Болат әбдікәрімұлы асаубаева ақГҮл кенжебекқызы саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары



Pdf көрінісі
бет36/45
Дата26.07.2023
өлшемі1,25 Mb.
#104812
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45
8. Профессор С.Ж. Асфендияров.
Қазақстаннның жоғары мектеп пен ғылымын ұйымдастырушы, беделді
мемлекет қайраткері С.Асфендияров; ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында орын
алған зомбылық заманында құрбан болған С.Асфендияровтың өмір жолы мен
мемлекеттік, ғылыми-педагогикалық қызметі; қазақ елінің тарихын тұңғыш
жазушы профессор; Жоғары кәсіптік
ғылыми кадрларды дайындауды
ұйымдастырушы; ғұлама ғалым және ғылым Академиясы; С.Асфендияров
елжандылық
тәрбие туралы; С.Асфендияров оқу
әдебиетін
құрушы;
«Қазақстанның тарихи очеркі» оқу құралы;
9. Н.Төреқұлов-қазақтың тұңғыш дипломаты.
Н.Төреқұловтың өмірі мен еңбек жодарының кезеңдері; Публицист және
қоғам
қайраткері; 
Н.Төреқұлов-тарихшы; 
Түркістан 
Автономиялық
Республикасы және Н.Төреқұлов; 1917 ж. І жалпықазақтық съезінің делегаты;
Н.Төреқұлов және баспасөз қызметі; Полиглот Нәзір; Дипломатиялық қызметке
көтерілген тұңғыш қазақ азаматы; Н.Төреқұловтың ағартушылық қызметі;
ғылыми-педагогикалық еңбектері; Н.Төреқұлов жолдастың «Ұлт мәселесі мен
мектеп» атты баяндама сипаты; «Әдебиетімізге көз салу» мен «Жат сөздер
туралы (1926) атты мақалалардың танымдық мәні;


103
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен зерттеу барысында жасалынған жұмыстар негізінде төмендегідей
қорытынды жасауға мүмкіндік берді:
1 Қазіргі Егемен Қазақстан жағдайында жалпы білім беретін мектеп және
педагогикалық жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруде
ұлттық құндылықтарымызды зерттеу нысанасы тұрғысында назар аудару өте
орынды да қажет болып табылады.
2 Қазақстан Республикасының тәуелсіздік ел болуына байланысты
болашақ ұрпақты өз халқының тарихи, мәдени, рухани асыл мұралары арқылы
тәрбиелеу бүгінгі
қоғамның өзекті мәселесі екені анықталып, зерттеу
тақырыбының көкейкестілігі дәлелденді;
3 ХХ ғасырдың 30-жылдары саяси қуғынға ұшыраған қазақ зиялыларының
пеадгогикалық
көзқарастарының қалыптасып дамуына талдау жасалып,
алғашқы ағартушы-Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин шығармаларын
нәр алған қазақ зиялылары өз білімдерін халық игілігне жұмасауға бағытталған.
4 30-жылдары біршама қазақ зиялыларының шығармашылық ізденістері
қазақ мектептері мен жоғары педагогикалық оқу орындарында білім берудің
мазмұнын анықтауда, оқу жұмысын ұйымдастырудың жаңа түрлері мен
әдістерін енгізуде және республикада ұлттық педагогикалық кадрларды
қалыптастыруда біршама тәжірибе жинақталды.
5 Саяси куғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялыларының көрнекті өкілдері
сол кезде тұңғыш рет республика жоғары педагогикалық оқу орындары мен
мектептеріне 
арнап, 
оқулықтар 
мен 
оқу-әдістемелік
құралдар, 
оқу
бағдралмаларын, оқытудың әдістері мен қағиадаларын зерттеп, жасауға белсене
қатысқан.
6
Саяси
қуғын-сүргін
құрбандары 
болған
қазақ
зиялыларының
педагогикалық еңбектері мен білім беру саласындағы қызметтерін мұрағат
және сирек ккездесетін қолжазба материалдары негізінде арнайы қаралып,
қазақ
зиялыларының қазақстандағы 30-жылдары оқу-ағарту науқанында
өздерінің білімдері мен мүмкіндіктерін жоғары екенін дәлелдейді.
7
«Саяси
қуғын-сүргін
құрбандары болған
қазақ
зиялыларының
педагогикалық
көзқарастары (1930-1938 ж.ж)» атты арнайы курстың
бағдарламасы бойынша жүргізілген жұмыс болашақ мұғалімдердің ұлттық
педагогика бағытындағы білім ауқымын кеңейтуге көмектеседі.;
Біз, зерттелу тақырыбы бойынша саяси куғын-сүргін құрбандары болған
қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастарын жан-жақты толықтай
қарастырдық деген ойдан аулақпыз. өйткені, осындай мәнді де маңызды
мәселені бір ғана диссертациялық жұмыс көлеміне сыйдыру мүмкін емес.
Дегенмен, мұрағат материалдары,
әдеби-педагогикалық
көздер негізінде
зерттеу жұмысымыздың мақсаты орындалды деп есептейміз.


104


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет