Болат әбдікәрімұлы асаубаева ақГҮл кенжебекқызы саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары



Pdf көрінісі
бет22/45
Дата26.07.2023
өлшемі1,25 Mb.
#104812
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45
І.Жансүгіров
ел ішіндегі ақын-жырау, әншілердің өлең-жырларын, ертегі
–аңыз әңгімелерін құмарта тыңдап, жаттап алып, айтып үйренген зерек те
зерделі ақын ретінде балалар әдебиетін негізін қалаған. Ақынның 1915-1916
жылдары жазылған өлеңдері «Сәлемдеме», «Көңілдің жүгірісі», «Жанды сөз»,
«Ынтықтар», «Замандасқа», «қалпымыз», «Талғамалар» деген өлеңдері қоғам
жайын, халық өмірін шындық
сипатында көрсетіп, адамгершілік пен
әділеттілікті ардауқтауға, оқу-білімге үндеуге негізделген. «Жалпы жасқа»
(1921), «Ағынды менің Ақсуым» (1921), «Ақсабан» (1923), «Желді қарағай»
(1925), «Жетісу суреттері», «Тау суреті», «Элеватор», «қазақстан», «баласынан
анасына хат» (1927), «Оқимын» және басқа көптеген шығармалар жазып
,балалар әдебиетінің дамуына мол үлес қосты.
Әсіресе, дарынды ақын балаларға арналған өлеңдерінде танымдық,
тәрбиелік, білімдік мәніне баса назар аударды. әндетіп, өлеңдетіп тербете
тәрбиелеу арқылы баланы бесіктен тәрбиелеп, сөз өнеріне баулу, ой-өрісін
дамыту, адамгершілікке, анаға деген мейірімділік, жағымды мінез-құлыққа
тәрбиелеуді көздегенін оның әрбір шығармасынан көруге болады. Мысалы,
«Баласынан анасына хат» деген өлеңінде баланың анаға сүйіспеншілігін,
мейірімін, балалық сезімін шынайы суреттеген:
«Қорғаным, анам, қамқорым,
Қолыңа тисе осы хат,
Құлының жазды қолынан,
Қуан да хатқа, қыл қуат».[161,49]
Ал, «Оқимын» деген өлеңінде мәпелеп тәрбиелеп, ұядан ұшырған ата-
анасына баланың сүйіспеншілігі, оқуға, өнер-білімге ұмтылып, болашақ
азаматтың өмірде кім болатыны жайлы асқақ арманы-баланың өз аузынан жыр
болып төгіліп, бата-тілекке жалғасады.
Жастардың сауатын ашуды өзін міндет етіп қойған Ілияс «Жалпы жасқа»
деген өлеңімен ұран тастап:
Әйел, еркек, жалпы жас!
Оқы, орталас, ұйымдас!
Көтеріл, көрін, көзіңді аш!
Бірік, бірлес, жиыл жас!
Жаңбырлы жазғы жапырақтай,
Жиылатын күн жетті,
Көркей, көгер, гүлің шаш!...
Қайтып ұйқың қиылмас![161,49]
деп ел арасына, қарамағында оқуда жүрген жас өспірімдерге үгіт жүргізеді.
Осы идеясын іскер асыру үшін мұғалімдің қызметімен қатар, үгіт жұмысын
одан ар жүргізе берді. Бұл кезде жазылған өлеңдерін көбіне солардың өміріне
және жас ұрпақтарға арнады. Ақын өлеңдері жас өспірімдерді оқуға, өнер


77
білімге шақырады. Ең алдымен шығармалардың тәрбиелік рөлі соншалықты
күшті де ақпалды болуын басты міндет етіп қояды. Балаларды алдына күрделі
мәселелерді қоя білу керектігін айтады. Өйткені тәрбие мен білімнің және
оқытудың
арасындағы
үрдіс балаға жас кезінен
үйретілуі тиіс. Осы
мақсаттарды тіпті бесікте жатқан бүлдіршінге да өлеңмен,әнмен айтып
жеткізуді шарта етіп қояды. Сол арқылы баланың көңіл күйі мен ойын
эстетикалық идеалын сергітіп, тезірек жетілуіне, дұрыс өсуіне жәрдем етеді.
І.Жансүгіровтің «Бөбек бөлеу» (Ана жыры») деген өлеңінде осы пікірді
жақтайды.
Бөл-Бөл бөбек, бөл бөбек,
Еліңе бол елгезек.
Бөрідей бөстек ки, бөбек.
Елгезек болсаң иісін,
Ерінбей еңбек ететін,
Ендеше саған екі емшек,[162,25].-
дейді. Балаға қойып отырған ана шарты жеке бастың қамын ойлау мәселесі
емес, еткен еңбегін елінің игілігіне жұмсалатын болсын деген қоғамдық пікірге
баулып отыр. Бұл бала алдына қойылған халықтық мақсат, ол –халық ойының
эстетикалық идеалының жемісі мен арманы. «Елгезек болсаң иісін, ендеше
саған екі емшек» деген ананынң шарттық белгісі балаға жаңа міндет жүктеп
отырғанын көрсетеді.
Бөл-бөл бөбек, бөл, бөбек,
Бет алдыңа кетерсің,
Бөгелмей білім ал, бөбек.
Елге есті ер керек,
Білмесең білім бекерсің,
Ер жет, есей ертерек![162,25].-
деп, ана оның халық ұлы болуын арман етеді. Осындай ұлы мақсат, үлкен
арманды,әсемдік әлеміне құрылған эстетикалық идеалды ақын тіпті бесіктегі
балаға да сондай шеберлікпен жеткізе беруге, айтуға болатынын дәлелдеген.
өйткені баланы өсіретін де. жетілдіретін де жақсы тәрбие мен зор үміт. Бұл өз
кезегінде тәрбиелік маңызы бар міндеттерді іске асырудың ең басты жолы деп
танылады. Балаларға жазылған І. Жансүгіровтің өлеңдерінің қамтыған екінші
бір үлкен тақырыбы-өзі елі, өз жерінің байлығы мен сұлу табиғатының әсем
көріністерін суреттеуге арналған. Баланы зеректікке, байқампаздыққа,
эстетикалық сезімталдыққа үйрететін бала тілін дамтытатын, ойланып-
толғануға баулитын. Бұның өзі ақынның балалардың жан дүниесін терң
білгендігі мен олардың нені сүйіп, нені жек көретініне дейін жан-жақты
зерттегені көрінеді. «Ағынды менің Ақсуым», «Бұлт», «Жазғытұрым», «Жазғы
шілде», «Күз», «Жауында», «қыс», «Жетісу суреттері», «Шаттық жыры»,
«Біздің жазда» және т.б. өлеңдері балалардың эстетикалық тәрбиесі үшін
табиғат көріністері мен табиғат заттарын суреттеуде бұл оларға тигізетін әсері
өте зор. Бұл шығармалары балалардың танымдық, қабылдау әрекеттерін
дамтып, оларды эстетикалық сезімталдыққа, ой теерңдігіне, байқампаздыққа,
шығармашылыққа тәрбиелеуге бағытталумен бірге, сөз шеберлігіне, сөз
шеберлігіне, сөз тапқырлығына үйретерлік көркемдік кеңістігіне өрнектелген.
Баланың ойына оралымды, тіліне түсінікті, мазмұны айқын, көркем сөз
өнерінің халықтық қазынасына айналған асыл өнерімен бала ойына жас
шамасына лайықты шығармалары табиғат таңғажайыптары, қоғамдық тұрым-
тіршілік, ел тіршілігімен үндесіп, сабақтас суреттеледі. «Біздің жазда» атты
өлеңінде жан-жануарлар мен құстар тіршілігінне қызықтыра жетелейді. 5-6


78
жасарлардан бастап төменгі орта буын сынып оқушыларының ой-өрісін, дүние-
танымын тереңдетіп, танымдық дәрежеде жазылған. Балаларды өздері білетін
және бейтаныс құстар мен жануарлар дүниесінің тіршілік тылсымына
қызықтыра ой салады. Жылдың төрт мезігін өмір тіршілгімен, еңбекпен
байланыстыра отырып, 1923 жылы жазған «Жазғы шілде» деген өлеңінде де
балаларды әр алуан құбылыстармен, мезгіл заңдылықтарымен жан-жақты
таныстырған. Балаларға өмір таныту жолдарын өздерінің күнделікті көз
алдынада өтіп жатқан жаратылыс құбылыстарымен байланыстыра суреттей
отырып, сол арқылы шаруашылыққа араластырып, еңбек етуге бейімдейді. өз
өлеңдерінде жаратылыс суреттерін адам өмірінен. Оның күнделікті тіршілігінен
бөлім алмай, соған байланыстыра келтіреді. Айналадағы болып жатқан түрлі
жаңалықтарды байыпты түрде бақылап және өзі де соған араласа жүріп өскен
баланың ой логикасы, эстетикалық идеалы бір қалыпта жүйелі түрде дамиды.
І.Жансүгіров балаларға өтке тану жұмысын жаратылыстың көркем суреттері
мен байлықтарын зерттеу арқылы түсіндіруге тырысқан. «Жетісу суреттері»
өлдеңінде Жетісу жерінде ерте заманнан бері қарай осы күнге дейін қазақтың
қай тайпасы, қай елі мекен еткені баяндалады. Мұның өзі өлке танумен қатар
бірталай тарихи мағлұматтарды білуге де септігін тигізеді.
Арқырап асау Шелек орыпты тас,
Бурадай бұлқынады көк ала бас.
Ол баста күн шығысқа шыға шауып,
Жалт беріп етекке еңсей сапты құлаш.[161,40]
Жаратылыстың әсем көріністерін дәл осылай суреттеу баланың
эстетикалық сезімін тәрбиелеп қана қоймайды, табиғат-сұлулықтың ең байырғы
әрі таусылмас қайнар көзі болғандықтан, баланың білім қорын да байыта
береді. 5-6 жасарлардан бастап төменгі ора буын сынып оқушыларының ой-
өрісін, дүниетанымын тереңдетіп, көркем сөзге баурап аларлық, танымдық
дәрежеде жазылған. «Бізде балалар әдебиеті жасалмаған әдебиет .сондықтан
менің бір ойым осы әдебиеттің бізде жасалуына көмектесу еді. бұл туралы біраз
еңбектерін бар: «Балаларға тарту», «Балаларға базарлық» тағы басқалар. Бізде
әсіресе техника, өнер жайында шығармалар туған жоқ. Енді бұл кеткке кірпіш
қалауымз керек дейміз»[ 163],-дейді Ілияс 1931 жылғы «Мен қалай жаздым
деген мақаласында. 1929 жылы І.Жансүгіров Ташкентте, Алматыда «Малта»,
«Шәркей» деген суретті кітапшалары басылып шықты. Бұл кітапшалар мектеп
жасына дейінгі балалардың ойлауы өте айқын және нақтлы болатынын ескерте
отырып психологиялық ерешелеіктеріне тән материалдарды қызықты да күлкілі
етіп, солардың өздеріне тартау еткен. Мектеп жасына дейінгі балалар осы
сияқты мазмұны, тілі түсінікті әрі жеңіл, әрі қызықты, сонымен қатар
ұйқасымы, ырғағы жақсы өлеңдерді тез жаттап алады. Ақын балалардың жан
дүниесін терең біліп, олардың нені сүйіп, нені жек көретініне дейін жан-жақты
зерттегені айқын сезіледі. І.Жансүгіровтің ойынша: «Бала біздің болашағымыз,
бүлдіршіндер жақсы азамат болып ессе елдігіміз биіктемек, ғылым-біліміміз
артпақ, сонда ғана өнерлі халықтар қатарына қосыламыз. Ол үшін ұлттық
тәлім-тәрбиені барынша мол беруіміз керек екен»[164,5]


79
І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы Ақан сері өмірінің соңғы бір сәтін
жырлауға арналған. Ақын Ақанның барлық ішкі жан сырын, биік арман-
мұратын жан-жақты суреттейді. Оның әсемдікке құмарлығын, әсіресе түзу
мылтық, жүйрік ат, қыран құс, құмай тазы» десе асын жерге қоятынын
барынша нанымды,барынша шебер жырлаған. 1935 жылы «Сүйінбай ақын»
атты кітап шығарып, Сүйінбайдың толғауларымен айтыстарын енгізген. Ал
1934 жылы Албан Асан ақынның «Ақырзаман» деген кітабына алғы сөзін өзі
жазып шығарды.
Жастар тақырыбы І.Жансүгіровтің 1915-1916 жылдардың өзінде ақын
жастарғаарнып «Сәлемдеме». «Замандасқа», «Сияқты» бірнеше өлеңдерін
жазып жастарды өнер-білімге, әлеуметтік іске араласуға шақырды. «Шым-
шытырық», «Жыбырлақ», «Маңым» сияқты өледеріне ол өз ортасын, ондағы
қараңғылық, талапсыздыққа, жанбай сөніп, өнерсіз, білімсіз қалып бара жатқан
жастар тағдырына қапа болдаы, қараңғылық, надандық тудырған оғаш
мінездерді-қулық-сұмдық, алааяқтық, өсек-өтірікті сынап, шенейді. Ақын
«Арман» дейтін өлеңінде:
«Мезгіл барма ма құтылар,
Шынжыраулы тағдырын?
Бірақ ой жоқ ұмтылар,
Табылар тағдыр дағыдан.
Рақымы жоқ шынжырға
Байқамастан шалдырған...»[165,2],-
деп ел жайын, жастар қамын оларды тылсымдай тығырыққа қамаған заман,
оның салдары-надандық, соған егіздің сыңарындай ұқсаса талапсыздық,
тағдырға мойын ұсыну сияқты жәйіттерге күйініп толғанса, «Замандасқа»
дейтін өлеңінде жастарға үміт артып:
«Өнерге ұмтыл, өнерді біл замандас,
Қамдан, жатпа, заманыңмен хабарлас,
Ынта салсаң білім туын қолға алсаң,
Теңдік тиер, ешкім күйе жға алмас»[165,2],-
деп өз замамдастарын өнер-білімге шақырады. Ақын 1924 жылы жазған
«Саналы жастарға» дейтін өлеңінде де жоғарыдағы «Жалпы жасқа», «Жастар
ұраны» дейтін өлеңдерін қайталайды. Сондықтан жастайынан ел мұңына,
халық қамына бейқам қарамайтын, қайта оның әрбір жетістігіне қуанып,
кешлігіне қынжылап отыратын ойшыл ақынның ел ішінде еркіндікке жете
алмай жүрген жастар барын аңдап, жастарды қоғамдық, әлеуметтік іске, өнер-
білімге, оқуға үндеп, бұл тақырыпқа қайталап орала беруінің мәні сонда
болады. Ақын жастардың ертеңін мегзеп, олардың халық алдындағы міндетін
аңғартады. Азамат соғысынан соңғы халық шаруашылығын қалыпына келтіру
дәуіріні аяғына таман жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқу, халықты жаппай
сауаттандыру, еліміздің жаппай сауатты елге айналдыру жүзеге асырыла
бастады. Осындай бүкіл халықтық маңызы бар әрбір жаңалыққа құлақ түріп,
жедел үн қосып отыратын І.Жансүгіров бұл маңызды оқиғаға арнап: «Майдан»
атты өлеңін жазды. Ағарту майданын халық санасындағы жеңістердің бірі деп
түсінген ақын:


80
«Алдымда айқын айнам бар.
Алдымда жойқын майдан бар
Ағарту елді – майданым» »[165,2],-
деп елін, өнерге шақырып, жар салған, ұлы іске құлшына ұмтылып, елін
бастап өнер майданына кірген жауынгер көз алдыңа елестейді. Ақынның
жастар тақырыбына жазған өлеңдері оның елінің болашғы-жас достарына деген
шексіз сүйіспешлігі, жанашыр қамқорлығы айқын сезіліп отырады. «Мақым»,
«Жыбырлақ». «Жаңылғаным», «Талғамалар» өледңдерінде надандықты сынау,
оқу білімге үгіттеу, адамгершілікті құрметтеу элементтері бар:
Балаңды бер сабаққа,
Қойды айдама тымпыңдап!
Арттан өсек сөйлеме,
Көрнеу көзге жылпыңдап![166,209]
І.Жансүгіровтың 1930 жылы «Жұмбақ. Суреттің шешуімен» атты балалар
кітабы жарық көреді. Аталған еңбекте жазушы жұмбақтар түрін үш бөлімге
бөліп көрсеткен. Олар:1 үй саймандары. 2. құрал саймандары. 3.Жаратылыс
құбылыстары[167,2] Балалардың дүниетанымдық көзқарастарына барынша
ықпалын тигізетір қазақтың көркем жанры ақынның сол кездегі білімге деген
құштарлығын танытады.
І.Жансүгіровтің Мәскеуде журналистика институында (1925-1928) оқып,
қоғам дамуы заңдылықтарын, әлем әдебиеті, өнер тарихын тереңдеп білуі оның
эстетикалық көзқарастарына орасан зор ықпал етіп, жазушылық тағдырына
бетбұрыс жасады. Осы шығармашылықтың кемелденген тұсының бір үлгісі –
1929 жылы жазылған «Күй» поэмасы. өнер тең қайғы, қасіретті, мұңды айтып,
адам жанын жаралап, жүрегіне от тастайтын сиқырлы күй емес, өмірге
жетелетйтін қайрат-жігердің киелі қайнары болып табылады.
Қазақ оқу-ағарту саласында қазақ баспасөзінің ерекше маңызы болғаны
мәлім. І.Жансүргіровте сол кездегі мерзімді басылымдарда өзінің мақаларын
жариялап отырған. қоғамның түрлі салаларында арнап жазған мақалалары
ақынның сол кездегі халық ағарту ісіне арнауы деп таныған.. Мәдениет
саласында жазған мақалаларына тоқтала кетсек, оның 1929 жылы «Театр
туралы» мақаласында театр жайлы былай деген: «Мәдениет майданындағы
сүбелі ісіміздің бірі-театр. Театр көрінгеннің ермегі емес, еңбектің көркемі.
Театр-көңіл көтерудің ғана орны емес, мәдени ошақ. өнер орны, еңбекшілер
үстемдігінің мәдениет майданындағы қарулы орынның бірі»[168,323б],-деп ой
қозғаған. Ал 1923 жылы «Ән, әншілер жайында» атты мақаласында: «Ән –күйді
сөз қылудың бүгінгі бір керектігі-біздің жаңа жасалып жатқан шаруамыз,
еліміз, мәдениетіміз,
өнеріміз бар. сол жаңа жасалып жатқан көп
жұмысымыздың бірі-мәдениет майданындағы өркениетті орынның бірі-қазақ
театры болса-оның бүгінгі бір сүбесі-ән-күй болып келеді. әнді айтқанда, әзірге
бізде үлгілі ән, өнерлі ән, жаңа ән жоқ. қолдағы бар мәзірміз-елдікі. Ендеше,
біздің сөзіміздің басы ел әнінен басталады. Ел әндері қандай, қалай туған, осы
күнде не күйде, осы күнгі жұртшылыққа жанаса ма. Заманға үйлесе ме,
келешегі бар ма, осыны жұрт алдына салмақпыз»[168,327б],-деп қазақ әніннің
өткені мен болашағына зер салады. Хандық дәуірде өмір сүрген қазақ


81
даласының ұлы ойшылы Асанқайғы жайлы І.Жансүгіров «Асан туралы» (1934)
мақаласында: «Асан сөзінің бізге бағалы болып , тарихи құнды болатындығы -
өзінің әлеуметтік басындағы жалпы ауырмалықты жұрттың қайғысынан
жырлауға тиісті ақылмен деп түсінгендігі».- дей келе, «Асан жазған өлеңінен
сол кездегі қазақ, қырғыз халқының басындағы тарихи уақиғаны, күн көрісті,
тап тартысын, әлеумет қатынасы зерттеуге, сынауға өте бай материал алуға
болады. Асан сөзінің әдебиет үлгісі, мұрасы есебінде көркемдік не түр жағынан
мақтарлық үлгі болмаса да Асан сөзінің маңызынан, ішіндегі келтірген толып
жатқан сол заман бойындағы қайшылық, фактілерден Асан заманы туралы
үлкен керекті қорытынды шығады»[168,350б],- деп Асан қайғы жайлы
мәлімдейді.
Қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, Қазақстан Халық ағарту
ісінің аса көрнекті қайраткері., алғашқы оқулықтардың, оқу құралдарының
авторы, құрастырушысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет