Болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығын құзырлылық тұрғыдан қарастыру



бет5/6
Дата25.11.2023
өлшемі23,63 Kb.
#126176
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
сұрақ- жауап

Мұғалімнің пәндік компоненті.

Пәндік компонентке:
фундаменталдық математикалық білім яғни пәннің мазмұнын меңгергендігі: математикалық курстардың мектеп математика курсымен байланысын білу, 12-жылдық мектепте математиканы оқыту ерекшеліктерін білу
– жинақталған психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білім;
– бағдарламалық-әдістемелік документтерді талдай білу;
– әдістемелік мәселелерді анықтап, оны шеше білу, әдістемелік білімді жіктей және жүйелей білу;

  1. Мұғалімнің технологиялық компоненті.

Технологиялық компонент білімді ақпараттандыру жағдайында жалпы білім беретін орта мектепте оқытудың қазіргі педагогикалық технологияларын пайдаланып, математиканы оқыта білу және әдістемелік өсе білу қабілеттерінен және практикалық біліктілігінен тұрады. Оған:
- математикадан сабақ жүргізуге дайындығы:математикалық моделдеу әдісін білу, қиын есеп шығара білу;
- болжамдау: таңдап алған құралдардың, оқытудың түрлерінің, әдістерінің тиімділігін болжамдай білу, оқыту үдерісін үйлесімді құру;
- сабақ жүргізудің мазмұны мен түрін, әдістері мен құралдарын үйлесімді таңдау және қолдана білу;
- математиканы оқытуда әдістерді, құралдарды, жаңа ПТ және АТ қолдануға дайындығы;
- оқушылардың білімін тексеруге дайындығы;
- озат мұғалімдердің тәжірибесін зерттеуге және қолдануға дайындығы;
- педагогикалық ғылым жетістіктерін мектеп практикасына енгізуге дайындығы;
- педагогикалық ғылым мен мектеп практикасының өзара байланыстағы әдістемелік іс-әрекеттерін жүзеге асыруға дайындығы;
- мектепте ғылыми-әдістемелік жұмыс ұйымдастыруға және әдістемелік зерттеу жұмысына дайындығы.
5-дәріс

  1. Болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылық моделі.

Кәсіби дайындық моделі үш блоктан тұрады:

  • мұғалім азамат тұлғасын қалыптастыру;

  • тәрбиеші мұғалімді қалыптастыру;

  • құзырлы маман, әрі пән мұғалімін қалыптастыру.

Жоғары педагогикалық оқу орындарында болашақ мұғалімнің психологиялық, пәндік және технологиялық үш компоненттерден тұратын әдістемелік құзырлылық моделі құрылды (1-кесте) және оған қажетті кәсіби шарттар нақтыланды.
Әдістемелік құзырлылықты қалыптастыру үдерісі моделінің мәні – педагогикалық білім мен іскерлікті меңгеруді маңыздыландыру және кәсіби тұлғалық қасиеттер мен жеке тәжірибені құру. Ол үш сатыдан тұрады: психологиялық, мазмұнды іс жургізу, тәжірибелік.
Психологиялық сатыда әрекеттенуге бағыттайтын, іс-әрекетке кірісу қажеттілігін түсінетін мотивтер жүйесін, психологиялық білгірлікті қалыптастыру және болашақ мұғалімдерді педагогикалық, психологиялық, математикалық, әдістемелік білімді меңгеріге ынталандыру жүргізіледі. Ол үшін мотивациялық-танымдық, құнды-мағыналы таңдау, сезіну яғни сананың өзіне назарын аударып, өзінің психикалық күйіне ой жүгірту, сынды пікір алмасу қолданылады.
Мазмұнды іс жургізу сатысында мұғалімнің ұстаз ретінде субъектілік бағытын жүзеге асырудың ғылыми негізі құрылады. Ол үшін пікір алмасу, өзін-өзі тану, ізденіс, информацияларды сынмен талдау қолданылады. Бұл кезде дидактикалық біліктілік қалыптасады.
Тәжірибелік сатысында студенттердің азды-көпті тәжрибесін жаңа әдіс-тәсілдермен толықтырып, жаңарту және оған кәсіби өзін-өзі жетілдіруге нұсқау беріп, оқу-тәрбие үдерісінде сабақтарды үйлесімді ұйымдастырып, ойын түрлерінде жүргізу, студенттердің шығармашылық проекттерін жүзеге асыруларын қадағалау арқылы оларға технологиялық біліктілік қалыптастыру жүргізіледі.
математика мұғалімін дайындауда оның әдістемелік құзырлылығын қалыптастырудың моделі үш дайындықты қамтиды:
1) Мамандыққа психологиялық дайындық;
2) Теориялық дайындық;
3) Практикалық дайындық.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет