Бокстын тарихы мындаған жылдардан бастау алады жане кептеген езгерістер мен эволюцияларды бастан еткерді. Бокстын ежелгі турлері Месопотамия, Египет, Грекия жане Рим сиякты эртурлі мадениеттер мен еркениеттерде болган. Алайда казіргі бокс,біз білетін 18 гасырдын аятында пайда болды.1820 жыл бокс тарихында Англияда алгашкы ережелер белгіленіп, жекпе-жектерді уйымдастырудын негіздері курылан дауірлік кезен болып саналады. Сол уакытан бері бокс ресми спорт туріне айналды. 1867 жылы тунныш улттык бокс уйымы Лондон клубы курылды.20 гасырдын басында бокс бартан сайын танымал жане касіби болды. Сол кездегі кептеген боксшылар МухаммедЭли, Джо Луи, Джек Демпси жане Рокки Марчиано сияктылар нагыз а н ы з а айналды.
Қазақстандағы Бокс
Қазақстанда бокстың алғашқы мектебін 20 ғасырдың 30-жылдары Алматыда Шоқыр Бөлтекұлы ашты. Қазақстаннан Олимпия ойындарының, Дүние жүзі, Азия, Еуропа чемпионаттарының, Азия ойындарының 30-ға жуық чемпиондары мен жүлдегерлері шықты. Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпия чемпионы – Василий Жиров (Атланта, АҚШ, 1996), қазақ жігіттері арасынан шыққан дүние жүзінің алғашқы чемпионы – Болат Жұмаділов(Хьюстон, АҚШ, 1999), Олимпия чемпиондары – Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбрайымов(Сидней, Австралия, 2000), Бақтияр Артаев(Афина, Грекия, 2004), Бақыт Сәрсекбаев (Пекин, Қытай, 2008), Еуропа чемпиондары – Серік Қонақбаев (1979, 1981), Серік Нұрқазов (1983)
Бокс ережелері мен Соққы түрлері
Бокстағы негізгі соққылар түріне:
тура соққылар (джеб, кросс);
жанынан соққы (хук, свинг);
төменнен соққы (апперкот) — жатады.
Жекпе-жек қабырғалары ұзындығы 5-тен 6 метрге дейін болатын және 4 қатар канатпен шектелген алаң — рингте өтеді.
Жеңіс көп ұпай еншілеген боксшыға; нокаутпен ұтқанға; қарсыласы пәрменсіз болып жекпе-жекті жалғастыра алмағанда, дисквалификацияға ұшырағанда немесе жекпе-жектен бас тартқан жағдайларда беріледі.
Бокста белден төмен, желкеден, арқадан ұруға, баспен ұруға және құлап жатқан қарсыласты ұруға тыйым салынады. Жекпе-жекке — ринг ішіндегі бір төреші, сыртындағы 3-5 төреші төрелік жүргізеді.