Болат мырзалиев


Keywords: reflection, functional literacy, professional knowledge, components provided. КІРІСПЕ



Pdf көрінісі
бет103/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   395
Keywords: reflection, functional literacy, professional knowledge, components provided.
КІРІСПЕ
Балалық  шақтағы  инстинкттердің  пайда  бо-
луының  негізгі  нысаны  қызығушылық  болып 
табылады.  Оқушы  өмірінде  қызығушылықтың 
әмбебап  мағынасы  бар.  Қызығушылық  дегені-
міздің  өзі  баланың  жүйке  жүйесінің  белгілі  бір 
нәрсеге айрықша бағытталуы. Сонымен қызығу 
бала мінез – құлқының табиғи қозғаушы күші,ол 
инстинктивті ұмтылыстың нақты көрінісі әрі бала 
іс  –  әрекеті  оның  органикалық  талаптарымен 
ұштасып жататын көрсетеді. Міне сондықтан да 
негізгі  қағида  бүкіл  тәрбие  жүйесі  мен  барлық 
оқу  үдерісін  балалардың  қызығушылығын  дәл 
ескеріп  құруды  талап  етеді.  Психология  заңы 
былай мәлімдейді: сіз оқушыны қандайда бір іс 
– әрекетке шақырмас бұрын, оны сол әрекетке 
қызықтырыңыз, оның осы әрекетке дайындығын 
ескертіңіз, баланың барлық күш – жігері сол әре-
кеттің қажеттілігіне жұмылдырылғанын анықта-
ңыз, одан әрі оқушы өзі әрекет жасайды мұғалім 
оны тек бағыттап отырса жеткілікті.
Қызығушылықтың тіпті сыртқы мимикасының 
өзі ағзаның белгілі бір іс – әрекетке дайындығын 
білдіреді, әрі қанағаттану сезімімен астасып жа-
тады. Кімде-кім қызыға тыңдаса ол демін ішіне 
тарта, құлағын әңгімелеушіге бұрып, одан көзін 
алмайды,  басқа  барлық  жұмысы  мен  қозғалы-
сын  тоқтатады.  Бұл  ағзаның  бір  нысанға  толық 
жиналғанын, оның бір әрекет түріне айналғанын 
анық көрінісі. Дегенмен қызықтыру мақсатында 
сабаққа қатысы жоқ фокусты қолданудан өте сақ 
болған жөн, өйткені ол дәрістің негізгі мақсаты-
нан ауытқып кетуге балалардың назарын мүлде 
басқа арнаға бұрып жіберуі мүмкін. Мысалы; та-
рих сабағында күлдіргі әңгіме айтып оқушылар-
дың қызығушылығын оятуға болады бірақ – бұл 
тарих пәніне деген қызығушылық емес, күлдіргі 
әңгімеге деген қызығуға үйлесіп кетеді [Выготс-
кий Л.С., 1991].
Сондай-ақ бала бойында егер белгілі бір пән-
нен жақсы баға алса, оның қалауындағы затын 
сатып әперетін ата- аналар практикасы да бар, 
бұл жағдайда да бала әлгі пәнге емес материал-
дық  затқа  деген  қызығушылығы  басым  болып, 
оның өзі «жалған қызығу» болып шығады. Жал-
пы алғанда баланы мектепте марапаттау немесе 
жазалау  арқылы  ынталандыру  залалды  нәрсе. 
Себебі ол біз қалаған іс – әрекет түрткісін туғыза 
алмайды,өйткені ол одан әлдеқайда басым қы-
зығушылықтар  туғызады  ды,  сырттай  алғанда 
мұның өзі балада біз қалағандай құлыққа мәж-
бүрлейді, бірақ іштей оны мүлде өзгеріссіз бей-
жай қалдырады. «Жазалау құлдық психологияны 
тәрбиелейді» – деген ежелден келе жатқан ере-
же  дұрыс,  өйткені  жаза  тек  одан  қорыққаннан 
ғана өз мінез- құлқын бағыттауға әкеледі. Жаза 
тез  нәтиже  бергенмен  ішкі  инстинкттерді  тәр-
биелеуді тежеп қояды.Баланы ұрып – соғу арқы-


64
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
лы белгілі болған жаман бір әдетін тыйуға бола-
ды,әйткенмен оның орнына жаңа жаман әдетті 
яғни  қорқынышқа  бағыну  әдетін  пайда  етеміз. 
Сонымен  қызығу  тек  қызығу  пайда  болу  мақ-
сатын көздемей дұрыс бағытталған болуы тиіс. 
Яғни әрқашан баланың табиғи қызығушылығын 
оятуға ұмтылуымыз қажет. Өзіндік мақсатта сол 
яки баланың бойында өмір бойы орнығып қала-
тын қызығушылықтарды ояту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет