БөЖ3 Ағартушы – демократиялық бағыттағы ақын- жазушылар



бет2/3
Дата02.12.2023
өлшемі23,76 Kb.
#132662
1   2   3
Байланысты:
БөЖ3 Ағартушы – демократиялық бағыттағы ақын- жазушылар-engime.org

«Сыншыл реализм» терминін зерттеуші көркемдік əдіс жəне де шығарма тақырыбының идеялық түп қазығы тұрғысынан қарастырады. Мысалы, «Сыншыл реализм əдебиеті өкілдері кең қонысты, тыныштық дүниені іздегенде, арман қылғанда, кейде əсіресе бастапқы кезде жазған шығармаларында көшпелі мешеу заманды да аңсап кетеді. Жақсылықты, кеңшілік дүние — өткен заманда, артта қалды-ау дегендей кейін қарап бір күңірінеді, сонау өрісі кең байқау жайлауға көз жіберіп, мұңаяды. Бірақ Омар, Нарманбет жəне Мəшһүр Жүсіп ескі көшпелі, мешеу ауылдың бейнелерін кейде аңсай жырлағанмен оны нысана етіп, тұрақтап қалмайды» — деп заманға сай ілгерлеу жолын нұсқағандарын айтады. Бұл жерде ғалым аталған ақындар шығармашылығында ұлттық дүниетанымнан жəне дəуір тынысынан туындаған қайшылықты байыптаса керек. Ал демократияшыл əдебиеттің негізгі сарыны «əлеуметтік ұран, халықты ояту мотивтері, бірақ бұдан жалаң үгіт түрінде деген қорытынды тумайды, өрістеген жаңа əдебиет, оның ішінде əсіресе поэзияда Абай бастап биік шыңға көтерген үлкен мəдениетті меңгеру жəне орыс əдебиетіне бұрынғыдан да жақын біте қайнаса араласу бет алысы үлкен орын алады.
Е.Ысмайылов еңбегін қарастырған зерттеушілер «сыншыл реализм əдебиеті» мен «демократияшыл əдебиет» деп жіктеулерінде айқындық жетіспейтінін, «сыншыл реализм» терминін көркемдік əдіс тұрғысынан емес, идеялық нысана тұрғысынан түсініп ғылыми қателікке ұрынған деп қарастырады. ХХ ғасырдың екінші жартысында жылымық рухына сай қазақ əдебиеті тарихының күрделі мəселелерін байыпты қарастыруда Б.Кенжебаевтың «Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары» (1958), М.Ғабдуллиннің «Қазақ халқының ауыз əдебиеті» (1958), Ə.Қоңыратбаевтың «Қазақтың «Қозы Көрпеш» жыры туралы» (1959) еңбектерінің жарық көруі əдебиеттанудың атап өтерлік жетістігі еді. Сондай-ақ Т.Əбдірахманов, Қ.Жармағанбетов құрастырған «ХХ ғасырдың басындағы қазақ əдебиеті» хрестоматиясының (1959), «Дастандар». (Октябрь революциясына дейінгі қазақ ақындарының дастандары) (1961) жинағының жариялануы əдеби мұраға деген көзқарастың дұрыс арнаға ойыса бастағанын да көрсетеді. Бірақ та қазақ əдебиеті тарихының негізгі проблемаларына арналған 1959 жылғы ғылыми-практикалық конференция ұсыныстары ұлттық əдебиеттануда сан жылдар бойы қордаланған өзекті мəселелерін ұлттық мүдде тұрғысынан шешіп алуға еш мүмкіндік бермеді. Қазақ əдебиетінің тарихи негіздерін, көркемдік бастауларын айқындауды бір ғана ХVІІІ ғасырмен шектеу ұсынысының қабылданғаны осы бағыттардағы ғылыми ізденістерге тежеу салғанын да естен шығармауымыз керек. Осы конференцияда қазақ əдебиет тарихын көне түркі əдебиетінен бастау керек деген Б.Кенжебаевтың тұңғыш ғылыми тұжырымы мүлдем ескерілмеді. Дегенмен де зерттеушінің қазақ əдебиет тарихын дəуірлеуде бүкіл түркілерге ортақ ежелгі дəуірден, яғни V–VІІ ғасырлардан бастау керек деген ғылыми тұжырымы пікір тұрғысынан қалып қоймай, 60-жылдары ұлттық əдебиеттануда қолға алынып, терең зерттеле бастады. Ол əдебиет тарихын дəуірлеу мəселесінде жаңа бетбұрысқа жол ашты.


ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетіндегі əдеби бағыттар табиғатын байыптағанда зерттеушілердің ағартушылық, ағартушылық-демократтық (Б.Кенжебаев), сыншыл реализм əдебиеті (Е.Ысмайылов), ағартушылық-демократтық бағыттағы сыншыл реализм (Ə.Қоңыратбаев) деген ұстанымда болғанын, əрі əдебиеттің қоғамдық өмірдің шын мəніндегі айнасы, елдік мұраттың жыршысы болғанын танытудан туған тұжырымдар екенін байқаймыз. Мұның бəрі түптеп келгенде, шығармашылық ізденістер барысы əдеби дамудағы «реализмнің сыншылдық бағытын өрістетті»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет