85
ұстанған Қ.Жұбанов оқыту материалдары белгіден белгсізге қарай, жеңілден
ауырға қарай, деректіден дерексізге қарай жүйеленген. Бұл принциптер
оқулықтан айқын көрініс тапқан.
өзінің
грамматикасында талдау мен
жинақтауды сатылы принциппен шебер ұштастыра білген және қазақ тілін
білдіруге
лайықты басқа да тәсілдерді
қолданып,
қазақ
балаларының
психологиялық ерекшелігі мен халыққа тән дәстүрлі тәрбие жолдарын да оқыту
мақстаына лайықтап пайдалана білген. Қ.Жұбанов әрбір пән тек білім беріп
қана қоймайды, сонымен бірге тәрбие де бере алады деген принципте өз
оқулықтарын құраған. ғалымның жарық көрген еңбектері жинақталып өңделіп,
«қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» деген атпен 1966 жылы басылып шықты. Бұл
құнды еңбек бес бөлімді қамтиды. Олар: «Қазақ тілі грамматикасының
мәселелері», «Алфавит,орфография, терминология мәселелері», «Қазақ әдеби
тілі мәселелері», «Мәденит пен өнер мәселесі», «Бағдарлама мен әдістеме
мәселелері». Қ.Жұбанов 1936 жылы «Исследование по казахскому языку.
Заметки о
вспомагательных и сложных глаголах», «Исследование по
казахскомй языку (Из истории порядка слов в казахском предложении)» атты
еңбектері
қазақ
тіл білімінің
дамтыуда
үлкен
ғылыми еңбек болды.
«Исследование по казахскому языку. Заметки о вспомагательных и сложных
глаголах» атты еңбегінің сөзбасында: «Выяснение свойств сложных глаголов
казахского языка имеет поэтому чрезвычайную актуальность и научно, и
практически. Но, при всем этом, и
литературе, посвещенной грамматике
казахского и родственных с ним языков, вопросу этому уделено внимания
весьма недостаточно. Поэтому мы решили посильно осветить этот
вопрос...»[178,6]-деп қазақ тілі грамматикасындағы етістіктердің зерттелу
маңыздылығын көрсетеді. «Исследование по казахскомй языку (Из истории
порядка слов в казахском предложении)»[179,4] атты еңбегінде қазақ тілін білу
тек өзіндік ғылым ретінде зерттелу мәселесін, қазақ тілі туралы ғылымның
жетілук жолдарына мән береді. Жұмыста Кеңес ғылымының тіл туралы жаңаша
зерттеуші Н.Я.Марраның еңбектерін қолдана келе, қазақ сөздерін ХІV-ХV ғғ.
Ежелгі ұйғырлардың заңды құжаттарындағы сөздерімен салыстырған.
Қазақ зиялыларының ішінде фольклордың әр саласын зерттеуге, ән әуез
бен күйлер тарихын тануға деген жалпы талпыныс ХІХ ғасырдың соңғы ширегі
мен ХХ ғасырдың басында бірде-бір үзілмеген.
Оған әсіресе, Шоқанның
зерттеу еңбектері, Абайдың көркем поэзиясы мен қара сөзріндегі ойлар,
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, М.Әуезов тағы басқалардың
шығармашылығы айғақ. Жоғарыда айтылған зиялылар шоғырының ішінде
қазақ халқының мәдениетін, өнері мен әдеби ойының дамуын тарихи тұрғыдан
өзіндік қолтаңбасымен зерттеген, сол арқылы ұлттық мәдениетімізді дамытуға
ерекше еңбек сіңірген адамдардың бірі, профессор Қ.Жұбанов болды. «Сегіз
Мақпал» (1925), «Біз де ұлт театрына қарай маңдайладық» (1926), «Төңкеріс
және ұлт тілі»(1935), «Он үш жас күш» (1935), «Қазақ драма театрының
алғашқы күрделі жеңісі» (1935), «Қазақ музыкасындағы күй
жанрының пайда
болуы жайлы»(1936) сияқты еңбектері ұлттық мәденитіміз бен өнер жайлы
жазлған зерделі зерттеулер болды. Орта Азия халықтары мен Шығыс, Батыс
елдерінің мәдениеті, әдебиеті. өнерінің тарихын терең білген ғұлама ғалым
86
1934 жылы «Абай қазақ әдебиетінің классигі»[180,266] атты еңбегінде Абай
мұрасын тану мен бағалауда дұрыс жол ұстанған Қ.Жұбанов Абайды жазба
әдебиетіміздің
атасы болғандығы,
өлеңдерін,
қарасөздерін тек
қағазға
жазғандығымен ғана емес, жазба әдебиет пен ауыз әдебиетінің арасын
ашқандығы деп баға береді. Қ.Жұбанов әзірбайжан әдебиетінің классигі Мырза
Фатали Ахундовтың шығыс мәдениеті мен ескі халық надандығының әр түріне
қарсы күш жұмсағанын, артына өлмес мұралар қалдырғанан көрсете келіп,
оның әзірбайжан тілінде аса көп жазбағанын ескертеді. Ал,
Абай болса,
шағатай әдебиеті әсерінен де, шағатай әдеби тілі дәстүрінен де біржола
құтылып, өз шығрамаларын сап күмістей таза халықтың әдеби тілінде
жазғанын,ал жазғандарын классикалық әдебиет деңгейіне жеткізе білгенін баса
айтады.Қ.Жұбанов Абайдың қазақ поэзиясының классигі екендігін эстетикалық
талғаммен, терең де нәзік поэтикалық талдаумен дәлелдейді. «Абайдың
өлеңдері бейнелі, суретті келіп, шын мағынасы мен көркемдік шартын орындап
отырады. Сонда Абай образды қолдан жасап, жат кейіп қылып шығармайды.
қазақтың өзіне қашаннан таныс, оны келтіргенде бермекші суретінің бояуын
қандырып, ашып кететін суреттерден алады.... Абай қазақтың мақалын да,
ертегісін де, дінін де, салтын да суретке пайдаланады. Бірақ, осының бәрінде
қазаққа таныс образдардың өзі бұрынғы,құрысып, қатып қалған күйінде
тұрмайды, жүріп кетеді, жан бітеді, жетіліп, өсіп, ашылып, жарқырап кетеді. өз
қалпында қалып қоймай, уақиғаның өзіне біте қайнап, қосылып кетеді.
Мақалдар
Абайда басқа қосарланып, «солай дегендей-ақ» болып жүрмейді,
жанды суретке, қозғалысқа, процеске айналады»[140,133]. «Қазақ музыкасында
күй жанрының пайда болуы»(1936 ) еңбегінде тіл мен тарих деректеріне сүйене
отырып, қазақ өнеріндегі музыка жанрының даму заңдылықтарын, олардың ән,
би, өлең және күй болып жіктелуін, көптеген музыка терминдерінің шығу,
қалыптасу жайын мейлінше терең байыптылықпен, әрі қызғылықты етіп
баяндаған.
«Музыка мәдениетін күшейту ісінде халық
музыкасының
мұраларын тексерудің
маңызы
өте зор.
өйткені, болашақтағы жоғары
мәдениетті музыка мен қолда бар музыка мәдениеті арасының жібі үзілмеуі
керек. қазақтың қалың еңбекшілеріне түсінікті, әсерлі болу үшін жаңа музыка
олардың құлағына жат болмауы керек. Жат болмау үшін өзінде бар музыкаға
бір жағынан байланысты болуы керек...»[181,22],-деп қазақ музыкасына деген
өз көзқарасын білідіріп:«...қазақтың өзі де күйді артықша бағалайды,онда айтып
тұрған әңгіме, сөйлеп тұрған сөз болмаса да, күйлердің
өзінің муызка тілі
халыққа сондай жауын, сондай түсінікті, оны сол тілсіз түрінің өзінде жақсы
таниды...»[181,22б],-деп
қазақ
музыка
жанрының
бір
түрі
күйдің
маңыздылығын айқындайды. Күйдің пайда болу тарихын зерттеуде қандай
материалдар керек екенін көрсетеді:«Бірінші: біздің музыкамыз жайында түрлі
мәдениетті елдердің жазып қалдырған тарихи деректері; екінші: халықтың
музыкаға байланысты тарихи идеологиясы; үшінші: сол идеологияның бірі
болған тіл материалдары. Тіл материалдары дейтініміз-түрліше музыка
терминдері, бұлар мен басқа сөздердің мағынасының арасындағы байланыстар;
төртінші: ең
маңыздысы музыканың өз материалдары, халық
музыка
шығармаларының, күйлердің
өзінің ішкі құрылысын тексеру;бесінші: осы
87
жоғарыда айтылған материалдарды топтағаннан кейін, қазақтың халық музыка
шығармаларын басқа жұрттың
шығармаларымен салыстырып, солармен
арасындағы байланыстары, бір-біріне жасаған ықпалын бірі-бірінің араласып
айқасқанын тексеру»[181,23].
1935 жылы ағарту жөніндегі халық комиссариатының жаңа нарком
келсімісен жедел қолға алыған негізгі шаруаларының бірі-мектеп ісін жақсарту
мәселесі болғандықтан ауыл ауылды
Достарыңызбен бөлісу: