Болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығын құзырлылық тұрғыдан қарастыру


Кәсіби педагогикалық құзырлылықтың анықтамасы



бет3/6
Дата25.11.2023
өлшемі23,63 Kb.
#126176
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
сұрақ- жауап

Кәсіби педагогикалық құзырлылықтың анықтамасы.

Кәсіби-педагогикалық құзырлылық – мұғалімнің психологиялық, педагогикалық, пәндік білімділігі, оқытудың әдістемесі мен дидактикасын меңгерген теориялық және практикалық дайындығы, кәсіби тұлғалық қасиеттерін дамыта білу қабілетері және оқытудың қазіргі технологияларын меңгергендігі.

3,4-дәріс

  1. Болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығының функциялары.

Болашақ математика мұғалімін кәсіби дайындауда оның әдістемелік құзырлылығының төмендегідей функциялары анықталды:
1) әдістемелік іс-әрекетінің мән-мағынасын түсіну;
2) ақпараттық-коммуникативті функциясы қарым-қатынас үдерісінде қажетті ақпаратты анық жеткізу, оқытушылық сөйлеу мәдениеті, ғылыми-әдістемелік жұмыс ұйымдастыра білу, ұжымдағы әлеуметтік байланыс жасай білу;
3) болжамдық функциясы: өзінің іс-әрекетін құру және оны келешекте жетілдіру.
Болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығы негізінің мазмұны оның кәсіби тұлғалық қасиеттерінен, білімдарлығынан және математиканы оқытудың қазіргі технологияларын меңгергендігінен және практикалық біліктіліктерден тұрады.

  1. Білім беру заңында болашақ мұғалімнің қасиеттері.

Болашақ мұғалімнің қасиеттерін таңдау үшін Білім беру заңындағы 51 бабын жетекшілікке алдық. Онда «педагог қызметкер:
1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;
2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;
3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;
4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;
5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;
6) бес жылда кемінде бір рет аттестациядан өтуге;
7) педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;
8) оқушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті», - делінген.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет