Болашақ математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығын қалыптастырудың негізгі қағидалары.
Әдістемелік құзырлылықты қалыптастыру психологиялық, теориялық және практикалық дайындықтарда жүзеге асырылады. Олар: педагогикалық іс-әрекетке ынталандыру; өзін-өзі тұлғалық және кәсіби дамыту, өзін-өзі жетілдіру; кәсіби әдістемелік және тұлғалық даму мен жаңа технологияларды меңгеруді байланыстыру, педагогикалық психодиагностика әдістерін меңгеру; математика педагогикасын, психологияны, математиканы оқытудың жаңа технологияларын меңгеру; педагогикалық үдерісті моделдей білу және ұйымдастыру; кәсіби әдістемелік тәжірибе жинау үшін оқу-тәрбие үдерісінде математиканы оқытудың технологияларын қолдана білу.
Әрбір компоненттің пайда болуы оның cипатының және қасиеттерінің біртұтас жүйенің бөліктері ретінде қалыптасуымен байланысты болды.
Математика мұғалімін дайындауда оның әдістемелік құзырлылығын қалыптастырудың моделі үш дайындықты қамтиды: 1) Мамандыққа психологиялық дайындық;
2) Теориялық дайындық;
3) Практикалық дайындық.
Математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығын қалыптастырудың психологиялық дайындығы.
Математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығын қалыптастырудың теориялық дайындығы.
Математика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығын қалыптастырудың практикалық дайындығы.