірлігі мен тұтастығы. Тіл белгілі бір жүйе ретінде өмір сүреді. Тілдік жүйе сөздердің әртүрлі өзгеріске түсу мен сөйлемде тіркесу заңдылықтары анықтайды. Тіл - сөздер мен сөз тіркестерінің белгілі бір заңдылыққа құрылған тұрақты жүйелерінің жиынтығы. Тілдік жүйе тұтас бүтін, ал оның құрамындағы әр бөлік (компонент) бүтіннің бөлшегі. Әр бөлік өз алдына оңашаланбайды, жүйенің өзге бөлігіне қарама-қарсылықта түзіледі. Сондықтан да Тілдік жүйенің әр бөлігі Тілдік жүйе мәні (қызметі) тұрғысынан қарастырылады. Тіл таңбалар жүйесінің ерекше түрі. Ол екі қалыпта жүйеленген. Бірі тілдік тұлғалар (единицы) қатынасының "тік қалыпта жүйеленген ережелері мен заңдары" (қ. Парадигматика). Tap мағынада алғанда, Бұл сөз қосымшалары жүйесі (морфологиялық парадигма: бала, бала-ның, бала-ға, бала-мен т. б.). Кең мағынада алғанда, Бұл тіл деңгейлерінде (морфология, синтаксистік, лексикалық, сөзжасам) "тік" қалыпта орныққан Тілдік жүйе жиынтығы. Екіншісі тілдік тұлғалар қатынасының "көлденең" байланыста қалыптасқан жүйесі (қ. Синтагматика). "Көлденең" қалыпты жүйені нақты байқауға болады (қанағат-тан-дыр-ар-лық). Бір сөйлемдегі сөздерді дауыс ырғағымен бөлу арқылы сөйлеуші хабарламаға қатынасын білдіріп отырады (Асан / Меркеге Алмамен барады, Асан Меркеге / Алмамен барады, Асан Меркеге Алмамен / барады). "Көлденең" қалыпты жүйе тілдің әртүрлі деңгейінде бой көрсетеді. Тілдік жүйе тілде жоқ болатын құбылысты да қабылдайды.