Болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығын құзырлылық тұрғыдан қарастыру


Әдістемелік құзырлы мұғалімнің қабілеттері мен тұлғалық, кәсіби қасиеттері



бет4/6
Дата25.11.2023
өлшемі23,63 Kb.
#126176
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
сұрақ- жауап

Әдістемелік құзырлы мұғалімнің қабілеттері мен тұлғалық, кәсіби қасиеттері.

Әдістемелік құзырлы мұғалімнің төмендегідей қабілеттері мен тұлғалық кәсіби қасиеттері болу керек. Қабілеттері:
1) кәсіби тұлғалық қасиеттерін дамыта білетін; 2) кәсіби әдістемелік іс-әрекетін үнемі жетілдіре алу; 3) шығармашылықпен сабақ жүргізе білу; 4) педагогикалық қызметтерін жауапкершілікпен орындай білу;
5) ұстаздық қызметінде мектептің қазіргі даму талабына сай жаңа өзіндік әдістеме құра алу және оны дамыта білу; 6) педагогикалық қызметінде басқа әріптестерімен, оқушылармен мәдениетті қарым-қатынаста бола білу.
Қасиеттері: адамгершілік, саяси идеялық ой-өрістің кеңдігі, мәдениеттілік, кәсіби іскерлік, қоғамдық белсенділік, балалармен жұмыс істеуге құлшыныс, табандылық, әділдік, педагогикалық әдеп, талап қоя білу, өз пәнін білу, өзін-өзі бағалай білу, оқушыларды оқытқанда және тәрбиелегенде жеке қарым-қатынас орната білу, балаларды жақсы көру, байсалдылық, адалдық, сабырлық, өнегелілік, жауаптылық, ұйымдасқандық, мамандығын сүю және басқаны да ынталандыра білу.

  1. Математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығының мазмұны (анықтамасы).

Анықтама: «Кәсіби-педагогикалық құзырлылық» және «мұғалімнің әдістемелік құзырлылығы» ұғымдары негізінде математика мұғалімінің әдістемелік құзырлығын «жалпы білім беретін орта мектепте қазіргі технологияларды пайдалана отырып, математиканы оқытуға теориялық және практикалық дайындығының үйлесімділігі, тұлғалық кәсіби қасиеттерін үздіксіз дамыта білу қабілеттері», – деп анықтауға болады.

  1. Мұғалімнің психологиялық компоненті.

Мұғалімнің психологиялық компонентіне:
оқушылардың математиканы қызыға оқуға мотивация жасауға дайындығы;
– болашақ мұғалімнің кәсіби тұлғалық қасиеттерінің қалыптасқандығы: мәдениетнамалық қасиеттер;
– кәсіби педагогикалық эрудиция, мақсат қоя білу;
көкей көзділік, тез шешім қабылдай білу, бақылай білу;
болашаққа сеніммен қарау;
– сезіну, интуиция, импровизация, оптимизм, рефлексия, әдіснаманың және дамыта оқытудың психологиялық әдістемелік негіздерін білу;
– туындаған педагогикалық әдістемелік мәселелерді әдеттен тыс жолмен шеше білу;
– тұлғаны дамытуға бағытталған оқу үдерісін жобалай білу;
маманның кәсіби тұлғалық қасиеттері;



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет