96
көрсетліген «Қазақстан-2030» бағдарламасында: «Әрбір халық өз тарихын,
философиясын білмейінше, оған белгілі бір көзақараста болмайынша ешқандай
мәдениеттің дамуы мүмкін емес»[201] деуінен мәдениеттің, салт-дәстүрдің,
тәлім-тәрбиенің, әдебиеттің дамып өзгеруі қоғамының дамуы өзгеруімен және
әлеуметтік
қоғамның
дамып
өзгеруімен
тығыз байланысты.
Осыған
байланысты халқының мәдениеті, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын,
өнерін сүю арқылы нағыз мәдениетті маман даярлау да бүгінгі күннің
көкейкесті мәселесіне айналуда.
ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының идеологиялық өкілдері рөлін
атқарған қазақ ұлттық-демокартиялық интеллигенциясы өзінің алдына халықын
дағдылы санадан бостандықтың, тәуелсіздіктің ең жоғары мұраттарына
бастайтын нақты жолды міндет етіп қойды. Олар өз халқына тәуелсіздік және
отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресте көмектесуге ұмтылды,
әрбір адам мен әрбір халықтың жеке бостандыққа және бүкіл азамат
мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол
жеткізу құқығы сиқяты
жалпы азаматтық қазыналар жолында күресті. Халықтың санасын біртұтас
саяси, әлуеметтік ұлттық санаға жеткіздуде ұлы тарихи міндеттер қазақ
зиялыларға жүктелді.
Республикамызда қазіргі күні рухани салада жүріп жатқан сананың
жаңаруы, адами
құндылықтарды
қайта бағамдау
үрдістері нәтижесінде
ғасырлар бойы жинақталып, өткеннің тарихынан бізге жеткен тәлім-тәрбиелік
мол мұраларын болашақ ұрпақты тәрбиелеуге пайдаланудың мүмкіндігі туып
отыр.
Біздің елдегі саяси-әлеуметтік, мәдени-этникалық және басқа да болып
жатқан өзгерістер тәрбие үрдісінің мазмұны мен халыққа білім берудің
түбегейлі өзгерістерінің болуына мүмкіндік туғызды. Мәдени-этникалық білім
берудің бірегей мақсаты болып рухани байлыққа бағытталған қатынас
саласында ұлы тұлғалардың мұраларын оқыту арқылы адамды тәрбиелеу болып
табылады. Бұл мақсат өз кезегінде жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесінде кейбір
өзгерістерді талап етеді. Осы ретте өткен жылдардағы рухани тұлғалардың
көзқарастарын тәрбиелік және кешенді мағынасының рөлі зор.
Ғасырлар тоғысында бүкіл өркениетті адамзат өткеннің қорытындысын,
бүгінгісі
мен
ертеңгі
болашағын
ерекше
бағалауда.
Мемлекеттік
институттардың ішінде, әсіресе білім беру жүйесіне баса көңіл аударылатыны
белгілі. Білім беру, дамыған мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей, олардың
экономикалық, саяси және мәдени өркендеуін қамтамсыз етеді.
Педагогика ғылымы тарапынан бүгінгі күн талабына сай халықтың
өткендегі бай мәдени мұрасын, педагогикалық
ой-пікірлер
саласында
жинақталған барлық құнды идеяларды зерттеп, пайдаланудың маңызы зор
екендігі анық. өйткені, қай кезеңде болсын ұлт өмірін өркендетуші саналы да
салауатты, ұлтжанды, мәдени-ғылыми ой-өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу-әрбір
қоғамның басты міндеті саналғаны мәлім. Ал, әрбір қоғам өзінен бұрынғы аға
буынның ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.
Қоғамымыздағы жаңару
үрдістері
өткен тарихымызды объективті
тұрғыдан дұрыс бағалауға, мәдени
құрылыс
саласында, оның
ішінде
97
педагогикалық білім беру мен ағарту тарихында ақтаңдақ болып келген дара
тұлғалардың еңбектерін жаңаша зерделеп, білім беру ісін реформалау мен
ғылыми тұжырымдарды негіздеуге
қолайлы жағдайлар туғызып отыр.
Сондықтан да олардың педагогикалық мұраларының бүгінгі таңда ғылыми-
практикалық құндылығы жоғары. Педагогкиалық мұраларды ғылыми тұрғыдан
зерттеп, зерделеп, оқу-рәбие үрдісінде пайдалану оқу үрдісінде тәлімдік
қасиеттерді дамытуға деп қояды.
Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе, ХХ
ғасырдың 30-
жылдарындағы тарихымызға белгілі сталинизм дәуірінде тарихи дүние
танымымызда орны бос «ақ таңдақтарға» айналғаны белгілі. Сол шырмаудың
ортасында кеткен қазақтың біртуар азаматтары жазықсыз жазаланған. Туған
халқының ұлтжанды патриоттары болған қазақ зиялылары
халқын қандай
өкімет билегеніне қарамастан, оның жарқын болашағын армандап, соның
қамын тереңнен ойлап, сол жолда адал ықзмет атқарған қайраткерлер болды.
қазақтың беделді де білгір зиялылары қазақ халқының оқу-ағарту саласына,
өнеріне, қазақ елінің мемлекет болып қалыптасуына өз үлестерін қосқанын
болашақ ұрпақтың педагогикалық білімі мен көзқарасын дамытуға саяси
қуғын-сүргін
құрбандары болған
қазақ
зиялыларының
педагогикалық
көзқарастарын болашақ ұстаздарға отандық педагогика тарихы саласынан
мазмұнды білім алып, оның тарихи тәжірибесін қазіргі кезеңдегі жаңарту
үрдісінде
ұтымды
пайдалана білу мақсатында
қосымша арнайы курс
бағдарламасын жасау қажеттілігін тудырды(2-кесте).
Арнайы курстың негізгі бағыты
-
педагогика ғылымы теориясын нақты
және құнды идеяларымен байыту, сол арқылы отандық педагогиканы дамытуға
үлес қосқан қазақ зиялыларының орнын айқындау.
Арнайы курстың мақсаты
Достарыңызбен бөлісу: