ӨМІР
ҚАУІПСІЗДІГІ
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА
АРНАЛҒАН КӨМЕКШІ ҚҰРАЛ
2022 - 2023 оқу жыл
Өмірің - өз қолыңда
Адам үшін ең қымбат - өмір. Өмір сүру – адам үшін ең басты байлық.Қазақтың «Бірінші байлық- денсаулық»деп жататыны да содан болса керек.
Адам өміріне төнетін қауіп-қатердің түрі көп. Сондықтан да өміріңдісақтап қалу да өзіңе байланысты. Ол үшін сақтана білу керек. Әр адам өміріне өзі ие болуға тиісті.
Сен қай жерде болсаң да, қашан болсаң да әйтеуір бір қауіптің төніп тұратыны анық.Жол үстінде еле жатсаң да, үйде болсаң да, көшеге шықсаң да, серуендеп жүрсен де төтенше жағдайларға тап келуің ықтимал.
Егер сен дәл осындай қиын-қыстау жағдайларға тап болсаң, қорқудың да, абыржудың да , асып-сасудың да пайдасы тимейді.Керсінше қалай болса, олай болсын төтенше жағдайдан шығудың жолын қарастыруың қажет. Сендер бір-біріңе дер кезінде және дұрыс көмек көрсете білсеңдер ғана адам өмірін сақтап қалуларың мүмкін.
Сондықтан да өміріңе төнген қауітен құтулу үшін өмір қауіпсіздігі ережелерімен таныс болғандарың дұрыс. Олай болса өмір қауіпсіздігі - өз өміріңді өзің сақтап қалуың немесе көрші – көлем, дос-жарандардың өмірінің қауіпсіздігіне көмектесуің.Ендеше ,балалар,«Өмір қауіпсіздігі» көмекші құралын оқып шығып, күнделікті өмірде қолдана білсеңдер, апаттың алдын аласыңдар,бүліктің бетін қайтарасыңдар.
Сонымен қолдарындағы кітап - өмір қауіпсіздігі, яғни менің сенің, оның-бәріміздің өміріміздің қауіпсіздігінің қарапайым қағидалары.
Жол апатының алдын ала біл
ЕСІҢДЕ БОЛСЫН!
* Өткелі жоқ жерден өтуге болмайды.
* Көшенің қиылысына келгенде, екі жағына назар аудар, жасыл жарықтың жануын күт.
* Көшенің арғы бетіне жүгіріп өтуге болмайды.
*Көшенің арғы бетіне жолдың қақ ортасынан өтпе.
* Көше қиылсында тоқтау сызығы болады. Осы жерде тұрып бағдаршам белгісінің жануын күт.
* Автобусты артқы жағынан айналып өт.
Жолда келе жатқан машина көрінбесе,онда екі жағы бірдей көрінетін жолды таңда, сол жерден өт.
АБАЙ БОЛ!
* Егер велосипедпен жүрсең, жолда жүру ережелерін білетінің туралы куәландырылған қағазың болуы тиіс.
Тежеуішің ақаусыз болсын.
Қоңыраулы дыбыс белгісі болуы шарт.
* Жол бойында коньки, шаңғы , доп теппе.
* Көліктің артына жармаспа.
* Қалтарыстан шыға келме, өміріңе қауіпті.
* Жаға жолмен ғана жүруге болады,машина жолымен жүруші болма.
* Жол көлік оқиғасы кезінде полиция бөліміне хабарлас.
* Жарақат алғандарға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсет.
* Жол белгілерін ажырата білген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |