Болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығын құзырлылық тұрғыдан қарастыру


Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетке дайындығы ұғымының анықтамасы



бет2/6
Дата25.11.2023
өлшемі23,63 Kb.
#126176
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
сұрақ- жауап

Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетке дайындығы ұғымының анықтамасы.

Болашақ мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетке дайындығы оның білім, білік, дағдысының және тұлғалық ерекше қасиеттерінің бар болуына, яғни кәсіби құзырлылығына сүйенеді.

  1. Құзырлылық ұғымының мазмұны.

М.П. Лапчик пен Н.В. Чекалева: «Құзырлылық – ауыспалы әлеуметтік шарттарда конструктивті әрекет жасауға мүмкіндік жасайтын, белгілі бір құзырлылықтың дәрежесін көрсететін тұлғаның біліктілік деңгейі».
«Құзырлылық» ұғымына М.А.Чошанов : «Құзырлылық тек білім алу ғана емес, сол алған білімді үнемі толықтырып, жаңартып отыру және оны қажетті шарттарда қолдану; тиімді шешім таңдай білу; жалған пікірді әшкерелей білу. Оның құрамы: ойлау икемділігі; сыншыл ақыл; шапшаң ойлау; жылдам қимылдау; тиімді шешім қабылдай білу; қиыншылықтарды жеңе білу және қойылған мақсатқа жете білу; дұрыс мотивация; дұрыс нәтиже».
Джон Ревен құзырлылыққа былай анықтама берген: «Құзырлылық – нақты бір салада белгілі бір жұмысты орындауға қажет арнайы пән бойынша білімділік, саналылық, өзінің жұмысына жауапкершілік қасиеттері»
Құзырлылық – маманның іс-әрекетін тиімді жүргізуге қажетті, құрамына кәсіби және арнайы білім, білік, дағды; кәсіби ынталық енетінін тұлғалық қасиеттер

  1. Мұғалімнің кәсіби педагогикалық құзырлылығын қалыптастырудың бағыттары.

Кәсіби-педагогикалық құзырлылық бірнеше бағытта жүргізілген.


Бірінші бағыттағы ғалымдар – Е.В.Бондаревская, А.А.Вербицкий. Б.С.Гершунский, Т.Ф.Золоторева мен М.Р.Минигалиева, Н.С.Розов, Олардың еңбектерінде: «кәсіби-педагогикалық құзырлылық – тұлғаның дамығандығының, білімділігінің және адамдар арасындағы қатынастың мәдениеттілігінің нәтижесі болатын мәдениет және өркениет феноменімен байланысы», – деп қарастырылады.
Екінші бағыттағы ғалымдар – Т.Г.Браже, Н.И.Запрудский және т.б. кәсіби құзырлылықты «қасиеттер мен іскерліктердің» жүйесі ретінде түсінеді. Бұл бағыттағы ғалымдар «кәсіби құзырлылық – белгілі бір деңгейдегі кәсіби міндеттерді орындау мүмкіндігін қамтамасыз ететін, тұлғаның білімділік, іскерлік және тәжірибелік жүйесі», – деп анықтайды. Ал, кәсіби-педагогикалық құзырлылықты философиялық, психологиялық, мәдениеттік, әлеуметтік және тұлғалық тұрғыдағы жүйе деп қарастырады.
Үшінші бағыттағы ғалымдар – В.А.Сластенин, А.И.Мищенко, Г.И.Хозяинов, Л.И. Загвязинский, В.Н.Корчолин және т.б. кәсіби-педагогикалық құзырлылық пен педагогикалық шеберліктің байланысын зерттеді және олардың айырмашылығын анықтады. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық мамандықты тек жеке тұлғалық деңгейде ғана меңгеруге болатынын және мұғалімнің мамандығында тұлғалық пен кәсібилік қасиеттер ажырытылмайтынын көрсетті. Педагогикалық шеберлік – «оқытушы» әрекетінің жоғары деңгейі. Мұғалім жоғары деңгейге жету үшін оған тәжірибе, бағыттылық, педагогикалық қабілет, тұлғалық қасиеттер қажет. «Педагогикалық шеберлік – маманның педагогикалық үдерістегі педагогикалық іс-әрекетін үнемі жетілдіруге, зерттеу жұмысымен айналысуға бағытталған педагогикалық құзырлылықтың жоғары деңгейі», – деп анықтайды.
Төртінші бағыттың мақсаты – «кәсіби құзырлылық» және «кәсіби іс-әрекетке дайындық» ұғымдарының байланысын анықтау. Психологиялық-педагогикалық әдебиетте «іс-әрекетке дайындық» ұғымы әртүрлі анықталады: 1) іс-әрекетке дайындық – іс-әрекеттің басталу сәті алдындағы іс-әрекетке дайын тұлғаның белсенді және көрегендік жағдайы; 2) іс-әрекетке дайындық –мұғалімге қойылатын кәсіби талаптар, кәсіби қасиеттер жүйесінен тұратын күрделі білім құрылымы.
Бесінші бағытта «кәсіби құзырлылық – ұстаз тұлғасының мінездемесі және оның мазмұнына нәтижелі компонент енгізу», – деп психологиялық тұрғыдан анықталды. Ұстаздың кәсіби құзырлылығының тұлғалық компонентінің құрамы: кәсіби дамуға, педагогикалық қабілеттерді дамытуға ұмтылыс; жауапкершілік; белсенділік; тұлғалық қасиеттер; кәсіби амалдарды таңдай білу және жүзеге асыру; кәсіби амалдардың дұрыстығына сену; ғылыми әдіснамаларды қолдана білу; өзін-өзі бағалай білу.
Алтыншы бағытта кәсіби құзырлылық маманның білімділік деңгейі ретінде қарастырылады (Б.С.Гершунский, А.Д.Шекатунова). «Кәсіби құзырлылық», негізінен, маманның өзінің кәсіби білімінің деңгейімен, тәжірибесімен және адамның жеке қабілеттерімен, оның үнемі білім алуға және білімін жетілдіруге ұмтылысымен, жұмысын шығармашылықпен орындай білуімен анықталады. Б.С.Гершунский кәсіби құзырлылықты «кәсіби білім, білік, пәнді меңгергендік және оларды өз жұмысында жүзеге асыра білудің деңгейі, дәрежесі, сапалық және нәтижелік көрсеткіші» – деп анықтады.
Жетінші бағытта кәсіби құзырлылықты зерттеген ғалымдар Н.В.Кузьмина, М.И.Лукьянова, А.К.Маркова, Н.В.Матяш, т.б.аталған қасиетті іс-әрекеттік тұрғысынан анықтайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет