65
Кеңес үкіметі орнағаннан кейін елде жүргізілген
негізгі реформалардың
бірі-сауатсыздықты жою, халықты тегін оқумен қамтамасыз ету шарлары үлкен
қарқынмен, асқан жігермен жүргізілгені мәлім. Сондықтан, кеңес елінің
құрамдас бөлігі ретінде Түркістан Автономиясы Республикасы да бұл
шаралардан сырт қалған жоқ. 1920 жылы 17 қарашада Түркістан АКСР Халық
Комиссарлар Кеңесі «Тұрғындар арасында сауатсыздықты жою туралы»
декретін шығарды. Декреттің тезірек жүзеге асуы үшін С.Асфендияровтың
басшылығымен 1920 жылдың 11 желтоқсанында төтенше комиссия құрылады.
Комиссияның міндеті 8 бен 40 жас аралығындағы бүкіл Түркістан халқын тез
арада әрі белгілі жүйемен сауаттандыру болып табылады. Бұл мақсатқа жету
үшін:
а)педагог мамандарды даярлау;
б)оқу құралдарын шығару;
в)сауатсыздардың
және
оларды
оқытатындардың
тізімін
жасау
белгіленді[150]
1919 жылы Түркістан Республикасының
Денсаулық
сақтау халық
Комиссары болып тағайындалып, 1920 жылға дейін жұмыс істейді. Сөйтіп сол
кездегі қиын да, жауапты жұмысты атқаруға құлышна кіріседі. Түркістанда
жоғары білімді, арнаулы орта білімді медмицина мамандары жоқтығынан аса
ауыр жауапкершілік С.Асфендияровқа жүктелді. Түркістан
республикасында
Денсаулық сақтау комиссары қызметін атқарған кезде облыстық, аудандық
және ауылдық бөлімшелерін жаңа медициналық құралдармен жабдықтауға,
дәрі-дәрмекпен
қамтамасыз етуге, санитарлық
жұмыстарды жақсартуға,
жергілікті ұлт өкілдерімен дәрігер мамандарын дайындауға ерекше көңіл
бөледі. Іскер, білімді, өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайтын
С.Асфендияровты Түркістан өкіметі жауапты жерлерде үлкен сеніммен жіберіп
отырған. Бұл кездегі ең жауапты қызметтердің бірі-1918-1920 жылдары
Түркістанның қатты күйзелген шаруашылығын қалпына келтіру еді. 1920 жылы
Түркістан Атқару комитетінің президиум мүшесі болып сайланады. 1921 жылы
Түркістан халық комиссары кеңесі төрағасының орынбасары болады. 1923
жылы жер-су комиссары қызметіне сайланды. өзіне
сеніп тапсырылған өте
жауапты бұл жұмысты орындалуда ол өзінің іскерлігін, ұйымдастырушылық
қабілетін танытады. Ауыл шарушылығында шешілмей жатқан ірі мәселлерді
көтереді. Түркістан Республикасында
өзбек
қыстақтарын және
қазақ,
қарақалпақ, қырғыз ауылдарын аралайды. Шаруашылық, мәдениет, ел тарихы,
халықты отырықшылыққа шақыру сияқты күрделі мәселелерге арнап құнды
мақалалар жазады. 1924 жылы Түркістан Атқару комитеті президиумы
мүшелігіне сайланады. Сол жылы ол Орталық Комитетінің Орта Азия
жөніндегі бюро мүшесі болып қызмет істейді. Бір жылдан кейін (1925) ВЦИК
секретарының орынбасары және Президиумы мүшелігіне сайланады. 1927
жылы ғылыми жұмысқа араласқан С.Асфендияров Н.Н.Нариманов
атындағы
Шығыстану институтының директорлығына тағайындалады. Осы тұста Мәскеу
мемлекеттік университетінің Шығыс тарихы бойынша профессоры болды.
Осында бірқатар ғылыми шолулары және ғылыми еңбектері, мақалалары
66
журналдарда басылып шығады. өз ана тілін, қазақ тілін жете білумен қатар
орыс,ағылшын,неміс,француз және араб тілдерін де жақсы білген.
1926 жылы «Власть Советов» журналның редколлегия мүшесі болады.
1928 жылы қазақстан өкіметінің шаруымен Алматыға қызметке ауысады.
Мұнда ол 1928-1937 жылдар аралығында Абай атындағы институттың,
кейінірек Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры, Алматы медицина
институтының директоры, Қазақстан Денсаулық сақтау
халық комиссары,
ағарту жұмыстары халық комиссары, қазақ ұлттық мәдениет ғылыми зерттеу
институтында тарих секторының жетекшісі, ғылым Академиясының қазақстан
филиалы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
С.Асфендияров халық шаруашыллығы және басқа салаларында қызмет
атқаратын кадрларды дайындауды республиканың өз ішінде жолға қоюға үлкен
көңіл бөлді. 1929 жылы Алматыда зоотехникалық–мал дәрігерлік, ал 1930
жылы ауыл-шаруашылығы институттарының ірге тасын қалады. Оның тікелей
басшылығымен 1931 жылы Алматыда қазақтың медициналық институты
ашылды. Оның тұңғыш директоры да өзі болған.
Абай атындағы қазақ
педагогика
институтында
тарих
кафдерасын
меңгерген
жылдары
С.Асфендияров өзіне дейін жазылған тарихи әдебиеттерді құрыстырып оған
сын көзбен қарап қазақ халқының тарихын жасау мәселесін көтерді. Бұл туралы
1933 жылы «Большевик Казахстана» журналында мақала жариялады. «қазақтар
тарихын, мен үш кезеңге бөлемін: а) бірінші кезең-капитализмге дейінгі даму
(ХVІІІ ғасырға дейін); ә)екінші – отарлық кезеңі [86,8] ғылыми кеңестер мен
жиналыстарда, конференцияларда жасаған баяндамаларында қазақ халқының
тарихын терең зерттеп, оқулықа дайындау мәселесін 1933 жылы күн тәртібіне
қойған. Ол
өзіне дейін жазылған
қазақ
халқының
тарихына
қатысты
жұмыстарды зер сала отырып, ғылыми тұрғыдан талдайды. Профессор
қоғамдық ғылымдағы аса күрделі тақырып ұлт
және ұлттық қатынастар, тіл
және ұлттық тіл мәселелерін зерттеуде республикада ең алғаш қалам тартқан
ғалым болды. оның 1928 жыл жазылған «Ұлт мәселесі және тіл туралы жаңа
ілім деген мақаласы жарық көреді. Республика халық ағарту комиссариатының
тапсыру мен орта мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындары-институттар
мен университеттердің студенттеріне арнап «қазақ тарихының деректері» деген
оқулық жазған. Бұл республика тарихына байланысты тұңғыш құнды кітап еді.
Бұдан тыс қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, «Шығыстың
ұлттық революциялық қозғалыстар тарихы» деген кітаптары да баспадын
шығып, халық ағарту комиссариатының арнайы қаулысымен орта мектепке
арналған оқулық ретінде бектіліп, 1935 жылы таратылады. С.Асфендияровтың
тарихы ғылымына қосқан үлесі оның жаңа ғылымның ірге тасын қалауы болды.
1933 жылы Қазақстан жоспарлау комитетінің айына
бір рет шығатын
саяси-экономикалық
«Народное
хозяйство
Казахстана»
журналының
редколлегия мүшесі болады. 1938 жылы «Халық жауы» деген жаламен түрмеге
жабылады. Елміздің басқа да мыңдаған көрнекті мемлекет және қоғам
қайраткерлері сиқяты жалған жаламен ерте
қаза тапты. Жеке басқа
табынушылық әшкереленгеннен кейін С.Асфендияровтың есімі ақталды.